Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по каз.яз.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

ІІІ СЕМЕСТР

1-тақырып Қ.И.Сәтбаев – тұңғыш академик.

Шылаулар.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик

(1899-1964)

Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.

Қаныш бала кезінен өте алғыр, зерек болған. Ол Румидің, Хафиздің, Жәмидің, Науаидің өлеңдерін жатқа білді. "Жүсіп-Зылиха", "Ләйлі-Мәжнүн" сияқты дастандарды оқыды. Әкесі Имантай бір ауылға би болған. Ол Қанышты кітап оқуға және ән-жырға баулыды.

Ғалымның Қазақстанда болмаған жері жоқ десе де болғандай. Қарсақпай мен Жезқазған мыс кенін, Екібастұз көмірін ашты, содан соң-ақ ол жерлерде зор зауыттары мен комбинаттары бар қалалар орнады. Қаныш Қазақстанның кен қорларының картасын жасады. Ол Ұлытауда Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған белгі тасын тапқан, қазір бұл тас Эрмитажда сақтаулы. Сәтбаевтың бастауымен Ғылым академиясының құрылысы басталды. Ол академия үйінің алғашқы кірпішін қалады. Қ.Сәтбаев ғылым үшін көп еңбек сіңірді. Ол 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді. Қ.Сәтбаевтің құрметіне жаңа минерал-Сәтбаев деп аталды. Алматы қаласындағы №56 мектепке Қ.Сәтбаев есімі берілді, оның атында көше бар. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың іске асуына қатысымдық тұлға ретінде мәтін негіз болғандықтан, Қ.Сәтбаевтың өмірбаянына арналған мәтіннен ғалым бойындағы отанына, жеріне деген ерекше сүйіспеншілігін тіл үйренуші студенттердің бойына дарыту, одан үлгі алуға үйрету болып табылады. Мәтін студенттерді кітап оқи білуге, поэзияны, жерін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға тәрбиелейді.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар..

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыздар.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.

2.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы

ҚарМТУ, 2002,

3.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

СӨЖ

1.Реферат: Қаныш Сәтбаев – тұңғыш академик.

СОӨЖ

1.Шылау түрлерін қайталап, сөйлемдер құрап жазу. 2.Жаттығулар орындау. 3.Тест жұмыстарын орындау.

2-тақырып Инженерлік геология.

Септеуліктер.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОЛОГИЯ.

Инженерлік геология жер қыртысының бетін әр түрлі инженерлік құрылыстар салуға байланысты зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Инженерлік геология бүкіл құрылыс пен оның жеке құрылмалық /конструкциялық/ бөліктері – іргетастары орналасатын орындарды зерттейді. Бұл орындарды зерттеуде қолданылатын құралдар: теодолит, невилир. Белгілі ауданды шаруашылық мақсаттарымен игеріп, пайдалы қазба кендеріндегі тау-кен жұмыстарын жүргізеді. Құрылыстың орнықтылығы мен оларды үздіксіз тиімді пайдалану шараларын белгілейді. Салынған құрылыстарды пайдаланудан оларға әсер ететін табиғи жағдайлардың келешекте өзгеру мүмкіндігін болжайды.

Инженерлік геология құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану істерін тау жыныстарының түрлі қасиеттері жөніндегі деректермен қамтамасыз етеді. Олар құрылысшыларға берілетін белгілі аудандардың құрамына енеді. Осы мақсаттарды орындау жолында инженерлік геология жер қыртысын зерттегенде геологиялық әдістермен қатар техника, химия, механика, топырақтану, петрология, геофизика, геохимия сияқты геология ғылымының салаларымен тығыз байланыста болады.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, түрлерін анықтаңыздар.

5. Зерттейді, болжайды сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.

2.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы

ҚарМТУ, 2002,

3.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

СӨЖ

Сұхбат. Инженерлік геология құрылысқа не үшін қажет?

СОӨЖ

1.Септеуліктерді қайталап, сөйлемдер құрап жазу. 2.Жаттығулар орындау. 3.Суретпен жұмыс.

3-тақырып Құм. Демеуліктер.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

ҚҰМ

Құмның қиыршықтары /ірілігі 0,05 + 2,0мм/ көбінесе суға жөнді ерімейтін, механикалық берік минералдан тұрады. Оның құрамында көбінесе кварц, дала шпаты, магнетит, циркон т.б. болады. Теңіздік құмдар біркелкі жазық жатады. Шөлдік және өзендік құмдар қиғаш шалыс жатысты келеді. Сонымен қатар түсі де әр түрлі болуы мүмкін. Темір тотығына боялған құм қоңырқай – сарғыш, глауконитке араласқан құм сұрғылт жасыл, көмір араласқан құм қара болады. Кейбір жағдайда таза ақ кварц құмдар немесе дала шпатты таза аркос деген құмдар болады. Құм ішінде кейде кен минералдары – алтын, платина, касситерит, вольфрамит, корунт, алмаз т.б. кездеседі. Құм құрылыс материалы ретінде қолданылады, кейде ғимараттардың, іргетастардың топырақты негіздерін құрайды.

Тапсырмалар.

1.Жаңа сөздерді көшіріп жазып,аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтінді аударыңыздар.

4.Құмның түрлерін айтып беріңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана, Таным, 2003.

2.Г.М.Нұрғожина, А.А.Ақынжанова, Э.Қ.Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, ҚарМТУ, 2001.

3.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

СӨЖ

Сұхбат. Қарағандының атақты құрылысшылары.

СОӨЖ.

1.Демеулік және оның түрлерін қайталау. 2.Демеулік түрлеріне жаттығулар орындау. 3.Тест жұмыстарын орындау.

4-тақырып Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ.

Одағай. Еліктеу сөздер.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.