Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМТ УМК,КСК КЮ 1 курс 3 кредит 2013-2014.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___3________

Дәріс № _7_ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_

Дәріс тақырыбы Ежелгi Римнің мемлекетi мен құқығы Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі _

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________ Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________ Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Көне Римдегі мемлекет және құқықтық жүйенің сипаттамасын көрсету. Оның ішінде жоғарғы сот процестерін ашып көрсету.

Жоспары:

1.Рим мемлекетінің қалыптасуы.

2. Римнің қоғамдық құрылысы.

3. Римдегі мемлекеттік құрылысы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тақырып 7. Ежелгi Римнің мемлекетi мен құқығы.

Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:

1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.

2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.

3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)

Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды.

Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды. Римнің мемлекеттік құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға айналуына әсер еткен фатордың бірі.

Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде құқық жүйелері қазіргідей қылмыстық, азаматтық және поцесуалдық құқық деп бөлінуі білген жоқ. Себебі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тым күрделенбеуі тым күрделенбеуі , деспоттық билік адам құқы мәселесін күн тәртібіне қойған жоқ болатын.

Ел енді ежелгі дүниедегі құқығы дамыған ел Рим болды. Рим құқығының дамуына тауар-ақша қатынастары әсер етті. Рим құқығының тарихынан біз жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық нормалардың жеке құқықтық нормалардан /азаматтық-құқықтық/, қылмыстық процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн.

Белгілі батыс теоретигі Р. Давид : «тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті бар заң жүйесін құрған» деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған.

Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды.

Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: XII кесте заңы

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:. XII кесте заңы

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

  2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

  3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

  4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

  1. Законы ХІІ таблиц / Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв. ред. В. И. Уколова. М., 1996.

  2. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В 2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.

  2. Винничук Л. Люди,нравы и обычай Древней Греции и Рима // Пер. с польск.-М.,1988.

  3. Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства (формирование основ социальной структуры и политической администрации).-М.,1983.

  4. Город и государство в Античном мире: проблеы исорического развития.-М.,1987.

  5. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права.- М.,1986.

  6. Кечекьян С.Т. Государство и право Древней Греции.-М.,1963.

  7. Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947.

  8. Андреев М. Недвижимая собственность в Риме до ХІІ таблиц // Вестник древней истории. 1955. №. С. 142-146.

  9. Бартошек М. Римское право. Понятие, термины, определения. М., 1989.