
- •1. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы
- •2. Иондық байланыс Мысалдар 169 бет
- •3. Алюминий гидроксиді (Al(oh)3) құрамындағы элементтердің массалық үлесін есепте
- •1 Заттардың және олардың физикалық қасиеттері
- •2 Ковалентті байланыс дегеніміз не? Мысалдар.
- •3 Темір (III) оксидінің Fe2o3 40 грамында қанша грам темір бар екендігін табыңдар
- •1 Атом молекулалық ілімнің қағидаларын мысалдар келтіре отырып осы ілімнің қалыптасуына қай елдің ғалымдарының үлесі болды?
- •2 Атомның құрамы және құрылысы 143, 145 бет
- •3 Алюминий оксидінің Al2o3 қандай массасында 15.5 г алюминий болады
- •1. Атомдар, молекулалар дегеніміз не? 44 бет
- •2. Тотығу тотықсыздану реакциялары мысалдар 144 бет
- •1. Химиялық элементтер, олардың таңбалары және атауы. Оны кім шығарды?
- •2. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не?
- •3. 1.5 Моль натрий сульфаты Na2so4 берілген. Осы тұздың массасын тап.
- •1. Жай және күделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса анықтама және мысал келтір
- •2. Негіздер: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы. 119 бет
- •1. Химиялық формула. Химиялық элементтердің валенттілігі дегеніміз не және валенттілік термині нені білдіреді? 35 бет.
- •2. Қышқылдар: құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы.Мысал келтір 87, 90, 122 бет
- •Қышқылдардың химиялық қасиеттері
- •3. Массасы 22г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есепте.
- •1. Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не және айырмашылығы Химиялық реакциялар. Мысалдар
- •2. Оксидтер: алынуы, жіктелуі, химиялық қасиеттері. 114-116 бет.
- •Жай және күрделі заттарды жағу арқылы:
- •3. Құрамындағы элементтердің массалық үлесі мынадай: к39.69% Mn 27.87% o 32.46% тұздың қарапайым формуласын есепте.
- •1. Сутекке жалпы сипаттама. Алыну жолдарын реакция теңдеуі арқылы өрнекте.
- •2. Сілтілік металдар және галогендердің периодтық жүйеге орналасуы. Мысалдар.
- •3. 30Г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?
- •1. Химиялық реакциялардың теңдеулері, зат массасының сақталу заңы.
- •2. Натрий пжо (периодтық жүйедегі орны) және оның маңызды қосылыстары. Мысалдар
- •2. Оттектің аллотропиясы деген не? Озон және озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы қандай?
- •3. CuSo4 5h2o-ның салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
- •1. Химиялық элементтердің қасиеттерінің периодтық орны бойынша сипаттамасы Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
- •Химиялық элементтердің электртерістілігі
- •2. Хлор пжо (периодтық жүйедегі орны) бойынша сипатта. Олардың маңызды қосылыстарының мысалдары
- •Химиялық қасиеттері
- •Cl2-нің алынуы және қолданылуы
- •1. Атомның құрамы және құрылысы дегеніміз не? Ол қандай бөлшектерден тұрады?
- •Мазмұны
- •Электрон
- •Атом құрылысы[өңдеу]
- •2. Тұздар: құрамы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы 92 бет.
- •3. 20%-Тік 500г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз қанша грамм су қажет?
- •1. Химиялық элементтердің жіктелуі мысалдар келтіріп заттардың формуласын жазыңдар.
- •2. Жай және күрделі заттардың жіктелуі. Генетикалық байланысты қалай қалпына келтіруге болады? Металдар және бейметалдар.
- •3. Массасы 12,6 г азот қышқылын бейтараптау үшін мыс(II) гидроксиді қанша массасы және мөлшері қажет екенін есептеңдер.
- •1. Химиялық элементтердің электр терістігі ұғымдарының айырмасы неде?
- •2. Ерігіштік дегеніміз не? Ерігіштік өлшемін қандай шам алар арқылы анықталады?
- •3. Массасы 620г натрий оксиді әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.
- •1. Заттың аморфты және кристалды жүйелері
- •2. Ерітінділер концентрациясы дегеніміз не және оны қандай тәсілдермен көрсетуге болады? Тұздардың алыну жолдары ...
- •3. Массасы 7,4 г кальций гидрооксиді қанша грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі.
- •1. Кристалл торларының түрлері және оның түйіндері дегеніміз не? Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі
- •2. Отттекті зертханада қалай алуға болатынын түсіндір.
- •3. Массасы 4,6 г натрийді 150 г суда еріту арқылы алынған ерітіндідегі натрий сілтісінің массалық үлесі
- •1. Ауа-газдар қоспасын қалай түсінесің? Атмосфералық ауаны ластанудан қалай қорғаймыз?
- •2. Зертханада хлордың алыну жолдарын реакциялар теңдеуі арқылы өрнекте.
- •3. Массасы 28 г. Литий суда ерігенде сутектің қанша көлемі түзіледі?
- •1. Оттегі химиялық элементінің аллотропиясы қалай аталады? Қандай зат екендігін түсіндір.
- •2. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік
- •3. Массасы 0,1 моль барий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады?
- •1. Табиғаттағы судың маңызы және физикалық/химиялық қасиеті және қолданылуы
- •2. Химиялық реакцияның жылу эффекті деген не? Өлшем бірлігі
- •3. 50 Г 16%-тік сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм сілті алу керек?
- •1. Табиғаттағы тірі организмдердегі және адам тіршілігіндегі химиялық реакциялардың биологиялық маңызы қандай? Мысал келтір.
- •2. Изотоп деген не? Сутектің изотоптары қалай аталады? Молекулалық фолрмуласын жаз және аттарын ата.
- •3. 78 Г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы және қанша мөлшері түзіледі?
- •1. Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. HCl физикалық-химиялық реакция теңдеуі.
- •2. Зат мөлшері деген не? Өлшем бірлігі. Авагадро саны нені көрсетеді?
- •3. Дәріханада 500 г 9%-тік ерітінді дайындау үшін ас тұзының және судың қандай массасы қажет?
- •1. Бейтараптану реакциясын теңдеулер арқылы көрсет
- •2. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс деген не? Мысалдарды теңдеу арқылы өрнекте.
- •1. Галогендердің атом құрылысы қандай агрегаттық күйінде қандай заңдылықтар болады?
- •2. Металдардың кернеу қатарын және оны қалай түсінесің?
2. Натрий пжо (периодтық жүйедегі орны) және оның маңызды қосылыстары. Мысалдар
Натрий
Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.
Табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na2CО3 • 10Н2О - сода; Na2SО4 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).
Атом құрылысы
Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан. 2311Na ядросында 11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11, нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы;ls22s22p63s1, валенттілік электроны -3s1. Натрий үнемі I валентті, тотығу дәрежесі 0, +1.
Физикалық қасиеттері
Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.
Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.
Химиялың қасиеттері
Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:
Na0 - е —> Na+
Натрий гидроксидінің алынуы
Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2
Na2O + Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.
Физикалық қасиеттері
NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.
Химиялық қасиеттері
Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.
Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.
Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;
Тұздармен реакцияласуы:
a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3
ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20
в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 + 2NaCl
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.
3. КМnО7 құрамындағы марганецтің тотығу дәрежесін табыңдар
№12 Билет
1. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының ашылуына қандай заңдылықтар себеп болды? 160 бет.
Д. И. Менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: химиядан ,физикадан, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады. Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастап ең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. Көптеген елдердің ғылым химиктері химиялық элементтерді жіктеудің әр түрлі тәсілдерін ұсынды. Бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады. Бұл міндетті орыс ғалымы Д.И. Менделеев ашты. Химиялық элементті жіктеуде Д.И. Менделеев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Бірақ олар топтастырылып қана қоймай , оларды бір жүйеге келтіру үшін бүкіл элементтерді өзара байланыстырылатын заңдылық іздеді. Бұрынырақта әрбір туыстас элементтер басқа топтармен байланыстырылмай жеке дара қаралды. Ал Д. И. Менделеев ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды.
Д. И Менделеев өз кезінде белгілі болған элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырылды. Нәтижесінде қасиеті ұқсас элементтер белгілі бір аралықта қайталанып отыратындығы анықталды.
Li .. Be…. F…. Ne
Na….Mg …. CI….. Ar
K….Ca…. Br….Kr
Rb…..Cs
Белгілі бір элементтің қасиеті біраз элементтен соң қайталанады. Олардың валенттіктері бірдей оксидтері, гидроксидтері, сутекті қосылыстары ұқсас химиялық қасиеттер көрсетеді. Бұл заңдылықты 1969 жылы Д.И. Менделлев периодтық заң түрінде түсіндірді. Период грек сөзі « periodicos» «цикл» деген ұғымды білдіреді. Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массаларына периодтты түрде тәуелді болады. Периодтық жүйеде кейбір элементтердің реттік номеріне атомдық массалары сәйкес емес. Мысалы Д.И. Менделеев кобальтты с.м.а 58,93 , никельдің 58,70 алдына орналастырылады. Теллур -Те – 127,6 болғаныны қарамастан атомдық массасы 126,9 йодтың алдына орналастырылады. Мұндай ауыстырулар болмаса элементтердің қасиетіне байланысты сәйкес келмейді. Массаларына сай алса йод- халькогендер, ал теллур – галогендер тобына сәйкес келер еді. Сондықтын Д.И. Менделеев мұндай ауыстыруларды қажет деп санады. ХІХ ғасырды периодтық заң болмаған кезде химия ғылымының жаңалықтары ашылмаған болар еді.