Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MatLAB.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
334.38 Кб
Скачать

5.2.6 Math Operators (Математикалық операциялар) бөлігі

Бұл бөліктегі блоктарды олардың міндеті бойынша бірнеше топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа элементарлы математикалық функцияларды іске асыратын блоктар кіреді. Олар келесі:

а) Abs блогы кірудегі сигналдың абсолютиі мәнін береді (бұл блоктың параметрлері жоқ);

б) Trigonometric Function блогы кірудегі сигналды тригонометриялық функциялар көмегімен түрлендіреді; қажетті функцияны таңдау блок параметрлері терезесінде ашылатын меню көмегімен орындалады (бұл терезе блок үлгінің блок-диаграммасына орнатылғаннан кейін ашылады) ;

в) Math Function блогы кірудегі сигналды түрлендіруге элементарлы тригонометриялық емес (экспонентаны, натуралды және ондық логарифмды есептеу, дәрежені, түбірді табу, т.б.) функцияларды қолдануға мүмкіндік береді, керекті функция ашылатын менюден таңдалынады;

г) Rounding Function блоктың кірудегі сигналдың амплитудасының мәнін дөңгелектеуге негізделген әртүрлі функциялары бар; керек әдіс ашылатын менюден таңдалынады;

д) MinMax блогы кірудегі вектордың минималды және максималды элементін табуды қамтамасыздандырады. Іздеу шарты блок параметрлері терезесінде беріледі. Екінші параметр – блоктың кірістерінің саны.

Таңдалынған функцияның аты блоктың графикалық бейнесінде көрсетіледі;

е) Product блогы кірістегі бірнеше сигналдардың (шамалардың) көбейтіндісін немесе бөлігін табуға мүмкіндік береді. Блоктың параметрлері ретінде кіру сигналдарының саны және жасалынатын операция көрсетіледі. Бұл параметрлердің берілуі Sum блогының параметрлерін беруге ұқсас, көбейту операцияны көрсетуге «*» белгісі, ал бөлу операция үшін - «/» белгісі қолданылады.

Егер де параметр ретінде «1» орнатсақ, кірудегі вектордың элементтерінің көбейтіндісі есептелінеді (бұл кезде блок бейнесінде Р символы орнатылады).

Екінші топта кірудегі сигналдардың логикалық өңдеуін өткізетін блоктар орнатылған. Олар арасындағы ең маңызды және пайдалы блоктар келесі.

ж) Logical Operator блогы негізгі логикалық операциялар жиынтығынан тұрады: AND («И» немесе логикалық көбейту операциясы), ОR («ИЛИ» - логикалық қосу), NAND («И-НЕ»), NOR («ИЛИ-НЕ»), XOR (модуль 2 бойынша қосу), NOТ (логикалық мойындамау операциясы). Қажетті функция ашылатын менюден таңдалынады, функцияның аты блок бейнесінде көрсетіледі.

Блоктың тағы бір параметрі – логикалық операцияның аргументтерінің саны яғни блоктың кіру порттарының саны (Number of input ports). Оның мәні натуралды сан болуы керек, редакциялау жолда енгізіледі. Максималды кірістер саны шектелмеген.

з) Relational Operator блогы екі кірістегі сигнал арасындағы келесі қатынас опеацияларды орындайды: >, <, >, <, = = (тождестволық), != (тең емес). Белгілі функция ашылатын менюден таңдалынады, операцияның белгісі блок бейнесінде көрсетіледі;

и) Combinatorial Logic блогы кірудегі сигналды берілген ақиқаттық кестеге сәйкес түрлендіреді. Блок көмегімен кез-келген құрылғының немесе жүйенің жұмысының логикасын «кіріс-шығыс» деңгейінде түрлендіруге болады. Жалғыз ғана қойылатын талап: кірудегі мәліметтер логикалық шама ретінде көрсетілуі керек. Combinatorial Logic блогын шектелген детерминирленген автоматтың үлгісі деп есептеуге болады. Осындай автомат үшін кірудегі сигналдың барлық мүмкін болатын мәндері белгілі және олардың саны шектелген. Кез-келген шығудағы мән белгілі кірудегі әсерге сәйкес болады. Блок кірісіне скаляр сигнал мен бірге векторлық сигналда түсуіне болады. Скаляр жалғыз логикалық шама, ал вектор – олардың жиыны деп есептеледі. Сонымен бірге кірудегі сигналдың нольден тыс мәні «ақиқат» мәнге сәйкес болады.

Блоктың жалғыз қалпына келтіретін параметрі бар - Truth table (ақиқат кесте), ол автоматтың шығудағы мүмкін болатын мәндерінің тізімі болады. Ақиқат кестені бергенде келесі екі ереже орындалуы керек:

- кесте жатық жолдарының саны 2n – ге тең, мұнда п – кірудегі сигналдың элементтер саны (өлшемі);

- кесте кірістері берілген деп есептелінеді.

Мысалы, Combinatorial Logic кірісіне n = 2 векторлық сигнал беріледі, онда Truth table параметрі төрт элементтен тұратын тізім болады, мысалы, келесідей: [0;1;0;1]. Сонымен, Truth table параметрі тек қана шығудағы сигнал мәндерін бейнелейді. Шығудағы сигналдың өлшемін және олардың мәндерін пайдаланушы өзі S-үлгі жұмысының логикасына қарай анықтайды. Кез-келген нөлден тыс мән Combinatorial Logic блогында «ақиқат» деп есептелінеді (кірудегі сигнал болсын, шығудағы сигнал болсын). Пайда болған шығудағы сигнал кез-келген қарап шығатын терезеде көрсетілуі немесе S-үлгінің басқа блоктарына берілуі болады.

 

5.2.7 Port&Subsystems (Порттар мен ішкі жүйелер) бөлігі

а) In және Out блоктар үлгінің ішкі жүйелер арасындағы байланыстарды орнатады;

б) Subsystem блогы ішкі жүйені жасауға негізделген дайын блок;

Ішкі жүйе дегеніміз – төменгі деңгейдегі S-үлгі, оның өзінің бір неше деңгейдегі ішкі жүйелері болуы мүмкін.

в) Enable - Рұқсат ету;

г) Trigger - бұл жағдайда сөздің тікелей аудармасы – ілгешек  – мағнасы қолданылады.

 

5.2.8 Signal Attributes (Сигналдардың қасиеттері)

а) IC (Initial Condition – бастапқы жағдай) кірудегі сигналдың бастапқы күйін орнатуға негізделген. Жүйенің осы күйде болатын уақыты үлгілеудің қадам ұзындығына тең. Блоктың қалыпына келтіретін параметрі - Initial Value (Блокка кірген кездегі сигнал шамасы болады;

б) Width (Өлшем) блогы оның кірісіне түсетін сигнал өлшемін есептейді. Есептелген мән блок бейнесінде көрсетіледі. Блоктың параметрлері жоқ.

 

5.2.9 Signal Routing (Сигналдар бағыттары)

Бұл блокта сигнал беру бағытын анықтайтын немесе «ауыстырып қосқыш» блоктар орнатылған. Олардың саны төртеу:

а) Switch - ауыстырып қосқыш.

Switch блогының үш кірісі бар: екі мәліметтік (1-ші және 3-ші) және бір басқару (2-ші). Блоктың жұмысының логикасы келесіде. Егер де екінші кіріске түсетін сигналдың амплитудасы берілген шек мәннен кіші болмаса, онда блок шығысына сигнал бірінші  кірісінен, кері жағыдайда үшінші кірісінен түседі. Блоктың жалғыз - Threshold (Шек) параметрі бар. Ол сандық константа немесе есептелінетін өрнек түрінде берілуі болады. Switch блогының жұмысқа қосылуының периоды оның басқаратын кірісіне қосылған блоктың Sample time параметрінің мәнімен анықталады.

Сигнал бағыты өзгергенде, блок бейнесіндегі сурет өзгермейтінін еске алыңыз.

б) Manual Switch - Қолмен ауыстырып қосқыш.

Manual Switch блогының қалыпқа келтіретін параметрлері жоқ, бұл блок екі кірістегі порттың біреуін «қолмен» таңдауға мүмкіндік береді. Бағытты өзгерту үшін екі рет блок бейнесіне мышка көрсеткішімен басу қажет (әрине, блок үлгі терезесінде орнатылуы керек) түседі

в) Multiport Switch - Көп кірісі бар ауыстырып қосқыш.

Multiport Switch блогы мәліметтік кірістерге түскен сигналды шығуға тасымалдауға мүмкіндік береді. Коммутацияланатын кіріс номері басқару кіріске түсетін сигнал мәніне тең. Егер де бұл мән бөлшек болса, ол арифметика заңы бойынша дөңгелектенеді. Тек қана екі кезде өзгеше: егер де басқару сигналының мәні 1-ден кем болса, ол 1-ге тең деп алынады және басқару сигналының мәні мәліметтік кірістер санынан үлкен болса, ол ең үлкен номерге тең деп алынады (кірістер жоғарыдан төменге қарай номерленеді).

Блоктың жалғыз реттелетін мәліметтік кірістер санын анықтайтын –

Number of inputs (Кірістер саны) - параметрі бар. Параметр мәні сандық константа немесе есептелінетін өрнек түрінде орнатылады.

         Келесі үш блоктары бірге қолданылады, олар мәліметтерді тасымалдау міндетімен бірге оларды үлгілеу интервалында сақтауды қамтамасыздандырады.

г) Data Store Memory - Мәліметтердің жадысы;

д) Data Store Read - Мәліметтерді оқып алу;

е) Data Store Write  - Мәліметтерді жазу.

         Келесі екі блок S-үлгінің ішкі жүйелерінің жұмысын логикалық басқаруға негізделген:

ж) Mux блогы кірудегі шамаларды бір сызықты векторға ұйымдастырады.

Кірудегі шамалар скалярлар немесе векторлар болуы мүмкін. Нәтижеде алынатын вектордың өлшемі блоктың кіру порттарына түсетін элементтердің сандарының қосындысына тең. Mux блогының жалғыз –

• Number of inputs (Кіріс саны) параметрі бар. 

з) Demux блогының функциялары Mux блогының функцияларына кері: бұл блок кірудегі векторды берілген компоненттер санына бөледі. Бұл блоктада жалғыз Number of outputs (Шығу саны) параметрі бар.

Кірудегі вектор өлшемімен блок шығуларының саны әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан шығудағы вектордың компоненттерінің өлшемін пайдаланушы алдын-ала белгілейді. Сол кезде Demux блогының келесідей ерекшелігін есепке алу керек. Егер кірудегі вектордың (М) өлшемі Number of outputs параметр мәніне яғни блок шығуларының (N) санына тең болса, блоктың барлық шығуларында скаляр шамалар пайда болады және кірудегі вектор бөлек элементтерге ажырайды. Егер де кірудегі вектордың өлшемі блоктың шығулар санынан үлкен болса (M>N), бірінші (п-1) шығуларда пайда болатын векторлардың өлшемдері M/N қатынастың бүтін бөлігіне тең, ал соңғы шығуда – қатынастың бөлшек бөлігіне тең болады. Егер деM<N болса, үлгіні жұмысқа қосқанда қате туралы хабар  шығады («порттардың өлшемдері сәйкес емес»деген хабар) ;

 

и) Selector блогы кірудегі сигналдан таңдап алып, блок шығуына тек қана блок параметрлерінде номерлері көрсетілген элементтерді тасымалдайды. Блоктың екі параметрі бар:

Elements (Элементтер) – кірудегі вектордың элементтерінің номерлерінің тізімі;

lnput port width (Кіру портының өлшемі) –  блок көмегімен өңделетін кіру вектордың өлшемі; бұл параметрдің мәні кірудегі  вектордың элементтер санымен бірдей болуы керек.

Егер де блок кірісіне матрица берілсе, Elements тізімінде элементтерге тізбектелген номерлеу қолданылады, сонымен бірге индекстер жол бойынша өзгереді. Блок параметрлерінің мәндері оның бейнесінде графикалық түрде көрсетіледі;

к) Merge (Қосылу) блогы оның кірістеріне түскен сигналдарды бір сигналға бірліктіреді. Блоктың екі параметрі бар:

- Number of inputs (Кірулер саны) – блоктың кірулеріне берілетін сигналдардың санын анықтайды, блок жұмысы дұрыс болуы үшін барлық кіру сигналдарының өлшемдері бірдей болуы керек, бірақ бұл шарт орындалмаса қате туралы хабар берілмейді;

- Initial output (Шығуды жұмысқа қосу) – бірліктіруді жасауға берілетін сигнал, егер де параметр орнатылмаған болса, блок шығысына кіру сигналдардың біреуі беріледі.  

         Келесі блоктары бірге қолданылады, олардың міндеті - S-үлгінің әртүрлі компоненттері арасында оларға қолжеткізу (көріну) мүмкіншіліктерін есепке алып мәліметтермен алмасуды қамтамасыздандару:

л) Goto Tag Visibility (Көріну белгісі), From (Қабылдау) және Goto (Беру)

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]