Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

м.е. тест

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
15.95 Кб
Скачать

Математика

1-нұсқа

  1. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 тг салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.

  2. Ара қашықтығы 900км екі қаладан бір-біріне қарама қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып, екініш пойыздың жылдамдығынан 5км/сағ артық жылдамдықпен жүрген.Әр пойыздың жылдамдығын табыңыз?

  3. Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. Осы сандарды табыңыз.

  4. Таразының бір басында үш қалта қызанақ және әрқайсысы 2 кг болатын екі гир тасы бар, ал екінші жағында осындай 4 қалта және 1 кг болатын бір гир тасы жатыр. Егер таразы басы тең болатын болса, онда бір қалта қызанақ салмағын анықтаңыз.

  5. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?

  6. 9. Әкем 31 жаста болғанда мен 8 жаста болдым. Ал қазір әкемнің жасы менен 2 есе үлкен. Қазір неше жастамын?

  7. Екі айлақтың арасы 55,4 км. Кеме екі айлақтың арасынан 2 сағат жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,8 км/сағ, кеменің өз жылдамдығын табыңыз.

  8. Маторлы қайық ағыс бойымен 18 км/сағ және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.

  9. Мектеп оқушыларының 115-і көлге, 138-і орманға саяхатқа шығу үшін бірнеше автобусқа тапсырыс берді. Автобустағы орындардың бәріне оқушылар толықтай сыйды. Орын бос қалған жоқ. Неше автобусқа тапсырыс берілген?

  10. Әсеттің массасы 35кг. Адам массасының 65%-і су. Әсеттің денесінде неше килогарамм су бар?

Математика тест жұмыстары

2-нұсқа

  1. Райхан 90 санын 60%-ке арттырып, оның 12,5%-ін есептеп тапты. Райхан қандай санды есептеп тапты?

  2. Жер 3 күнде жыртылды. Бірінші күні барлық жердің 56%-ін, екінші күні қалғанының 75%-ін, үшінші күні 330га жер жыртылды.Жердің ауданы қанша?

  3. Тізбектелген екі натурал санның көбейтіндісі 240-қа тең. Осы сандардың қосындысын тап.

  4. Құрамындағы никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140 т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысына неше тонна алу керек?

  5. Сыныптағы әр оқушы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 72 құттықтау ашық хат жолдаған болса, сыныпта қанша оқушы болған?

  6. Суреттен Әсеттің қызымет істейтін мекемесінің жұмыс уақыты көрсетілген. Әсет бір аптада неше сағат жұмыс істейтінін анықтаңыз.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі - Жұма

0800-1700

Сенбі

0900 - 1330

Жексенбі

Демалыс

Үзіліс

1300 – 1430

  1. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ 20 мин ұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

  2. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/ сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин тезірек дүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.

  3. 8 санының оң жағына да, сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6- ға бөлінеді. Біз қандай сан жаздық?

  4. Бір сыныптағы оқушылардың 14- і ұл балалар, ал қыздардың одан 7-еуі артық. Сыныптағы оқушылардың неше проценті ұл балалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]