Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
225.52 Кб
Скачать

3.2Инвестициялық жобаларды бағалаудың мәселелері және оларды шешу жолдары

Ауыл шаруашылығына келіп түсетін инвестицияларды арттыруды микро, яғни кәсіпорын деңгейінде қарастарсақ, салынған капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді және осы факторларды үлкен екі топқа бөліп қарастыруға болады – ішкі және сыртқы орта факторлары.

Қазіргі уақытта АӨК салаларына салынған инвестициялардың қайтарымдылығының төмен деңгейде болуына 2-топтың факторларының әсері мол. Ол мыналармен анықталады: инфляция, баға диспаритеті, несиеге жоғары пайыз қойылымы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты дұрыс ойластырылмаған салық саясаты т.б.

Қалыптасқан бұл мәселелерді мемлекет деңгейінде қарастырып, шешпейінше агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестицияның тиімділігін арттыру туралы айту мүмкін емес.Әрине, мемлекет инвестицияны ынталандыру бойынша біраз шаралар қолдануда.

Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру мен оның экономикалық тиімділігін жоғарылату АӨК салаларында капитал салынымдарының түсуін, жеңілдік несиелерін қолдануға көмектеседі.

Капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін төмендегілердің есебінен арттыруға болады:

тәжірибеде өзін-өзі ақтап шыққан үлгілік жобаларды кеңінен қолдану, бұл объектіні жобалауға кететін уақыт пен ақша шығ ынын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ тиімсіз жобаларды таңдау мүмкіндігінің тәуекелін азайтады;

1Сурет. Аөк-ге инвестицияның тиімділік факторлары

  • объектінің құрылысы мен оны игеруге кететін мерзімін қысқарту, нәтижесінде аяқталмаған құрылыс көлемі азаяды, сонымен қатар, күтілген экономикалық әсер алуға қажет уақыт та азаяды;

  • салынымдардың жинақтылығын қамтамасыз ету (мысалы, мал шаруашылығында мал қораларын, азықтандыру орындарының құрылыс көлемі мен негізгі отарды құру шығындарын оңтайлы үйлестіру керек);

  • тиімді жобаларға капиталдық салынымдарды салудың басымдылығы, бірінші кезекте қолданыстағы объектілердің қайта жөндеуімен байланысты (қайта жөндеуге салынған салынымдар жаңа объектінің құрылысымен салыстырғанда 2-3 есе тез қайтарылады;

  • инвестициялардың маңызды объектілерге шоғырлануы, олардың ұсақ құрылыстарға шашырамауы;

  • үнемділік режимін сақтауы;

  • ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану [1].

Сондай-ақ, капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін арттыруға ауыл шаруашылығы мен АӨК-нің басқа да салаларын интенсификациялау негізінде өндіріс көлемін арттыру, өнім сапасын арттыру мен олардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы барлық кезеңдегі жоғалтуларын қысқарту және өндірісте өнімді өндірудің өзіндік құнын азайту әсер етеді.

Соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділікті жандандыру – тұрақты экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы жағдайларына талдау жүргізу, ауыл шаруашылығына қызмет ететін арнайы қызметтер және оның негізгі басымдылықтарын біліп көрсету, зерттелетін ауыл шаруашылығы саласында инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың басымдылықтары, инвестициялық механизмдерін жетілдіру жолдары жөнінде ұсыныстар жасап және оларды іске асыру туралы шараларды айқындауды талап етеді. Ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуды ынталандырудаотандық өндірістердің азық-түлік тауарларын нарыққа шығару мәселелеріншешу мен оның тиімділігін арттыру мақсатында механизмдерін дайындау керек.

Ауыл шаруашылық саласының дамуы, яғни табыстылығы осы салаға салынатын қаржы салымдарына тікелей байланысты. Осыған байланысты ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік қаржыландырудан басқа отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мәселесіне үлкен мән беріле бастады.

Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетелдік инвестицияны тарту қажеттілігінен шығады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласына қолайлы инвестициялық климатты қалыптасытудың механизмдерін жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу мен қолдау жолдарын қарастыруымыз керек.

Сыртқы ресурстарды қолданудың ең тиімдісі – тікелей инвестициаларды қолдану болып табылады.Инвстициалаудың бұл түрінің артықшылығы, ол елдің сыртқы қарызының құрамына кірмейді.Қазақстан Республикасындағы тікелей инвесторлар салықтық жер және мүліктік жеңілдіктерге ие.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан шетел инвестициасының көлемі бойынша алдынғы орындарды иеленген. Бұл инвестициялық салымдардың тәукелдігінің төмендігімен, қолайлы инвестициялық климат пен елдегі қалыптасқан экономикалық және саяси тұрақтылығына негізделген. Ал жағымсыз факторларға: елдің заңнамалық және салықтық базасының жетілмегендігі, нарықтық инфрақұрылымның дамымауы және де қызметкерлер арасында жемқорлықтың орын алуы.

Шетел инвестициясын қажетті салаға бағытау үшін импорттаушы елдің осы саладағы техникалық және технологиялық арттықшылығын қамтамасыз етуі тиіс. Инвестициялардың баламаларын таңдауда техникалық көмекті кеңейтуді, прогрессивті технологияларды енгізуді көздейтін жобаларға басымдылық таныту керек. Кез-келген инвестициялық жоба өндіріс кезінле қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармауын, яғни қатаң экологиялық стандарттарды ұстануы керек.Республика Үкіметі Қазақстан экономикасына инвестиция тартуды арттыратын әлемдік деңгейде еліміздің инвестициялық беделін көтеру жолында белсенді саясат жүргізуде, олардың ауыл шаруашылық саласына келіп түсуіне де тікелей әсер ететін саясат жүргізуі қажет. (1 сурет)

Инвестиция тартудың қолайлы ахуалын қалыптасытру,Макроэкономикалық конъюктураны қалыптастыру және т.б. 5 суретте көрсетілген факторларды ескере отырылып жасалған ықпалы саясат елдің ауыл шаруашылық саласындағы жағдайын жақсарту үшін инвестицияларды тиімді басқару, ресурстар мен қаржыларды рационалды қолдану, жеке салымдарға жағдай жасау және оның экономиканың қажетті салаларына жұмсалуын қадағалауға, реттеуге негіз болатын мемлекеттік басқару құралын, механизмін жасақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]