Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ УМК,КСК КЮ 1 курс 3 кредит 2013-2014.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___3________

Дәріс № _8_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_

Дғріс тақырыбы Франк мемлекетi мен құқығы. Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________ Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________ Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Осы кезеңдегі шетел мемлекеттеріндегі мемлекет және құқық тарихымен таныстыру. Ондағы феодалдық мемлекет негіздеріне талдау жасау.

Жоспары:

1. Франк мемлекетінің қалыптасуы.

2. Франк мемлекетінің қоғамдық құрылысы.

3. Франк мемлекетінің мемлекеттік құрылысы.

4. Франк құқығы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 8. Франк мемлекетi мен құқығы.

Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.

Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.

Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады.

Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.

Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Бесінші гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды.

"Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ Салистік шындық

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:. Салистік шындық

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994