Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кадиша казахский.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
103.57 Кб
Скачать

Тайқазан туралы Уикипедиядан мәлімет:

Тайқазан Түркістандағы қасиетті қазан. Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әд-Дин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сыяды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті Т. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Ө.Жәнібеков көп еңбек сіңірді.[1][2] Тайқазанның ішіне 3000 литр су сыяды. Ол Қарнақ қаласынан өткен. Шебер оны көптеген асыл металдардың қоспасынан әзірлеген.

Ұлықбек Обсерваториясы

Ұлықбек Обсерваториясы, Ұлықбек рәсітханасы, 15 ғасырдың 30-жылдары Самарқандта Ұлықбек салдырған. Ұлықбек обсерваториясы өзіне дейінгі Батыс және Шығыс елдері обсерваторияларының дәстүрлері негізінде салынған. Оның биіктігі төбесіне дейін есептегенде 30-35 м, диам. 46 м-ден асатын, дөңгелек пішінді үш қабат үй болғандығы археологтардың зерттеулер нәтижесінде анықталған. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі аспап-құралдар – радиусы 40,2 м мәрмәрдан жасалған секстант, Күн және астрон сағаттар, әртүрлі бұрыш өлшегіш дәлдігі жоғары құралдар болған. Аспаптың градустарға бөлінген төменгі бөлігі ғана сақталған. Аспап ені 2 м, тереңдетілген 11 м шамасындағы орға орнатылып, негізгі бөлігі жер бетіне шығып тұрған. Бұлардың көмегімен бұрын мүмкін болмаған көптеген астрономиялық бақылаулар (экватордың эклиптикаға көлбеулігінің, прецессияның, жыл ұзақтығының дәл мәндерін табу, т.б.) жүргізілген. Обсерваторияны Ұлықбек қаза болғаннан кейін мұсылман діншілдері қиратып тастаған (1449). Алайда Ұлықбек Обсерваториясы кейіннен шығыс елдерінде салынған көптеген обсерваторияларға үлгі болды. (мысалы: 18 ғасырда Үндістанда салынған Савой-Джай Синг обсерваториясы). (Қазақстан энциклопедиясы, 9 том, 52 б.)

Хиггс Бозоны

Еуропа ядролық зерттеу ұйымының ғылыми орталығында (CERN) Хиггс бозонын (ядроның бөлшегі) зерттеумен айналысатын Джо Инкандела шілде айында орталық мамандарының "ғаламдық материал" тапқанын айтқан.

«Бұл өте сирек кездесетін бөлшектерді іздестіруге арналған сынақ болды. Қолымызда әзірге, сынақтың алдын ала нәтижесі ғана. Бірақ ол өте күшті болады деп ойлаймыз» - деген Инкандела. Әдебиеттерде «Құдайдың бөлшегі» деп кекесінмен аталған Хиггс бозоны - ғаламдағы дене атаулыға салмақ беріп тұрған күш. Оны кейбір ғалымдар «ғаламның кірпішіне» теңейді. Оның табылуы физика тарихындағы ең айтулы оқиғалардың бірі болды. Бұл жаңалық «Біздің ғалам қалай пайда болған?» деген ең күрделі сұраққа жауап табуға жәрдемдесуі мүмкін.

Әлем ғалымдары 45 жылдан бері оның бар екенін дәлелдеуге тырысып келеді. Оны анықтауға арналған ең ірі сынақ алаңы - коллайдер-туннель Швейцарияда орналасқан. 10 миллиард долларға салынған сынақ алаңында мамандар протондар шоғырын жарық жылдамдығымен тарқатып, бір-бірімен соғыстыру сияқты тәжірибелер жасап көрді. Хиггс бозоны "күңгірт материяның" болмысын түсіндіруге көмектесетін бөлшек болмай шықса да, бұл жаңалықты өткен ғасырдағы физиканың ұлы жетістіктерінің біріне қосуға болады. (http://www.azattyq.org/ сайтынан алынды)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]