Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
289.99 Кб
Скачать

5 Лекция. Жылу желілерінің құрастырмалы элементтері.

Лекцияның мақсаты:жылу желілерін төсеу тәсілдерін үйрену;өтемдеуіш түрлерімен танысу;жылу желілерінің қозғалмалы және қозғалмайтын тіреулері;сонымен қатар құбырларды жылулық оқшаулау түрлері,олардың қолданылуы.

Төсеу тәсілі бойынша жылу желілері жер астылық және жер үстілік болып бөлінеді.

Жер үстілік төсеніш-құбырлар (ғимрат қабырғасына, эстакадаларға, кронштейндерге, мачталарға бекітілген) сайлармен қилысқанда, өндіріс орнының териториясында, сонымен қатар грунт суларының жоғары деңгейінде қолданылады.

Жер астылық төсеніш - жылу желілерінің құбырларын төсеудің көп қолданбалы түрі. Жер астылық құбыр төсеу мына жағдайларда қолданылуы мүмкін: а) өту каналдары мен коллекторларда; б) жартылай өтпелі және өтуге жарамсыз каналдарда; в) каналсыз.

Өту каналдарында жылу құбырларын төсеу үлкен диаметрлі бірнеше құбырларды сыйдыру үшін қолданылады.Каналдарда өту кеңдігі 900мм -ден кем емес,биіктігі 2 м -ден кен емес болуы қажет. Әрбір 200-250 м ұзындығы бойынша каналда өту сорғыларымен жабдықталған люктер қарастырылуы керек.Өту каналдары ауа температурасын 30-ден жоғары болмауы үшін табиғи желдетумен жабдықталуы қажет;және суды каналдардан шығару үшін төменгі қуатты(30В) электрлік жабдықтанумен қамтылуы керек.

Жартылай өту каналдары қарқынды көшелік қозғалысы бар жолдар астында ,темір жолдары астында ,яғни жылу құбырларын ашуға қиын жерлерде және кіші 1400-1500 мм (адамның жартылай бүгілу қалпы) өту ені -400 мм тексеру үшін қолданылады.

Құбырды жер бетімен төсеу өндіріс және жеке кәсіпорын территориясындағы эстакадалар мен мен мачталарда өндірістік бу құбырлары мен технологиялық құбырлар ,сонымен қатар ғимарат қабырғаларына бекітілген кронштейдерде орнатылады.Жалу құбырларын төсеудің ең арзан тәсілі-каналсыз тәсіл болып табылады.

Жер асты жылу құбырлары каналдарда арнайы қозғалмалы тіреулерде орнатылады(сырғымалы,роликті). (5.1 суретті қара)

а)                                            б)                                          в)

 

 

 

г) 

а) сырғымалы тіреу: 1 – құбыр; 2 – полоз; 3 –тіреуіш конструкция;

б) роликті тіреу: 1 – құбыр; 2 – тіреу; 3 – ролик;

в)катокты тіреу: 1 –құбыр; 2 – тіреу; 3 – каток;

г) ж/б щитті қозғалмайтын тіреу: 1 – ж/б щит; 2 - фундамент; 3 – изолдың үш қабаты, полиэфирлі смоладағы айнектітканнің төрт қабаты; 4 -желімделген гидроизоляция; 5 - арматура.

  5.1 Сурет – Қозғалмалы тіреулер

Жер асты жылу құбырларының трассасы бойымен арматуралар,өлшеу құралдары,сальникі компенсатор және т.б. сонымен қатар П –тәрізді компенсаторларды (5.3 суретті қара) орнату үшін арнайы камералар мен құдықтар қарастырылады.

Жылу желілеріндегі компенсациялық құрылғылар құбырларды жылулық ұзарту кезінде күш жұмсауды(немесе айтарлықтай азайту) жою.Нәтижесінде құбыр қабырғаларындағы қуат және құрылғыларға әсер ететін күш азаяды.

Жұмыс істеу принципі бойынша компенсаторлар бөлінеді:осьтік және радиалды.Осьтік кампенсаторларды (5.4 суретті қара)жылу құбырларының түзу сызықты бөліктерінде орнатады,себебі олар осьтік ұзару кезінде күш жұмсауды өтеу үшін арналған.Радиалды компенсаторларды кез келген пішінді жылу желілері үшін қолданылады,себебі олар осьтік және радиалдыкүштерді өтейді,жылу трассаларының (αбұрышында қолданылады.

Жылу оқшаулағыш материалдар мен құрылымдар.Жылулық оқшаулау құбырларда, арматурада, ернемек арқылы жалғастыруда ,компенсаторларда және тіреулерде келесідей мақсаттарда қолданылады:тасымалдау кезінде жылу жоғалтуды азайту,ол жылу көзінің бекітілген қуатын және жанармай шығынын төмендетеді;жылутасмалдадыштың тұтынушыға берілетін тампературасының түсуінің азаюы ,жылу тасмалдағынтың қажетті шығынын азайып және жылумен қамту сапасын жоғарлатады;жылу құбырыныңбетідегі және қызмет көрсету орынының ауа температурасының азаюы,күю қауіпін жойып,жылу құбырларын тексеру жұмыстарын жеңілдетеді.

а

 

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]