Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кадиша казахский.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
103.57 Кб
Скачать

Ақсу-Жабағылы

Ақсу-Жабағылы – Қазақстан жерінде 1926 жылы ең алғаш ашылған қорық. Ол Батыс Тянь-Шань тау жоталары, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылды. Мұнда ең ірі Ақсу өзені, одан екі еседей кіші Жабағылы өзендері ағады. Бұл қорық – сан алуан өсімдіктер мен түрлі жануарлардың өсіп дамуына қолайлы мекен. Қорықта құстардан дала бүркіті мен қарақұсты, кекілік, шіл, бөденелерді кездестірсек, биік таулы аймақтарды мекендейтін сақалтай, қозықұмай, жыланжегіш, лашынды атауға болады. Құс қайту, келу кездерінде бұл жердегі құстар саны көбейеді. Ал көкқұс пен ұлар, жануарлардан барыс, сілеусін, қоңыр аю, арқар, көксуыр Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Сонымен қатар елік, таутекелер, жабайы шошқа, ақкіс, т.б. жануарларды да бақылауға алынып, қорғалады. (Қазақстан қорықтары)

Құс қалдығынан – мұнай

Органикалық қоқыстарды оттегінің қатысынсыз қолданған кез... (қашан) олар жанудың орнына көмірсутегі... (неге) ыдырайды екен. Алынған зат табиғи мұнай... (неге) өте жақын көрінеді. Осы технологияны меңгерген АҚШ-тың Changing World Technologies компаниясы жасанды мұнай жасау өндіріс... (нені) қолға алып отыр. Жаңа тауар... (ненің) шикізаты ретінде құстарды өңдейтін мекемелер... (қайдан) шыққан қалдықтар пайдаланылады. Компания бүгіндері күніне 200 тонна... (қаншаға) дейін құстардың қанаттары мен сүйектерін, еттерінің қалдықтар... (нені) жер астында жатқан табиғи «қара алтын...» (неден) кем түспейтін мұнайға айналдырып келеді. Бірақ әзірге оның құны табиғи шикізат... (неден) қымбаттау. («Зерде» журналынан)

Өлеңге лайық шаңсорғыш

Осыдан бір ғасыр бұрын болғанда ақындар «иесі жоқ көк жәшік» жайлы өлең жазар ма еді, кім білсін. Ал бүгінгі ақындарды жаңа техниканың жетістіктері таңғалдыра қоймайды. Олай дейтініміз, таяуда LG компаниясы шаңсорғыштың жетілген түрін жарыққа шығарды. ROBOKING деген тұрмыстық техниканың соңғы үлгісі өзінің жұмыс процесіне адамның араласуын қажет етпейді деуге болады. Аппарат алдын ала жасалған бағдарлама бойынша және қашықтан басқару арқылы тазалау жұмыстарын атқарады. Жаңа шаңсорғыш «негізгі», «тез», «тыныш» тәртіптермен тапсырмаларды орындайды. Пәтер ішінде ROBOKING өздігінен қозғалады және аккумулятордағы зарядты да өзгенің көмегінсіз толтыра алады. («Зерде» журналынан)

  1. Қазақ кино және театр өнері Қазақ театрының тарихы

Қазақ театр өнерінің өзіндік сипаты халқымыздың ежелден келе жатқан тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына негізделген. Үйлену салтымен, нәрестенің дүниеге келу шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтың толып жатқан түрлері, ақындар айтысы т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болды.

Кейін халқымыздың талант иелері жер-жерде шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. Кейіннен осы өнер иелерінің бастауымен қазақтың алғашқы кәсіптік ұлттық драма театры 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Театр шымылдығы 1926 жылы 13 ақпанда М.Әуезовтың "Еңлік - Кебек" трагедиясымен ашылды.

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов сияқты өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды.

Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде дерлік драма театрлары ашылды. Осыларға қазақтың ұлттық драма театры ақыл-кеңес беріп, олардың қаз тұрып кетуіне қамқорлық жасап отырады. Қазақ драма театрының сахнасында қойылған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері -Ақтоқты", "Еңлік - Кебек", "Ана -Жер-ана" спектакльдері театр сахнасынан түспей келе жатыр. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]