Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мадина Экономикалы ауіпсіздік.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
118.65 Кб
Скачать

1.2. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі

Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Сонымен қатар, экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін айтқан болатын.

Бұл себепті–салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылыққ қызметіне араласуынсыз-ақ мүмкін болады. А. Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика дамуының басты механизмі болып табылады, және мұның өзі әрбір тауар өндірушінің және бүкіл қоғамның байлығын арттыруға әкеледі. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе-теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір сатып алушы осы бағаларға бағынады, ал бағалардың өздері болса жекелеген адамның жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды.

Экономиканың осындай табиғи қызметін А. Смит«рыноктың көрінбейтін қолы»принципі деп атады. Практиканың талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады. Дж.Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың, мемллекеттік қызмет өрісінің теориялық негіздерін қалады.

Дж. Кейнс теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейнс капиталистік экономиканыны мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып есептеледі.Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы»еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық сұраныс болып табылады.

Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс. Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс «тұтынуға шекті бейімділік» түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды.

Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз - мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті мемлекеттік органдардың экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:

  • рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;

  • рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;

  • мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.

Мемлекеттік билік

Халық шаруашылығының басымдықтары

Әлеуметтік - экономикалық дамудың мақсаттары

Экономикалық саясат

Экономиканы реттеу

Мемлекеттік реттеу

Нарықтық реттеу

Микроэкономика

Макроэкономика

Экономика

Сурет . Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары.

Ескерту - автормен құрастырылған

Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті – рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің негізгі функцияларын атап өтейік:

  1. Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

  2. Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.

  3. Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды; аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық механизмді қалыптастырады.

  4. Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасайды.

  5. Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты, транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.

  6. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді, мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.7)Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.

  7. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар қолданады.

  8. Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.

Нарықтық реттеу әдістері

Тікелей реттеу

Жанама реттеу

Мемлекеттік сатып алу және тапсырыстар жасау

Салықтық саясат

Лимиттерді бекіту

Несиелік саясат

Орталықтандырылған күрделі қаржы жұмсау

Ақша саясаты

Амортизациялық саясат

Өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бөлінетін мемлекеттік жәрдем қаржы бөлу

Ресурстарды пайдалану шарттары мен ақысын реттеу әдістері

Баға мен табысты реттеу

Сурет . Экономиканы мемлекеттің реттеу әдістері.

Ескерту - автормен құрастырылған

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың «көрінбейтін қолы» теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол өзінің атақты «Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы» еңбегінде ол былай деп жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».

Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен де таза рыноктық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс жүзінде ұлттық және әлемдік шаруашылықта аралас экономика қалыптасқан. Мұның өзі таза күйінде рыноктық критерийлер мен механизмдер әрекет етпейді және әрекет етуі мүмкін емес деген сөз, себебі кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің көптүрлі формалары мен кәсіпкерліктің көпқырлы қызметтерінен құралады және рыноктық, корпоративтік, мемлекеттік, халықаралық тәрізді экономикалық реттеу түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай жағдайда мемлекет осы жүйенің ажырамас бір бөлігі, сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен қызмет атқаруының кепілі ретінде көрінеді.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты - рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері. Бағалар, салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды бөліп беру, кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері – мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы болып табылады.

Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау орнату мәселесі жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық өнімдердің бағасына бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына бақылау қажет, себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау орнату қажетті іс-әрекеттердің қатарына кіреді. Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Баға — қоғамның экономикалық әлеуметтік-саяси өмірінің шекті нүктелерінің бipi. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты. Оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар, парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді. Баға арқылы ЭМР ауқымды мақсаттарға, саясаттың конъюнктуралық және құрылымдық өзгеруіне, инфляциямен күресте әлемдік нарықтағы ұлттық бәсеке қабілеттілігі мен әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға қол жеткізді.

Мемлекеттік темір жол, пошта, телеграф қызметіне тарифтер, тауарлар акциздеріне мемлекеттік монополиялар, азық-түлік тауарларын мемлекеттік қорлардан тұрақты бағамен сату, кеден саясаты, ішкі бағаға әсер етуші жанама салықтар — бұл соңғы 100-150 жылдағы бағаны мемлекеттік реттеу шараларының толық емес тізімі. Бағаны реттеудің мемлекеттік шаралары заң, әкімшілік және сот сипатында болады. Парламентпен қабылданған заңдар шаруашылық субъектісі мен мемлекет арасындағы баға белгілеу саласында құқықтық негіз құрады және баға құқығы болып табылады. Бұл құқықтың негізінде мемлекет бағаны әкімшілік реттеуді жүзеге асырады, ал заңды бұзғаны үшін айыптылар сот жауаптылығына тартылады.

Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,капиталды шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы нарықтық қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта: - бюджеттік және фискалдық саясат; - ақша-несие саясаты; - бағдарламалау; - болжам мен жоспарлауды пайдаланады. Үкіметтік сатып алу нарықтарында, ресурстар мен тауарлардың шаруашылық өміріне мемлекеттік араласуы арқылы жиынтық сұраныстың ұлғаюы есебінен өсуіне ықпал етеді.

Бұл әдіс, өз қаржы ресурстарын сұраныс элементтерін қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады, бұл -экономикалық конъюнктураның өcyінe әкеледі немесе керісінше, сұраныста өз қатысуын қысқарта отырып, қоғамдық бақылаудан шыққан кезде, ол өзінің өсуін ұстап тұрады. Трансферттік дотациялық және басқа шығындар -тауарлар мен қызметке сұраныстың немесе ұсыныстың ұлғаюы және мұқтаждарға мемлекеттік ресурстар бөлігін қайта бөлу болып табылады.

Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.

Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т.б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.

Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.

Германияда экономиканы реттеу бiраз басқаша, мұнда көбiнесе бәсекелестiктi қорғауға, мемлекеттiң антимонополиялық және бақылау қызметiн нығайтуға, нарықтықтағы iрi кәсiпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтiк қызметiн кеңейтуге көңiл бөлiнуде. Реттеушi органдарының басты мiндеттерiнiң бiрi аймақтардың үйлесiмдi кешендi дамуын қамтамасыз ету.

Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету. Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын ы салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.

Қарастырылып отырған мемлекеттердiң тәжiрибесiнен мемлекеттердiң экономикасын реттеудегi күштi тетiктерiнiң бiр қаржы-бюджет ресурстарын және салық жинау механизмi болып табылады. Осы механизмдердiң маңызы мен оларды тәжiрибе жүзiнде қолдану зерттеледi және де оқулықтарда қарастырылған.

Осы механизмдердi негiзге ала отырып, бiрнеше тұжырым жасауға болады. Бiрiншiден, бюджеттiк қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және бiлiмдi көп қажет ететiн салаларды жылдам дамыту мәселелерi шешiледi. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Белгияда және басқа да мемлекеттерде мемлекеттiк бюджет арқылы бөлiнетiн ұлттық табыстың үлесi 50 % жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50 % шамасында. Бұл көрсеткiш АҚШ пен Жапонияда 30 % ғана.

Екiншiден, құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн салық салу механизмi үлкен рөлдi атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызығушылығын арттыруға болады, өйткенi олар өндiрiс және өнеркәсiп салаларының тез дамуына әкеледi. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлi тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита "Известия” газетiнде: "Шенеулiктердiң (әкiмдердiң ) ақылдығы телефон арқылы немесе ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық жеңiлдiктерiмен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиiмдi және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекенi күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту” деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына дұшар болған мемлекет үшiн қолайлы. Дағдарыстан шығу үшiн фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негiзiнде: а) мемлекеттiк шығындардың өсуi; ә) салық ставкасының және мөлшерiнiң азаюы; б) мемлекеттiк шығындардың өсуi мен салықтың азаюы үлестiр пайдалану жатыр. Бұл әдiстiң бiреуiн таңдап алу алға қойған мақсатқа немесе объектiнi реттеуге байланысты.

Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандара алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екiншi шығын бiрiншi шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл iшiнде Жапонияның әлеуметтiк – шаруашылық дамуындағы тәжiрибесiнен "ғылым және бiлiм экономикалық өсу моделiнiң интенсивтi және құрылымдық факторы ретiнде көрiнедi”. Қазақстанда бұл салаларға көңiл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесi бұрынғысынша, яғни қалдық қағмдасымен жұмыс iстеуде. Бiрақ Президент Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: "Интеллектуалдық өндiрiстi қамтамасыз етуде өндiргiш күштердi дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негiзгi мәселелердi шешудi ұмытып кеттiк” деген.