Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
289.99 Кб
Скачать

7.1-Ші сурет – Үшсатылы газбөлгіш желілер

Газды аз шығындайтын үлкен емес елді мекендерде, төмен қысымдағы газ өткізгіштерді бөлетін бір сатылы схеманы қолданады. Орташа қалаларда бастысы екі сатылы схема қолданылады, ал ірі қалаларда үшсатылы немесе көп сатылы.Магистралды газ өткізгіштер 1 арқылы газ, газ бөлетін станцияларға (ГБС) 2 апарады, яғни жоғарғы қысымдағы газөткізгіш 3 арқылы газсақталатын станцияларға 4 бағытталады, олар газ қорларының сақталуына және оның қолданылу графигінің теңестіру үшін қызмет етеді(7.1-ші суретте көрсетілген).Газ сақталатын станцияларда, газреттегіш пунктілер( ГРП) және қондырғылар ( ГРУ) газдың қысымын төмендетуге және берілген деңгейде ұстап тұру үшін қызмет етеді. ГРП-ны бөлетін желілерді газбен нәрлеу үшін қолданады және жеке тұрған ғимараттарда жайғастырылады. ГРУ-ды жеке тұтынушыларды нәрлеуге қолданады және газ қолданатын агрегат орналасқан ғимараттардың бөлмесінде жайғастырады. Газ желілерінің құрылғылары және жабдықтары қалалық жер асты коммуникациялардың барлық түріне қарағанда ерекше назарды талап етеді, газ газөткізгіштердің зақымдалуы кезінде жер арқылы сарқылуы мүмкін, ғимараттың жер төлелеріне кіріп, сонда жиналып, газәуе қоспаның жарылыс қаупін тудырады. Жоғарғы және орташа қысымдағы жерасты газөткізгіштердің төсеніштері аймақта қауіпсіздеу. Газөткізгіштердің жерасты төсеніштерін таңдау кезінде трассаны мүмкіндігінше ғимараттан және басқада коммуникациядан алысырақ төсеу қажет.

Газ құбырларын болат құбырлардан жасайды, оларды электрмен пісіру арқылы байланыстырады. Газ аспаптарын, арматураларды және басқа құрылғыларды орнататын орындарда ернемекті және кесекті байланыстыру әдістерін қолданады. Болат құбырларды тотығудан (коррозия) қорғау үшін жерге төсеу алдында оларды оқшаулайды. Газ құбырларын орнату тереңдігін таңдағанда топырақтың қату тереңдігін ескереді, бірақ жер бетінен 0,8 м аз емес болатындай алады. Газ құбырларын 1,5 мм/пог. аз емес көлбеулікпен төсейді, бұл конденсациялау арқылы алынған сұйықтықтың арнайы конденсат жинағыштарға жиналуын қамтамасыз етеді және су кептелістерінің құрылуын болдырмайды.

Ішкі газ құбырларының құрылғысы. Түрғын үйлерге газ құбырларының кірістерін баспалдақтың торларында, ас үйлерінде немесе дәліздерде орналастырады. Ғимаратта газ құбырының кірісінде темір арқауларды таратушы газ құбырына қарай көлбеулікпен орнатады.

Газ ас үйлерде, бапалдақ торларында немесе дәліздерде төселетін тік бағаналар арқылы пәтерлерге беріледі. Тік бағаналарды тұрғын бөлмелерде, жуынатын бөлмелерде және санитарлы тораптарда төсеуге болмайды. Тік бағаналарда және бөлетін газ құбырларында тығындарды орнату тыйым салынады.

Ғимараттардың ішіндегі газ құбырларды жасағанда болат құбырларды пісіріп байланыстырады. Кескіш және ернемекті байланыстырулар тек арматура және газ аспаптарын орнататын жерлерде ғана қолданылады. Әрбір газ аспабының алдында тығын краны орнатылады. Жабатын фундаменттермен, табалдырық аудандарымен, қабырғалармен және қалқандармен ұшталатын газ құбырларын болат қаптамаларға біріктіру қажет. Қаптама шектерінде газ құбырында ешқандай түйісулер болмауы тиіс, ал онымен және қаптаманың арасындағы кеңістік шайырланған талшықпен жабылған және битуммен құйылған болуы керек. Қаптаманың аяғын еденнің астына немесе қабырғаның сырына 5 см-ге шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]