Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по каз.яз.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

Портландцемент және композиционды цементтер

Күл және отынды қождарды портландцемент клинкерінің және активті минералдарда шикізат компоненті ретінде, сондай-ақ композиционды күлді және қожды цементте қолданады. Күлді - қож қалдықтарының бағасын шикізат қоспасының компонеті ретінде силикатты модульдің шартты мәні бойынша анықтайды. Клинкер өндірісінде жоғары техникалық-экономикалық көрсеткішке құрғақ күл қолдану арқылы ие болуға болады. Күлдің құрамында 10 % аралығында отынның жанбай қалған қалдықтарының болуы цемент өнеркәсібінде өте бағалы. Яғни, бұл 1 млн. тонна күлді шикізат компоненті ретінде қолданғанда, цемент өнеркәсібі қосымша 100 мың тонна отын алады. Күлде су саздан аз болғандықтан, оны шикізат құрамына қолдану шламның ылғалдылығын 33-34% , отынның шығынын 7-10% төмендетеді және айналмалы пештердің өнімділігін жоғарылатады.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2.Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, сабақтас құрмаласқа айналдырыңыздар.

3.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ.Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.

2.Ш.А.Жетпісбай, А.Ә. Ботабек, Г.С.Байпелова, Ғ.М.Әбілқасов, Г.Қ. Сағатова. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

3.А.Ә.Ботабек, Г.Қ.Сағатова. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ

Әңгіме. Цемент туралы түсінік және оның пайдасы.

СОӨЖ

1.Сабақтас құрмалас сөйлем туралы слайд-сабақ жасау. 2. Жаттығулар орындау. 3.Тест тапсырмаларын орындау.

13-тақырып Ағаш - дизайн элементі ретінде.

Төл сөз және төлеу сөз.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

Ағаш - дизайн элементі ретінде

Ішкі көріністің дизайны елеулі дәрежеде ғимараттың жалпы сипаттамасына — оның тағайындалуына, пайдаланылған материалдар мен конструкцияларына байланысты болады. Ағаштық құрылыста ішкі көрініс әдетте толығынан ағашты нұсқада орындалады немесе ағашталшықты плита, пластиктер, сылақты қаптағыш материалдарды қолданады, ал тасты ғимараттарда ағашты жабылым, еден, қабырғалардың біраз бөлігі, есіктер, саты, қалқалы қондырғылар, жабдықтар мен жиһаздар ретінде қолданып жүр. Ал соңғы жылдары ағашты ішкі көріністе қолдану тіпті сәнге айналып барады. Бұл ретте ағаштың тек өзіне ғана тән текстура мен түсі сияқты қасиеттері үлкен маңыздылыққа жетіп отыр.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздерді аударыңыздар.

Ішкі, елеулі, дәреже, сипаттама, жабылым, саты, маңыздылық, тағайындалу, нұсқа, сылақ, қалқалы қондырғы, жабдық, көрініс, ғимарат, қаптағыш, еден, қондырғы, жиһаз, сән, түс, жету.

1.Мәтінді аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.

4.Қолдану етістігін өткен шақ формасында жіктеңіздер.

5.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ.Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.

2.Ш.А.Жетпісбай, А.Ә. Ботабек, Г.С.Байпелова, Ғ.М.Әбілқасов, Г.Қ. Сағатова. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

3.А.Ә.Ботабек, Г.Қ.Сағатова. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ

Әңгіме. Жиһаз туралы мағлұмат

СОӨЖ

1.Сабақтас құрмалас сөйлем (қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты). Жаттығулар орындау.2.Сөйлемдер талдау. 3.Тест.

14-тақырып Аралық тест. Ағашты көркемдеу.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.