Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MatLAB.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
334.38 Кб
Скачать

5.2.5 Discrete (Дискретті элементтер) бөлігі

Бұл бөлікке дискретті жүйелердің жҮріс-тұрысын бейнелеуге үлгіде қолданылатын блоктары кіреді. Осындай жүйелердің екі негізгі түрі бар: дискретті уақыты бар жүйелер және дискретті күйлері бар жүйелер. Бұл бөліктің блоктары жүйелердің осындай екі түрінде үлгілеуге мүмкіндік береді.

Бөлік келесі  блоктардан тұрады.

а) Unit Delay - сигналды кешіктіру блогы.

Блок кірудегі сигналды берілген периодтар санына (үлгілеу уақыт қадамдарына) кешіктіруді қамтамасыздандырады. Блок параметрлері келесідей:

Initial condition - сигналдың бастапқы мәні яғни блок қолданыла бастағанда сигнал амплитудасының мәні; ол сандық константа немесе есептелінетін өрнек  түрінде беріледі

-  Sample time (кідірудің шамасы) - блок кірісіне түскен сигналдың мәні сақталынатын үлгі уақытының қадамдар санын белгілейді, алдыҢғы параметр сияқты кез-келген түрде анықталады, бырақ параметр мәні оң таңбалы болуЫ  керек; 

б) Discrete-Time Integrator - уақыттың дискретті сумматоры (счетчигі).

Блок кірістегі сигналдың түсу арасындағы уақыттарын қосындылайды. Имитациялық үлгінің өзінің немесе бөлек компоненттерінің жұмысының логикасын басқаруға қолданылуы мүмкін. Мысалы, кейбір ішкі жүйенің жұмысының қосынды ұзындығы үлгінің жұмысының аяқталуының шарты болуы мүмкін.

Блоктың келесі параметрлері бар:

Integrator method - қолданылатын интегралдау әдісі; ашылатын меню көмегімен пайдаланушы келесі үш әдістің (Эйлер тіке әдісі, Эйлен кері әдісі, трапециялар әдісі) біреуін қолдануына болады; 

External reset - қосымша басқару сигналды қосындылау; External reset параметрі келесі мәндерді қабылдайды: none - қосымша басқару сигнал  қолданылмайды; rising - басқару үшін өсетін сигнал қолданылады; falling –басқару үшін кемитін сигнал қолданылады; either - блок жұмысына басқару сигналдың амплитудасының кез келген өзгеруі әсер етеді. 

Initial condition source - кірістегі сигналдың бастапқы мәнін сырттан орнату.  

Соңғы екі параметрді таңдау ашылатын менюден орнатылады.

Initial condition source параметрі келесі екі мәннің біреуін қабылдайды:

internal – сумматордың  өзінің бастапқы мәнді орнатуы қолданылады; external –бастапқы мән сырттан орнатылады.

Егер де осы екі параметрдің мәндері қосымша кіріс сигналдарын талап етсе, блоктың графикалық бейнесінде қосымша кіру порттары пайда болады  (блок параметрлерін орнату терезеде  Apply батырмасын басқаннан кейін).

Initial condition - сумматордың бастапқы мәні сандық константа немесе есептелінетін өрнек түрінде редакциялау жолда еНгізіледі; 

Limit output - қосылатын өріс (сумматордың шығу мәнін шектеу) келесі 4 параметр қолданылатынын не қолданылмайтынын анықтайды;

- уақыттың жоғарғы шектеу мәні (Upper saturation limit); автоматты түрде  -

шектелмеген (inf);

- уақыттың төменгі шектеу мәні (Lower saturation limit); автоматты түрде  параметр мәні -inf;

қаныққан портты көрсету (Show saturation port);

күй портын көрсету (Show state port).

Егер де Limit output өрісі белгіленген болса, сумматор мәні жоғарғы не төменгі шектен өткен кезде блоктың қосымша шығуларында (saturation port және state port) бірлік сигнал туады. Бұл сигналды S-үлгінің жұмысын басқаруға қолдану үшін Show saturation port және Show state port өрістері қосылып тұрулары керек (сол кезде блоктың графикалық бейнесінде порттардың белгілері пайда болады). State port порттың ерекшелігі: одан шыққан сигнал тек қана алгебралық циклды үзуге немесе үлгінің ішкі жүйелеренің жұмысын келістіруге қолданылады;

в) Zero-Order Hold – нөл ретті экстраполятор;

г) First-Order Hold — бірінші ретті экстраполятор;

д) Discrete State-Space — жүйе күйін құрастыратын блок;

Кірістегі сигналға Z-түрлендіруді қолданатын блоктар:  

е) Discrete Filter;

ж) Discrete Transfer Fen;

з) Discrete Zero-Pole;

е) Memory блогының мүмкіншіліктері аз, ол кірудегі сигналды үлгілеу уақыттың бір қадамына кідіртеді. Блоктың екі параметрі бар:

Initial condition (Бастапқы күй) – блок жұмысқа қосылған кездегі кірудегі сигналдың амплитудасын анықтайды; көбінесе бұл мәнді нөлге теңестірген жөн;

Inherit sample time (уақыт қадамын қабылдау) – сигнал кідірту қадамының шамасын таңдау: егер де параметр белгіленбесе, үлгі уақыттың 0.1 бірлігіне тең минималды қадам қабылданады; егер де параметр белгіленсе, қадам  шамасы Memory блогының алдындағы блоктың Sample time мәнімен анықталады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]