Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
289.99 Кб
Скачать

2 Лекция. Сумен қамтамасыздандыру жүйелері мен сұлбалары.

Лекцияның мақсаты: Тұтынушыларды белгіленген сапада,қажетті мөлшерде және қажетті қарқында сумен қамтамасыздандыру жүйелері мен сұлбаларын меңгеру,олардың тағайындалуы, және олардың шығу көздерінің түрлері құрылғыларының құрамын оқып үйрену.

Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту.

Кез келген тағайындау бойынша ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту жүйелері тұтынушыларды белгіленген сапада,қажетті мөлшерде және қажетті қарқында сумен қамтамасыз етуі қажет. Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту сыртқы су құбырларының желісі (елді мекендер,кәсіпорын)немесе жеке жергілікті (жер асты немесе жер беті) сумен қамту көздері көмегімен жүзеге асады.

Сумен қамту жүйелері дағдылануы,қызмет көрсету ортасы,құрылғымен орнатылған қарқынмен қамтуы бойынша бөлінеді.

Жүйе дағдылануы бойынша тұрмыстық-ішетін,өндірістік және өртке қарсы болып бөлінеді.

Ғимаратты тұрмыстық-ауыз сумен қамту жүйелері тұрғындарды ауыз сумен қамтуға арналған.Тұтынушылар суды тұрмыстық,санитары- гигиеналық,технологиялық қажеттіліктерге жұмсайды.Егер ғимаратта ішуге жарамсыз су қолданылса,техникалық және ауыз суының бір-бірімен байланыспаған екі бөлек құбыры жобаланады.Өндірістік ғимараттарда ыстық цехтарда көмір қышқыл газымен қаныққан,тұздалған және суытылған арнайы ауыз су құбыры қарастырылады.

Өндірістік сумен қамту жүйелері өндірістің,цехтың технологиялық қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етеді.Өндірістік су құбырларындағы судың сапасы мен көлемі өндіріс технологияларының шарттарын қанағаттандыру қажет.Өндірістік құбырларда су ішуге жарамсыз және арнайы тазартылған болуы мүмкін.

Өртке қарсы сумен қамту жүйелері ғимаратта пайда болған өрт ошақтарын сөндіруге арналған.Судың сапасына шек қойылмайды,бірақ көлемі ҚНмЕ шарттарына сәйкес келуі керек.

Қызмет көрсету аясы бойынша жүйелер:жекеленген,бір-бірімен байланыспаған (себебі ондағы судың сапасы әр түрлі болуы мүмкін);біріктірілген ,(тұрмыстық -өртке қарсы,өндірістік-өртке қарсы немесе тұрмыстық -өндірістік,бұларда судың сапасы бірдей);бірыңғай ,барлық су қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін:тұрмыстық ауызсу,өндірістік және өртке қарсы.Бірыңғай жүйелер тек ішуге жарамды сумен қамтамасыз етеді.

Қолдану тәсілі бойынша суларды мынадай жүйелерге бөледі:тіктелген,айналмалы және қайталамалы қолданыс үшін.Табиғи ресурстарды қорғау және рационалды қолдану сұрақтарын шешу кезінде суды үнемдеу үшін сумен қамтудың өңдеу кезінде жоғалтылған су көлемін толықтырушы құрылғысы бар қайталамалы жүйені қолданған жөн.

Қондырылған құрылғыға байланысты қарқынмен қамтуы бойынша жүйелерді томендегідей бөлуге болады:

А сыртқы сутартқыш жүйесінен қарқынмен қамтылған,яғни ішкі және сыртқы сутартқыш жүйелерінің түйісу нүктесінде су қарқыны ішкі сутартқыш жүйелерінің барлық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі үшін жеткілікті болады;

Б сыртқы сутартқыш жүйесінен қарқынмен қамтылғанмаған,яғни су айдаушы құрылғысы бар жүйелер:суайдаушы бакпен,сорғылы немесе пневматикалық құрылғымен.

Суайдағыш багы бар ішкі сутарту жүйесін кепілденген қарқын тұтынушыларға қажетті су қарқынынан төмен немесе кем болған жағдайда қолданады .

Жоғарлатқыш сорғылы құрылғылы ішкі тарату жүесін ,қарқын сыртқы тарату жүйесінде әрқашан не периодты түрде қажетті қарқыннан аз болса және ішкі тарату жүйесінде су тұтыну режимі аздаған бірыңғайсыздықпен сипатталса қолданады.

Жоғарлатқушы сорғылар бактағы судың төмендеуі немесе желідегі қарқын төмендеуі кезінде автоматты түрде қосылады.Су айдауды бак желіде реттеуші ыдыс ретінде жұмыс жасайды.

Жоғарлатушы пневматикалық немесе жоғарлатушы сорғылы және гидропневмобакты құрылғылы жүйелер өртке қарсы және өндірістік сутартқыштарда қолданылады.Бұл жүйеде гидропневматикалық бак суайдаушы бактың қызметін атқарады және қосымша немесе реттеуші ыдыс есебінде қолданыла алады.

Аймақтық сумен қамту жүйесі 50 м ден биік ғимараттарда қарқын максималды рұқсат етілген мәннен асып кетсе (60 м тұрмыстық ауыз су және 90 м өртке қарсы су тартқыштарда)қолданылады.Аймақтың биіктігі желінің ең төмен нүктесіндегімаксималды рұқсат етілген гидростатикалық қарқынмен анықталады.

Елді мекенді, өндіріс орнын және де басқада объектілерді өз қажеттіліктеріне байланысты сумен қамтамаыз саланы сумен жабдықтау деп атайды. Суды алу, тұтынушыға дейін тасмалдау, қажетті су сапасына дейін тазарту ғимараттарының кешенін сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Суды беру және тарату құбыр арқылы болатын орталықтандырылған жүйелерді су құбыры депте айтуға болады.

Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады; а)тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік т.б. жүйелер;

б) мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері

в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай үшін құрылған жүйе;

г)суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

д)қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;

е)судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды, араласқан.

Сумен қамту сұлбасы және негізгі элементтері.

Қалаларды және елді мекендерді сумен қамту сұлбасы сумен қамту көздерінің түрімен,ондағы судың сапасымен,аймақтың жер бедерімен,су тұтыну режимімен анықталады.Жалпы жағдайда сумен қамту жүйесі (2.1 сурет)келесі құрылымдардан тұрады.

 

1 — су қабылдағыш; 2 — өздігінен ағу құбыры; 3 —жағалық құдық:     4 — сорғылар I көтерме станциясы; 5 — тұндырмалар; в — фильтрлер;  7— таза судың қосымша қоймалары; 8 — сорғылар IІ көтерме станциясы; 9 — су аққыштар;       10 — су қарқынды көтерме; 11 — магистральді су құбырлары;  12 — таратушы су құбырлары

2.1 Сурет – Елді мекндерді сумен қамту сұлбасы

Су көзіндегі су қажетті сапада болса берілген сұлба айтарлықтай жеңілдер еді.

Ол кезде тазартушы құрылғылар3,әдетте онымен байланысты резервуарлар4 мен көтегіш сорғы станциялары ІІ 5 қажет болмас еді.Мұндай сұлба жоғары санитарлы гигиеналық сапасы бар артезиан суларын қолданған кезде болуы мүмкін.Су көзі сумен Қамтылушы аймақтан жоғары орналасса ,тұтынушыларға суды өздігінен ағуы арқылы жеткізуге болар еді. Осылайша кез келген сумен қамту жүйелерінің міндетті элементтеріне су іркуіш құрылыс,су тартқыштар және су таратушы желі жатады.Сумен қамту сұлбасы су көздері жәнеқұрылыс құрамынан басқа сумен қамту көздерінің санымен(екі не одан да көп болуы мүмкін) ерекшелінеді.

Лекция 3. Су әкетуші желілер.

Лекцияның мақсаты:Су әкетуші жүйелермен және желілермен танысу.Су әкетуші желілер.Сыртқы далалық су әкету желісі.Коллекторды төсеу.Ғимараттар мен құрылыстардағы су әкету.Елді мекендер мен өндіріс орындарындағы су әкету.Ағынды сулар,түрлері,ағынды суларды тазарту.

Ғимараттар менжеке объектілерде сву әкету.

Су әкету жүйесі санитарлы гигиеналық тәртіп кезінде пайда болған және атмосфералық суларды ғимараттан әкету үшін қолданылады.Егер ғимарат сумен қамтылған болса ,ағынды су әкету жүйесі қолданылады - ластануларды сумен жойылады.Су әкету жүйесі жүргізілмеген аудандарда (1-2 қабатты 50адамнан артық тұрмайтын үйлерде,жатақханаларда,пионерлік лагерлерде,ауыл клубтарында және т.б.) люфтклозеттер мен қазуды қолданатын жергілікті шығармалы су әкету қолданылады.Өндірістік су әкету технологиялық процесстерде қолданылған және кейін өндірісте қолдануға жарамды сұйқтарды ғимараттан әкетеді.Ішкі су ағындары(жаңбыр суын әкету) ғимараттан жауын суын және ағынды суларды шығарады.Қатты қалдықтарды(қоқыс) қоқыссалғыштар арқылы жояды-қатты қалдықтарды әкету.

Сарқынды судың сипаттамасы және қайдан пайда болып жатқанына байланысты төмендегiдей бөлiнедi: 1.Тұрмыстық. 2. Өндiрiстiк.3. Жаңбырлы.

Тұрмыстық – бұл адам өмiрiнде пайда болған шаруашылық –тұрмыстық лас суларды тасмалдауға арналған жүйе. Өндiрiстiк – орындарынлда пайда болған лас суларды қабылдап, қажет болса, алдын-ала тазартып, әкетуге арналған жүйе. Өндiрiс лас суларының құрамы әртүрлi болады, оған себеп сол өндiрiс орынынң өнiм шығару түрiне, сумен жабдықтау жүйесiне тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Жаңбырлы – жаңбыр және ерiген қар суларын әкетуге арналған жүйе.

Тұрғын үйлерде суәкету жүйесінің сұлбасы әдетте келесі элементтерден тұрады: Лас суды қабылдағыштар,гидробекітпелер,ішкі және далалық су әкету желілері.

Өндіріс орындарындатұрмыстық, өндірісті су әкету,суағар бөлек жобаланады.Лас суларды әкету үшін оларды агрессиялығы,тепературасы немесе басқа да көрсеткіштері бойынша араластырмайтын бөлек су әкету жүйелері қолданылады.

Iшкi канализация жүйесi келесi элементтерден құралады:лас суды қабылдағыштар 1,гидравикалық бекітпелер 2,ішкі су әкету желілері 3, канализациялық тiк құбырлар 4,әкетуші желі 5,шығару 6.

 

3.1Сурет – Ішкі су әкету сұлбасы

Лас суды қабылдағыштар, яғни санитарлы –гигиеналық жағдайлар үшiн және шаруашылықты тұрмыстық қажеттiлiк үшiн санитарлы құралдар және өндiрiстiк лас суларды қабылдау үшiн құрылымдар.

Гидравикалық бекітпелер қауіпті газдардың канализациядан бөлмеге өтпенін қамтамасыз етеді.

Ішкі су әкету желісі лас суларды қабылдағыштардан сыртқы су әкету желісіне жеткізеді.

Лас суды айдау құрылғысы сыртқы желі көшелік су әкету желісінен биік орналасса қолданылады.

Лас суды тазартқыш құрылғыларда қатты ластанған сулар мен сыртқы су әкету желісі және тазарту құрылғыларның дұрыс жұмыс жасауға кері әсерін тигізетін заттардан алдын алатазарту жүргізіледі.

Құрылыстық және эксплуатациондық шығындарды азайту үшін өндірістік және тұрмыстық лас суларды біріктірілген су әкету жүйесін қолданады.Бұл өндірістік лас сулар температурасы 40ден төмен;500 мл ден аз өлшенген және қалқымалы бөлшектер бар;құбыр материалына және канализация құрылысының элементтеріне бұзушы әсер көрсетпесе;құбырды бітеп тастау,құбыр қабырғаларына жабысу,биологиялық тазартуға кесірін тигізу,жарылғыш және токсинді қоспалар түзу болмаса ғана мүмкін болады.Лас сулар берілген шарттарға сәйкес келмесе оларды қажетті шекке дейін алдын ала тазарту құрылғыларын орнатады.

Ішкі су әкету желісі шойыннан,пластмассадан ,асбестоцементті құбырлардан құралады.Болаттан жасалған құбырлар қолжуғыштар,ванналардан қыса аралыққа су тарту үшін қолданылады.

Шойын су әкетуші құбырлар ГОСТ бойынша 50,100,150 мм диаметрмен өндіріледі.Құбырларды лас судың жаман әсеріне қорғау үшін анти коррозиялық қабықшамен қаптайды.Құбырдың екі классы шығарылады: А және Б.А классына антикоррозиялық қабатпен қаптағанға дейін 0,1МПа () қысымға төзімді құбырлар жатады.

Елді мекендерден және өндіріс орындарынан суды әкету.

Тұрмыстық, өндірістік және басқа да мақсатта қолданылу нәтижесінде оның химиялық құрамыннемесе физикалық құрылысын өзгертекет су-ағынды су деп аталады.Ағынды сулар категориясына жауын сулары және еріген қар сулары нәтижесінде пайда болған атмосфералық сулар да жатады.

Ағынды су құрамы әртүрлі болады.Оның құрамындағы органикалық ластанулар шіру нәтижесінде микроорганизмдер,соның ішінде потогенді (ауру туғызатын)көбеюіне үшін жайлы орта болады.Ағын суларында химиялық қоспалар,майлар,мұнай қалдықтары,улағыш және радиоактивті заттардың болуы жер қыртысы мен су қоймаларына үлкен зиян келтіреді.Жер қыртысынта ластанған ағынды сулардың жиналуы қоршаған ортаны ластайды.сонымен қатар суқоймаларды тұрмыстық мақсатта қолдану инфекционнды аурулардың пайда болуына себебін тигізуі мүмкін.Мұның бәрі адамзат үшін үлен қауіптуғызады және ластанған ағынды суларды бірден елді мекеннен алып кету және өңдеу қажет.

Шығу тегіне байланысты ағынды сулардың қоспаларын тұрмыстық,өндірістік және атмосфералық деп бөледі.

Тұрмыстық ағынды суларға ас үй,дәретхана,дун, кір жуу бөлмелері,асхана, емханадан және т.б. шығарылған сулар жатады.Табиғаты бойынша тұрмыстық ластанған сулар фекалды,яғни негізі физиологиялық қалдықтармен ластанған, және қожалық ,әртүрлі тұрмыстық қалдықтармен ластанған.Тұрмыстық ағынды сулар құрамында әр түрлі фазалы дисперсиялық органикалық қосылыстардың болуымен сипатталады.

Өндірістік ағынды сулар технологиялық прцесс кезінде су торабынан келетін судың ластануы нәтижесінде пайда болады.Тұрмыстық ағынды сулармен салыстырғанда өндірістік ағынды сулардың ластану концентрациясы мен құрамы біркелкі емес,себебі ол суды қолдану өндірісінің түріне,шығарылатын өнім түріне байланысты.Кейбір өндіріс орындарынан концентрациясы мен құрамы әр түрлі ағынды сулар келіп түсуі мүмкін.Шартты түрде таза,құрамында ластану аз суды өңдеусіз суқоймаға құюға болады.

Жаңбырлы ағынды сулар – жаңбыр және ерiген қар суларын әкетуге арналған жүйе. Жаңбыр каанализациясының негізгі атқаратын міндеттері елді мекендердегі, өнеркәсіп орындағы жаңбыр суын суаттарда алып кету. Үй ішіндегі жаңбыр жүйелері үйдің шатырларында пайда болған жаңбыр суын алып кетуге қолданылады.

Елді мекендерде қоқсықты және қалдықтарды әкету үшін екі түрлі жүйе қолданылады.

  1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.

Жинап әкететін жүйеде сұйық ластануларды арнайы қабылдағыштармен жинап,автокөліктермен арнайы санитарлық органдармен келісілген жерге апарып,өңдеуден өткізеді.

Ағызып әкететін жүйе келесідей негізгі элементтерден тұрады:ғимараттың ішкі канализация құрылғылары,сыртқы орам ішілік және көшелік су әкету желілері, сорғы станциялары және ағынды құбырлар,тазарту құрылғылары және тазартылған ағынды суларды суқоймаға шығару құрылғысы.

Сыртқы көшелік су әкету желісі орамішілік желіден лас суды қабылдап,жер асты құбырлар жүйесі арқылы сорғылы станцияларға,тазарту құрылғыларына және суқоймаға жеткізеді.

Су әкетуші желілерді өздігіне ағатын етіп құрады.Ол үшін қала не елді мекеннің барлық аумағын жер бедеріне байланысты төселген өздігінен ағатын көшелік су құбырлары мен коллеторы бар су әкету бассейндеріне бөледі.Су әкету желісі әрдайым бақылауға,тазартуға ыңғайлы болуы керек.Сондықтан оларда қарау құдықтары қарастырылған.Атмосфералық ағынды суларды қабылдау үшін дөңгелек немесе тік бұрышты ,төбесінде метал торы бар құдықтар жауынқабылдағыштар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]