Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
225.52 Кб
Скачать

Жоспар

КІРІСПЕ 2

. I. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3

1.1. Инвестициялық жобаның мазмұны және экономикалық мәні 3

1.2. Инвестициялық жобаларды талдау нысандары 5

II. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ 8

2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау әдістері 8

2.2 Қазақстанның инвестицыялық жобалардын тиімділігін талдау 12

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 25

3.1. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері 25

3.2. Инвестициялық жобаларды бағалаудың мәселелері және оларды шешу жолдары 28

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

КІРІСПЕ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. Осыдан келіп, бақылау жұмысының негізгі міндеттері туындайды: - Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру; - Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау; - Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау; - Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету - Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау. Бақылау жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың өзектілігі.

Біріншіден, инвестициялық қызмет мәселелері әрқашан және бизнес үшін және мемлекет үшін де маңызды болмақ. ұзақ мерзімді даму қызметі туралы кез келген артық қорлар мен назарында болуы әрқашан инвестициялар талап етеді. Бұл банктер басқа ұйымдарға қарағанда, жоғары инвестициялық әлеуетке ие болып, бұл коммерциялық банктердің қазіргі заманғы қызметінің әсіресе болып табылады.

Өз қызметінің сипатына байланысты Банктер оларға, атап айтқанда, нақты өнеркәсіп секторындағы инвестицияларды белсенді инвестициялық қызметті жүргізу үшін мүмкіндік елеулі қаражат, ұстап тұрыңыз. Бұл банктердің жағдайы мен мемлекеттің банк жүйесін нығайтуға ғана емес, өте маңызды болып табылады, бірақ тұтастай алғанда экономика мен қоғамның барлық мемлекет үшін маңызды болып табылады.

Екіншіден, Қазақстан қазіргі уақытта қызметін инвестициялайды жеткілікті дамыған жоқ көрінеді. Бұл инвестицияларды тарту үшін отандық экономиканың әлемде бірінші орынды емес екендігін арқылы растады, атап айтқанда болып табылады. Тұтастай алғанда және әрбір ұйымның ішінде осы қызметті дамыту маңызды болып табылады, сондықтан, болып табылады.

I инвестициялық жобаның теориялық негіздері

1.1Инвестициялық жобаның мазмұны және экономикалық мәні

«Инвестиция» немістің «invesition» деген  сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу  мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары  (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.

Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.

Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан  Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. ( бірінші қосымшаны қараңыз)

Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін — өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа  арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

—табиғи активтерге инвестициялар;

—ақша активтеріне инвестициялар;

—материалдық емес активтерге инвестициялар.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

—Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат — өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталық-тандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капитал-дық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салым-дар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірі Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық

салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға басты назар аударады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]