Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая работа.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы (жүйелі түрде) тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде «баланс» деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.

Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама – қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:

Σ Α = Σ MK + M.

Бухгалтерлік баланс көптеген қаржылық коэффициенттерді (өтімділік, қаржылық оралымдылық, орнын толтыру коэффициенті) есептеуге негіз болады. Сонымен бірге баланс кәсіпорын өндірісін және оның жаңа өндірістерді игеру саясатын бағалауға, сондай – ақ активтерін бағалауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік баланстың төмендегі түрлерін (типтерін) ажыратып көрсетуге болады:

Кәсіпорын қызметінің басталуымен ұштастырылатын кіріспе баланс. Осы кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізудің бастамасы болып табылатын баланстың бұл түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Көп жағдайда ол өте аз өзгеріске ұшырайды (дифференцияланады). Ол түсінікті де өйткені кәсіпорын жаңадан ғана құрылған кезде оның шаруашылық қарым – қатынастары әр түрлілігімен ерекшелене алмайды. Мүлкі негізінен ақша салымы және ұйымдастыру шығындарынан тұратын активтерімен көрсетілетін болғандықтан, ол өте қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Кіріспе балансты құруды белгілі бір мерзіммен (айдың 1-ші күні) ұштастыру мүмкін емес. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бастайтын балансы оның жарғысы тіркелген күнге құрылады.

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС

Негізгі құ- ТМБ,ақша Несиелер, Несиелер, Жарғылық

ралдар,Ма- қаражаттары, Кейінге қал- Кредитор- капитал,

териалдық Қаржылық дырылған лық борыш- қосымша

емес актив- инвестиция- салықтар тар,төленуге төленген

тер, инвес- лар,Дебитор- және бас- тиісті есеп- капитал,

тициялар лық борыш- қалар телінген шы- қосымша

және бас- тар және ғыстар және төленбеген

қалар басқалар басқалар капитал,

резервтік

капитал,

бөлінбеген

таза табыс

1 схема. Бухгалтерлік баланс

Жылдық (қорытынды) баланс – есеп беру мерзімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті жылдың аяғында (есепті жылдан кейінгі жылдың 1-ші күніне) құрылады. Есепті жылдың аяғына ең дұрыс (сенімді) баланс құрудың міндетті постулаты – бухгалтерлік есепте нәтижесін толық көрсете отырып, кәсіпорынның мүліктеріне және қаржылық міндеттемелеріне міндетті түрде түгелдеу жүргізу. Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен есеп регистрлерінің, Бас кітаптың мәліметтері негізінде құрылады.

Жойылу балансы – шаруашылық жүргізуші субъект әртүрлі себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу баланысының кәдімгі баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен айқындалады.

Бағалау сатып - өткізу бағасы бойынша жүзеге асырылады, көп жағдайда ол бастапқы баланстық құнынан әлдеқайда төмен болады. Әдетте қорытынды баланста болатын кейбір баптар, мысалы, бюджеттік бөліп – таратушы «Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар», «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар», «Күмәндә борыштар бойынша резервтер» және «Болашақ төлемдердің резерві» баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы мүмкін, мысалы, «фирма бағасы (гудвилл)». Кәсіпорынның меншікті капиталдары жойылу балансында кейде жеке баптарбойынша көрсетілмейді. Себебі жойылу кезеңінің басында кәсіпорынның барлық меншікті капиталы арнайы ашылған «Жою» шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды бағалаудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде немесе пассивінде көрсетіледі.

Брутто-баланс – реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және тағы басқалары жатады.

Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) – реттеуші баптар алынып тасталған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Мұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды (көрсетеді).

Ішкі баланс (мейлінше егжей-тегжейлі) қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдылық бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.

Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады. Сыртқы падаланушылар үшін ол ең басты ақпарат көзі болып табылады. Ондай баланстың мазмұны, құрылымы және сыртқы пайдаланушыларға тапсырылу тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына, банктерге, қор биржаларына тапсырылады, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы анықтамаларда басылады.