Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MatLAB.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
334.38 Кб
Скачать

5.2.3 Continuous (Үздіксіз элементтер) бөлігі

         Бұл бөліктің блоктары сызықты үздіксіз жүйелерді бейнелеуге қолданылады:

а) Transfer Fen – беріліс функциясын беріп сызықты түйінді анықтау.

Блоктың  параметрлер терезесінде вектор түрінде (квадратты жақшада) беріліс функцияның коэффициенттері енгізіледі:

- Numerator өрісіне беріліс функцияның алымының коэффициенттері;

- Denominator өрісіне беріліс функцияның бөлімінің коэффициенттері.

б) State-Space – жүйе күй кеңістігінің төрт матрицасын беріп түйінді анықтау.

         Блоктың параметрлерін орнату  алдынғы функцияныкіндей;

в) Zero-Pole – түйіннің полюстері мен нөлдерінің және беріліс коэффициенттерінің мәндерінің векторларын беріп түйінді анықтау;

г) Derivative – кірудегі сигналдың уақыт бойынша туындысын (du/dt) есептеу  (идеалды дифференциалдау түйін);

д) Integrator – үздіксіз уақыт сумматоры (идеалды интегралдау түйіні).

         Автоматты басқару теориясымен таныс пайдаланушылар келтірілген түйін-блоктардың пайдалануын жеңіл түсінеді. Тек қана Integrator блогын қарастырып кетейік.

Integrator блогы кірудегі сигналдың «өмір уақытын» есептейді және Discrete-Time Integrator сияқты үлгіленетін жүйенің (немесе оның ішкі жүйелерінің) уақыт бойынша сипаттамаларын анықтауға қолданылады.

Блок параметрлер терезесі алдында қарастырылған Discrete-Time Integrator блогының параметрлер терезесіне сәйкес. Айырмашылығы тек қана соңғы параметрде: қосындылау дискретасы орнына бұл кезде есептеу дәлдігі көрсетіледі (Absolute tolerance) ;

е) Transport Delay блогы сигналды үлгілеу уақыттың берілген қадамдар санына (бүтін емес болуы мүмкін) кідіртуге мүмкіндік береді.

Блокты қалпына келтіру келесі үш параметрлермен орындалады:

- Time delay – сигналдың кідіретін үлгілеу уақыттың берілген қадамдар саны; сандық түрде немесе есептелетін өрнек түрінде беріледі;

- Initial input - блок жұмысқа қосылған кездегі кірудегі сигналдың амплитудасының мәні (жүйе басында 0 деп орнатады); 

- Initial buffer size – кідірген сигналды сақтауға MATLAB жұмыс ортасында бөлінетін берілген жады көлемі (байт бірліктерімен анықталады); параметр мәні 8-ге есе болуы керек (жүйе 1024 деп орнатады);

ж) Variable Transport Delay блогы сырттан басқарылатын кідіру шамасын беруге негізделген. Сол үшін блоктың қосымша порты бар. Оған берілетін сигнал блоктың негізгі кірісіне берілетін мәліметтік сигналдың  кідіруінің ұзындығын анықтайды.

Бұл блоктың да үш параметрі бар:

Maximum delay (Максималды кідіру),

Initial input;

Buffer size.

Соңғы екі параметрдің міндеттері Transport delay блоктың сәйкес параметрлерімен бердей. Maximum delay параметрі мәліметтік сигналдың кідіруінің максималды рұқсат етілген шамасын анықтайды. Егер де басқару сигналмен анықталатын кідіру мәні осы мәнді асып кетсе, онда ол еріксізMaximum delay шамаға тең болып орнатылады. Оның мәні үлгілеу уақыттың қадамдар санымен өлшенеді, бөлшек болуы мүмкін, сан ретінде немесе есептелетін өрнекпен берілуі болады.

 

5.2.4 Discontinuous (Үздіксіз емес элементтер) бөлігі

Бөлік құрамында:

а) Relay блогы кәдімгі реле сияқты жұмыс жасайды: егер де кірістегі сигнал шек мәнінен артып кетсе, блок шығуында «рұқсат ететін» сигнал пайда болады.

Блоктың 4 параметрі бар:

- Switch on point (Қосу нүктесі) – реле «қосылатын» шектеу мәнде анықтайды; 

Switch off point (сөндіру нүктесі) -  реле «сөнетін» шартын орындайтын сигнал деңгейін белгілейді;

- Outputwhen on (қосылған жағдайда шығу) - «рұқсат ететін» сигналдың амплитудасын анықтайды; 

- Outputwhen off (сөнген жағдайда шығу) - реле «сөну» жағдайда болғанда оның шығуындағы сигнал деңгейі.

Барлық параметрлердің мәндері сандық константалар немесе есептелінетін өрнектер түрінде орнатылады;

б) Dead Zone (Мертвая зона) – белгілі диапазонда орнатылған кірудегі сигналдың мәнін нөлмен ауыстырады;

в) Hit Crossing (Обнаружено пересечение)  кірудегі сигнал берілген мәннен өткендегі уақытты белгілейді, сол кезде блок шығуында бірлік сигнал туады.

Hit Crossing блогы S-үлгінің жұмысының логикасын басқаруға ыңғайлы болып табылады. Блоктың үш параметрі бар:

- Hit crossing offset – қандай мәннен өткенді белгілеу керек екенін анықтайды;

Hit crossing direction мәннен өту бағытын анықтайды, бұл параметр ашылатын меню арқылы орнатылады, менюдІң келесі пункттері бар: rising (өсу), falling (кемиу),either (екі бағытта);

- Show output port (шығу портты көрсету) – блокты қолдану форматын орнатады.

Hit crossing offset және Hit crossing direction параметрлермен берілетін шарттар бірдей орындалса, блок шығуында бірлік импульс жасалынады. Оның ұзындығы Hit crossing блогының алдындағы блоктың Sample time параметрінің мәнімен анықталады. Егер де бұл параметр жоқ болса, Hit crossing блогының шығуындағы бірлік сигнал осы блок келесі рет жұмысқа қосылғанша сақталады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]