Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая работа.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
85.65 Кб
Скачать
  1. Бухгалтерлік баланс аудиті

2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары

Бухгалтерлік  баланс элементерінің дұрыстығына аудит жүргізу келесі кезектілік бойынша жүзеге асады: Бухгалтерлік баланс – Бас кітап – журнал – ордерлер және басқа да есеп регистрлары – алғашқы құжаттар.

К.Д. Биримкулова «Аудит: Проблемы и решения» атты еңбегінде былай жазады: «Баланстан бастап алғашқы құжаттарға жеткеннен кейін аудитор соңынан бастап қайта тексереді. Алғашқы құжаттардың түпнұсқалылығына және дұрыс толтырылуына көз жеткізгеннен кейін аудитор бухгалтерлік баланс пен Бас кітапты толтыру үшін негіз болып табылатын жинақтаушы және топтастырылған ведомостілер, есеп регистрларының дұрыс толтырылғанын тексереді».

Қаржылық есеп  берудің аудиттік тексерісі белгілі  бір тәртіппен құрылады. Көбінесе « жалпыдан жеке» тәртібі қолданылады. Әр аудитор өз жұмысының тәртібін  жеке таңдайды, ол тексеріліп жатқан субъектінің ерекшеліктеріне және клиенттің келісім шартына байланысты.

        Аудит есептік форманың жалпы жиынтығынан тұрады, яғни, нәтижесінде реквизиттің дұрыс және толық толтырылуын анықтайтын, сондай – ақ, бекітілген есептеме формаларында жеке өзгерістердің болмауын және айтылмаған түзетулердің, тазалаулардың, түртпелердің, тексттер мен сандардың түзетулерінің жоғына көз жеткізіп, нақты тексеріс жүргізуі тиіс. Бәрінен бұрын форманың адресті бөлімінің толтырылуына мән берілуі қажет. Мұнда басты құжаттармен сәйкес шаруашылық субъектінің толық аталуы көрсетілуі қажет, ал берілген қызмет түрін лицензиялау кезінде шаруашылық субъектінің лицензиясының барын және қызмет ету мерзімін тексеру қажет. Сонымен қатар, басты құжаттарда субъект: «... заңды түрде рұқсат етілген басқа да қызметтермен айналысуына болады» деген жазу, мысалы, телевизор өндірісімен айналысатын акционерлік қоғамға бағалы қағаздар операциясымен айналысуға мүмкіндік бермейді. Шаруашылық субъектінің қызмет түрін анықтау оның негізгі және қосалқы қызметтерден табысы мен шығысы дұрыс шектелуі қажет.

        Содан соң, форма бойынша есептің дұрыс  толтырылуын тексеріп, шотық тексеріс  жүргізу, яғни, қорытынды көрсеткіштердің  арифметикалық есептелуінің дұрыстығын, олардың салыстырылуы мен байланысын, қаржы есептемесінің түрлі формасында бейнеленгенін тексеру қажет.

        Ерекше мәнді  келесі негізгі кезеңдерге негізделген  бухгалтерлік баланстың дұрыс  құрылуына береді:

  • есептік кезең басындағы бухгалтерлік баланстың берілген мәліметтері болашақ кезең баланстардың берілгендеріне сәйкес болуы. Есепті кезеңдердің бастапқы балансын болашақ жыл есебімен салыстырғандағы өзгерістерге сәйкесінше түсініктеме жасалуы қажет;

  • есептік кезең аяғындағы бухгалтерлік баланстың берілген баптары инвентаризация нәтижесіне негізделуі тиіс;

  • қаржылық, салықтық органдардың, банктік бөлімдердің есептемесі бойынша бухгалтерлік баланс баптарының сомасы олармен теңдестірілуі тиіс;

  • қорытынды бухгалтерлік баланстың берілген мәліметтері айналым және Бас кітап шоттары бойынша қалдықтарға немесе есептік кезең аяғына бухгалтерлік есептің басқа да регистріне сәйкес болуы;

  • есепті кезең басына және аяғына баланстың берілген мәліметтері салыстырылуы қажет. Бастапқы және қорытынды баланс баптарының қалыптасу методологиясындағы кез – келген өзгерісте түсіндірілуі қажет.

    Бухгалтерлік баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдісі. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвестиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның  құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, қоғам тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы қоғамның алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.

Аудит тұрғысынан бухгалтерлік балансты  тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға аудитор бір жылдық  жұмыс қорытынылығын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін қаржылық есептерді түгелдей тексеруе міндетті. Бухгалтерлік балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын  жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін “Бас кітап” көрсеткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазуды салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есеп тізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу құжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының  құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік баланс аудитін талдау үшін  оның жеке баптарына тоқталып бастауды  жөн көрдім. Кәсіпорынның баланс мәліметтеріне сүйеніп қарасақ, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау – тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексерілді. Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС , 28 БЕС, ҚР – ң «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық – нормативтік актілерді басшылыққа алған. Жалпы, материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс- жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепте ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

      «Ұлар» ЖШС –гі  негізгі  құралдар  аудитінде  колданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  қарастырылады. Бұл әсіресе кәсіпорын қандай есеп  формасын  таңдаған, содан    көрінеді. Мысалы: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілдері. Есептің  кез-келген формасында кәсіпорынның    негізгі  құралдары  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

   «Ұлар» ЖШС –гі  негізгі  құралдарының  қозғалысы мен  олардың  тозуының  синтетикалық  есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде  жүргізіледі, бірақ қазіргі таңда    компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  қолданғасын олар   01, 02  шоттары  бойынша  дебеттік  және  кредиттік  айналымдар  машинаграммосында  жүргізіледі.

   Кәсіпорынның  негізгі  құралдар  есебінің  аудитінің  негізгі  бағыттары  келесілерді  қамтамасыз  ету  керек:

  • негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын бухгалтерлік баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

  • негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;

  • мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

  • негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

  • негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;

  • бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелілігі;

  • негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі т.б.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэффиценттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.

Бухгалтерлік балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]