Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс№4 / №2.pptx
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
616.9 Кб
Скачать

ЛИПИДТЕР ЖӘНЕ ЛИПОИТАР

Липидтер — нағыз майлар, липоидтар — май тәрізді заттар.

Липидтер резервті заттардың ролін атқарады және кей жағдайда ақуыз синтезі үшін бастапқы компонент болып қолданылады. Олармен қышқылға төзімді микобактериялар байланысты. Олар жасуша мембранасының өткізгіштігіне маңызды әсер етеді, микроб жасушасында метаболизмді қамтамасыз ету үшін әр түрлі қызмет атқаратын шекара мембрана жүйесін қалыптастырады.

ФЕРМЕНТТЕР

Ферменттер — глобулинді ақуыздар.

Микроб жасушасының қоректенуі және тыныс алуы биологиялық катализатор (химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін заттар) болып табылатын, ферменттердің (энзим) қатысуымен жүреді.

• Ферменттерді

жасуша

Экзоферменттер және эндоферменттер деп ажыратылады.

Экзоферменттер жасушадан қоршаған ортаға бөлінеді: гиалуронидаза, фибринолизин;

Эндоферменттер жасуша ішіндегі метаболизмді күшейтеді: полимераза, фосфорилаза.

Ферменттер 6 классқа жіктеледі

1. Оксидоредуктазалар – тотығу- тотықсыздандыру реакцияларына қатысады, олар оксидазалар, дегидрогеназалар т.б.;

2.Трансферазалар – жеке радикалдар мен атомдарды бір қосылыстан екіншіге тасымалдайды.

3.Гидролазалар – гидролизді жылдамдатады, яғни судың молекуласын қоса отырып, заттарды қарапайым заттарға ыдыратады. Бұлар: эстеразалар, фосфатазалар, глюкозидазалар ж/е т.б;

4.Лиазалар – субстраттардан химиялық топтарды гидролизді емес жолмен алу – карбоксилаза;

5.Изомеразалар – органикалық қосылыстарды олардың изомеріне айналдыру – фосфогексоизомеразалар т.б.;

6.Лигаза немесе синтетазалар – қарапайым

қосылыстардан (аспарагинсинтетаза, глютаминсинтетазалар) күрделі қосылыстардың синтезін тездетеді.

Микроорганизмдердің ферменттерін медицинада, фармацияда, жеңіл өнеркәсіпте, тамақ өндірісінде, ауылшаруашылығында қолданады. Сондай-ақ генді инженерияда биологиялық белсенді қосылыстар алуға пайдаланылады (лигаза, рестриктаза).

МЕТАБОЛИЗМ

Микроб жасушасында өтіп жатқан барлық тіршілікті қамтамасыз ету реакцияларын зат алмасу немесе

метаболизм деп атайды.

Зат алмасу барысында пайда болатын аралық өнімді метаболит деп атайды.

ҚОРЕКТЕНУ ТҮРІ БОЙЫНША ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ:

голозойлы, голофитті.

Голозойлы – қоректену түрі жануарларға тән (жоғары сатыдан қарапайымдыларға дейін).

Микробтар голофитті қоректені типіне жатады. Оларда қоректену үшін қоректену мүшелер жоқ, қоректік заттар дене беткейі арқылы енеді.

МИКРОБТАРДЫҢ ҚОРЕКТЕНУ ТҮРІ

1. Аутотрофтар немесе прототрофтар

(гректің autos- өзім, trophe- қоректену)-өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2 - нен сіңіретіндер.

2. Гетеротрофтар (грекше heteros- басқа)-

көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.

Соседние файлы в папке дріс№4