Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс№4 / №1.pptx
Скачиваний:
57
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
7.86 Mб
Скачать

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ:

МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ. ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ. БАКТЕРИАЛЬДІ ЖАСУША МОРФОЛОГИЯСЫ, УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ. БАКТЕРИЯЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ПРИНЦИПТЕРІ.

м.ғ.к., доцент Ахметова Сәуле Балтабайқызы

Микробиологияның мақсаты мен міндеті

Микробиология (грек сөзінен micros – ұсақ, bios – өмір, logos - ілім) көзге көрінбейтін өсімдік және жануар текті өте ұсақ тіршілік түрлерін, микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін және экологиясын зерттейтін ғылым.

Микробиология микроәлемнің барлық өкілдерін (бактериялар,

саңырауқұлақтар,

қарапайымдылар, вирустар) зерттейді.

Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады:

Микроорганизмдердің морфологиясын және физиологиясын, яғни микроскопиялық және басқа зерттеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің зат алмасуын, қоректенуін, тыныс алуын, өсу және көбею жағдайларын, генетикалық ерекшеліктерін;

Микроорганизмдердің жұқпалы аурулар этиологиясы мен патогенезіндегі орнын;

Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады:

Микроорганизмдер тудыратын аурулардың негізгі клиникалық көріністері мен тарауын;

Жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және емдеуін;

Патогенді микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Микробиология, вирусология пәнін білу қандай да болмас дәрігерге күнделікті жұмыс барысына қажет.

Себебі, қандайда болмасын барлық патологиялық процестердің механизмдерін микробиология саласымен қатысты екенің болады.

Микробиологияның даму тарихы кезеңдерге бөлінеді:

Эвристикалық кезең Гиппократ, рим жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д.Фракасторо ғалымдар есімдерімен байланысты. Бұл кезеңді морфологиялық кезең деп атайды.

Физиологиялық кезең француз ғалымы Л.Пастердің есімімен байланысты. Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация, аттенуация процестері.

Иммунологиялық кезең генетикалық бөтендігі бар заттарға иммунды жүйенің негізі реакцияларының ашылуымен сипатталады: антидененің түзілуі мен фагоцитоз, жоғары сезімталдықтың баяу түрі (ЖСБТ), жоғары сезімталдықтың жедел түрі (ЖСЖТ), толеранттық, иммунологиялық ес.

МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР

Луи Пастер

Антонии ван Левенгук

Роберт Кох

МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР

Л. С.

Н. Ф. Гамалея

И. И. Мечников

. И. Ивановский

МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР

C. Н. Виноградский

Қазіргі заманғы микроскоп

1757 жылғы микроскоп

Соседние файлы в папке дріс№4