Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ УМК,КСК КЮ 1 курс 3 кредит 2013-2014.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___3________

Дәріс № _3_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_

Дәріс тақырыбы Ежелгi Шумер-Вавилондық

өркениеттің мемлекеті мен құқығы

..................................................................... Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________ Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________ Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Б.э.д. 2000ж. басында Қосөзен аумағында ертеде пайда болған мемлекеттерге және саяси-құқықтық құрылымның рулық, тайпалық ұйымдарын бөліп қарастыру. Вавилониядағы меншік құқықтарының және олардың түрлерін көрсету.

Жоспары:

  1. Мемлекеттің негізгі белгілері

  2. Қоғамдық құрылысы

  3. Құқықтың негізгі белгілері

  4. Құқықтың негізгі түрлері

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 3. Ежелгi Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы

Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер.

Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген.

Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан.

Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).

Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді.

Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Хаммурапидің заңдары

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  1. Рәсімдеу сапасы

  2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:. Хаммурапидің заңдары

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994