
- •1.Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері
- •1.1 «Ұлар» жшс техника – экономикалық сипаттамасы
- •1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері
- •1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны
- •1.3. Бухгалтерлік баланстың құрастырылуының шетелдік тәжірибесі
- •Бухгалтерлік баланс аудиті
- •2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары
- •2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары
- •31 Желтоқсан 2001 жыл
- •31 Желтоқсан 2001 ж.
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны
Өзінің құрылымы бойынша бухгалтерлік баланс жиынтығы әр уақытта
өзара тең ьолатын екі қатар сандар болып табылады. Бұл тепе-теңдік жағдай – баланстың маңызды белгісі.
Екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың сол жақ бөлігінде субъектінің активтері (экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы активтерге қатысты әртүрлі тұлғалардың талаптары «пассивтер» деп аталады. «Пассивтер» екі түрге бөлінеді:
міндеттемелер, яғни кредиторлардың талаптары (басқаша айтқанда,
субъектінің иесінің басқа кез келген тұлғаның);
кәсіпорын иелерінің капиталы, яғни, кәсіпорын иелерінің талаптары.
(Акционерлік кәсіпорын иелерінің капиталы, әдетте, акционерлік капитал деп аталады).
Егер кәсіпорынның барлық активтері оның иелерінің немесе кредиторлардың тапарпынан талап етілетін (ізделінетін) болса және де осы талаптардың жалпы сомасы талап етілген активтердің құнынан айпайтын болса, онда ол актив пен пассивтің теңдігін көрсетеді. Бұл бухгалтерлік есептің екі жақтылық приципінен формалды түрде туындайтын негізгі бухгалтерлік теңдеу:
Активтер = Міндеттемелер + Капитал.
Бухгалтерлік есептің барлық процедуралары осы теңдікпен туындайды. Төменде екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың қысқартылған үлгісі нысаны келтірілді (кесте 2.)
Активтер |
Есепті кезеңнің басына |
Есепті кезеңнің аяғына |
Меншікті капитал және міндеттемелер |
Есепті кезеңнің басына |
Есепті кезеңнің аяғына |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
I.Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер: Бастапқы құны жинақталған амортизация қалдық құн
Негізгі құралдар: Бастапқы құны жинақталған тозу құны қалдық құн
Ұзақ мерзімді инвестициялар
ЖИЫНТЫҒЫ
II.Ағымдағы активтер
Тауарлы-материалдық босалқылар
Ақша қаражаттары Дебиторлық борыштар
Басқадай ағымдағы активтер
ЖИЫНТЫҒЫ
|
116
26 90
116
49 67
26
183
367
25
49
2
443
|
98
18 80
78
36 42
42
164
244
18
44
5
311 |
I.Меншікті капитал
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген таза табыс
ЖИЫНТЫҒЫ
II.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді несиелер
Кейінге қалдырылған салықтар
Ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелер ЖИЫНТЫҒЫ
III.Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер Кредиторлық борыштар ЖИЫНТЫҒЫ
|
52
22
180
254
108
9
85 222
12
158 170 |
52
18
126
196
98
7
48 153
9
117 126 |
БАРЛЫҒЫ |
626 |
475 |
БАРЛЫҒЫ |
626 |
475 |
Субъектілердің бухгалтерлік балансында біртекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері «баптар» деп аталады. Баланстың «Активтер» бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, «Меншікті капитал» және «Міндеттемелер» бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.
Халықаралық тәжірибеде баланстың жоғарыда қарастырылғаннан басқа құрылымы белгілі, мысалы, АҚШ-та, Англияда және басқа да бір қатар елдерде баланста алдымен активтердің барлық баптары, ал содан кейін меншікті капитал мен міндеттемелер баптары келтіріледі.
Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға және жекелеген елдердің дәстүріне сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылады. Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің жылжу (қозғалу) деңгейіне байланысты, басқаша айтқанда өтімділік (ликвидтілік) деңгейі бойынша, яғни мүліктің осы бөлігі шаруашылық айналымында қандай жылдамдықпен ақша нысанына айналатындығына байланысты орналастырылады.
Отандық іс-тәжірибеде активтер әдеттегідей өтімділіктің (ликвидтіліктің) жоғарылау тәртібімен құрылады, яғни баланстың бірінші бөлімінде ең алдымен өзінің тиімді пайдалану мерзімінің аяғына дейін бастапқы нысанын (формасын) сақтайтын қозғалмайтын (жылжымайтын) мүліктер көрсетіледі, содан кейін барып ағымдағы активтер көрсетіледі.
Активтер өтімділіктің (ликвидтіліктің) төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылған кезде бірінші орында ақша қаражаттары, тауарлар, өндірістік босалқылар, аяқталмаған өндіріс, дебиторлық борыштар баптары және т.б. тұрады (баланста активтерді орналастырудың бұл схемасы, мысалы, АҚШ, Англия мемлекеттерінде қолданылады).
Баланстың меншікті капитал және міндеттемелер бөлімдерінің баптары да активтер сияқты белгілі бір жүйеде, яғни міндеттемелердің қайтарылу (өтелу) жеделдігінің деңгейі бойынша топтастырылады. Біздің тәжірибемізде олар қайтарылу жеделдігінің өсуі бойынша топтастырылады. Пассивтік баптарды қайтарылу жеделдігінің төмендеу тәртібімен орналастырған жағдайда, алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді сипаттаушы баланс баптары (қысқа мерзімді банк несиесі, кредиторлық борыштар және т.б.) келтіріледі.
Бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер «ұзақ мерзімді» және «ағымдағы» болып жіктеледі.
Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас
Бухгалтерлік баланстың активтер жағын да пассивтер жағын да екі көзқараспен қарастыруға болады:
1.Ресуртар және талаптар, яғни жоғарыда айтылғандардың негізінде баланстың активтер жағының баптары бухгалтерлік баланс құрылған күнге кәсіпорынның экономикалық ресурстарын құрайды. Міндеттемелер мен капитал – бухгалтерлік баланс құрылған мерзімге кәсіпорынға қойылған талаптар. Міндеттемелер – үшінші жақтың талаптары, яғни кәсіпорынның банктерге, сатып-өткізушіліктерге, өздерінің қызметкерлеріне және басқа кредиторларға қарыздарының сомасы. Капитал кәсіпорын иелерінің талаптарын көрсетеді.
Алайда, бухгалтерлік балансқа қатысты бұл көзқарастың кейбір кемшілік жақтар да бар. Біріншіден, акционерлік капиталды талап ретінде түсіндіру өте күрделі.себебі кәсіпорын иелері мен кредиторлар оған әртүрлі мағына береді. Активтерге қатысты «талаптар» деген заңдық мағынасы бар ұғым болып табылады және оның маңызы тереңірек, егер компания банкротқа ұшырауына байланысты жойылатын болса, онда ол кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі концепциясына сәйкес келмейді. Сондықтан бухгалтерлік балансты түсіндірудің екінші тәсілі тартымдырақ болуы мүмкін.
2.Қорлар көздері және оларды пайдалану бағыттары. Бұл көзқарас бойынша бухгалтерлік баланстың сол жағы кәсіпорынға берілген қаржыларды бухгалтерлік баланс құрылған мерзімге пайдалану немесе салу бағытын көрсетеді. Бұл салымдар кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуіне, анығырақ айтқанда таза табысқа (пайдаға) қол жеткізуіне көмектесу үшін жүзеге асырылады. Оң жағында активтерге салынған қаржылардың құралу көздері, яғни, активтердің қалай қаржыландырылатындығы көрсетіледі.
Бұл көзқарас бойынша негізгі бухгалтерлік теңдеу –
Активтер = Міндеттемелер + Капитал
бұлайша түсіндіріледі: кәсіпорын активтеріне салынған әрбір теңгені не кредитор не кәсіпорын иесі салады және де әрбір берілген теңге активтердің жекелеген түрлеріне салынады.
Бухгалтерлік балансты түсіндірудің екі тәсілі де дұрыс және бірін – бірі толықтырады.