Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мадина Экономикалы ауіпсіздік.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
118.65 Кб
Скачать

Аймақты тұрақты дамыту тұрғысынан экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының сыныптамасы

Кесте 2.

Қасиеті

Көрсеткіштері

Тұрақты экономикалық өсу

Әлеуметтік тұрақтылық

1

Тұрақтылық

1.Жоғары ресурстық әлеует

2.Дамыған инфрақұрылымның болуы.

3.Өнеркәсіптік өндірістің жоғарғы даму деңгейі

4.Ғылыми-техникалық кадрлармен қамтамасыз етілуі

5.Жұмыс орындарының болуы және т.б.

1.Өдірістік процесті сақтау.

2.Тиімді миграция.

3.Тұрғындардың өмір сүру сапасы мен

4.Тиімді білім беру жүйесінің болуы.

5.Тұрғындардың салауатты өмір салты.

2

Қауіпсіздік

1.Болашақ даму және дағдарыс шарттарына дағдылану үшін алғышарттар қалыптастыру.

2.Аумақтың ресурстық әлеует қатысындағы өмірлік маңызы бар мүдделерді қорғау.

3.Тұрақсыздандыру әсерлерінен ішкі экономикалық қорғаныс қабілетін және сыртқы экономикалық қорғанысын қалыптастыру.

4.Аумақтың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

5.Тұрғындардың өмір сүруінің лайықты шарттарын қамтамасыз ету.

1.Өндірістік әлеует қатерлерінің болмауы.

2.Тұрғындар денсаулығының жоғарғы деңгейін сақтау қабілеті.

3.Тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігі.

4.Әлеуметтік орта сапасының қажетті көрсеткіштерін ұстап тұру.

5.Тұрғындардың аймақтан миграциялық ағымына қарсы тұру қабілеті және т.б.

3

Даму

1.Аймақтың ЖАӨ өсімінің қарқынын жоғарылату.

2.Нарық талаптарына жауап беретін және конъюнктуралық өзгерістерге икемді әсер ететін аймақтық

өндірісті қалыптастыру.

3.Ұзақ мерзімді экономикалық артықшылықтары бар пайдалы және

перспективті салаларды басымдықты дамыту арқылы экономиканы қайта құру.

4.Аумақтардың өндірістік кешенін жаңғырту.

5.Инновациялық жобалар мен т.б. әзірлеу және енгізу.

1.Тұрғындардың өмір сүруінің жеткілікті деңгейі үшін жағдайлар жасау.

2.Әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу.

3.Тұрғындардың білім әлеуетін көтеруге жағдайлар жасау.

4.Қауіпті аурулардың етек алуына «ұлттық иммунитет» қалыптастыру.

5.Қол жетімді сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін шешу.

6.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және т.б. бағытта әлеуметтік базаны жетілдіру.

Ескерту - автормен құрастырылған

Тұрақты даму теориясы әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлеуметтік, экономикалық және қазіргі және болашақтағы ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің қарқынды өсуін және қоршаған ортаның сақталуын қаматамсыз ететін, экологиялық тармақтарын гармонизациялауға негізделген, жүйенің тұрақты даму үлгісіне өту жолдарын іздестіруге бағытталған.

Экономиканың тұрақты-қауіпсіз дамуы экономиканың тұрақты дамуы мен оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету процестерінің органикалық байланыстылығымен өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Берілген байланыста тұрақты даму бірінші кезекте экономикалық қауіпсіздіктің алғышарты ретінде, ал экономикалқы қауіпсіздік нәтиже ретінде көрсетіледі.

Одан соң, экономикалық қауіпсіздік аймақ экономикасының тұрақты дамуының алғышарты және жүйелік факторы ретінде көрсетіледі, ал тұрақты дамудың өзі мұндай жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің нәтижесі ретінде болады. Сондықтан тұрақты дамудың жаңа жолына өту стратегиясын қауіпсіздік тұжырымдамасынан айырып қарастыруға болмайды. Қауіпсіздік пен дамуды ықпалдастыру идеясының өзі біршама жемісті, өйткені қауіпсіздік мәселелерін зерттеудің жаңа теориялық және тәжірибелік көкжиектерін ашады.