Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

111

 

 

қоланылатын құстарға байланысты діни наным - сенімдер, жалпы аңшылыққа байланысты таным т.б.) туралы мәлімет алады.

VI семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 12

ARH 3003 Әлем халықтарының этнографиясы ARH 3004 Шет ел археологиясы

Кәсіби элективті модульдер Кәсіби элективті модуль 6. 6 кредит.

Этникалық тарих және көшпенділердің мәдениеті

ARH 3017 Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этномәдени тарихы

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2001

ARH 3018 Көшпелі өркениет.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2001

Аталған модульде ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясында мекендеген тайпаларда қалыптасқан этномәдени үрдістердің тарихын қарастырады. Археолиялық және жазба деректері негізінде ерте темір дәуірінде қалыптасқан этномәдени жағдай суреттеледі. Аталған мәселе бойынша революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі, қазіргі таңдағы зерттелу мәселесі, яғни, тарихнамасы қарастырылады. Сондай ақ, жер игеру мәдениетімен салыстырғанда көшпелі өркениет далалық аймақта пайда болды. Ол далалық өмірдің қыр-сырына қанық болғандықтан өз маңызын әлі күнге жоғалтқан жоқ. Бұл арнайы курс Қазақстан территориясында қола дәуірінде кең етек жайған көшпелілер өркениетін қарастырады. Номадтар феномені қазіргі танда этникалық сана-сезімнің аясында зерттелініп отыр. Модульдің мақсаты - студенттерге көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениеттегі алатын орнын ашып көрсету. Сонымен қатар, студенттер курсты оқу барысында көшпелілер өркениетінің зерттелу тарихын, деректік көзіне байланысты мәліметтерді қарастырады.

Алғашқы қауымдық өнер (на англ. языке) ARH 3019 Қазақстан петроглифі (ағылшын

тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1001

ARH 3020 Алғашқы қауымдық өнер (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

Бұл модуль студенттерге, археологиялық деректерді маңызды бір бөлігі болып саналатын тастағы жазулар арқылы бейнелеу өнерінің, сондай-ақ діни көзқарастардың даму динамикасын, заттай мәдениет тарихын оқып, үйретеді. Сондай-ақ модульді оқу барысында барысында петроглифтердің адам өмірінде алған орны мен пайда болу ерекшеліктері қарастырылады. Модульдің мақсаты – Қазақстан петроглифтері, соның ішінде ерекшесі болып саналатын – Тамғалытас кешені туралы жан-жақты білім беру.

Модульді оқу барысында студеттерде Қазақстан жартастарындағы суреттер туралы, олардың уақыты және орналасқан жері туралы түсінік қалыптасады. Сонымен қатар, петроглифтердің көшірмесін жасау, суретке түсіру, тастағы суреттерді кезеңге бөлу жұмыстарымен танысады. Модульдің мақсаты – адамзат тарихының жазу пайда болмаған кезеңдердегі қоғамның пайда болу, қалыптасу, даму тарихын адам шығармашылығы (алғашқы қауым өнері) негізінде түсіндіру. Студенттерді тас ғасыры кезеңінде пайда болған өнер туындыларымен таныстыру. Курста кейінгі тас ғасырының алғашқы кезеңдерінде қалыптасып, 22-24 мың жылдықтарға дейін созылған алғашқы қауымдық аңшылардың бізге жеткен қол өнер туындыларын қарастырады.

Ортағасырлық қалалар

ARH 3021 Оңтүстік Қазақстанның ұзын қорғанды қалалары.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

ARH 3022 Қазақстанның ортағасырлық қорғану жүйелері.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

Модульдің мақсаты – студенттерге ұзын қорғанды қалалар түсін ашықтау, ұзын қорғанды қалалардың өзіндік ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Курсты оқу барысында ұзын қорғанды орта ғасырлық қалалардың орналасу аймағы мен ерекшеліктерімен танысады. Сондайақ курс аясында студенттер Қазақстанның ұзын қорғанды қалаларыный аумағында пайда болған материалдық мәдениетттерге тоқталады. Сонымен қатар Қазақстанның тарихи-топографиялық ерекшеліктері мен олардың даму тарихы қарастырылады. Модульді оқу барысында ежелгі және ортағасырлық қалалардың дамуы мен қорғану жүйелері зерттеледі. Фортификациялық жүйенің дамуы хронологиялық тәртіппен беріледі. Студенттер Қазақстан аумағында қолданылған орта ғасырлардағы қорғаныс жүйелерінің түрлері туралы мәлімет алады. Курсты оқу барысында Қазақстандағы ортағасырлық қалалардың дамыған жерлері, ерекшеліктері, уақыты, олардың территориясындағы пайда болған материалдық мәдениет, олардың даму тарихындағы тарихитопографиялық ерекшеліктер қарастырылады.

Кәсіби элективті модуль 7. 6 кредит.

Қазақ диаспорасы және этнодемография ARH 3023 Қазақ диаспорасының тарихы мен

мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

ARH 3024 Қазақстанның этнодемографиясы.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

Бұл модуль қазақ диаспоралары мен ирредентерінде қалыптасқын теоретикалық проблемалар мен тарихи аспектілер жайлы білім береді. Модуль аясында этникалық тарихтың, көші-қон тарихының негізгі сәттері, алыс-жақын шетелдердегі қазақтардың

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

112

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

этномәдени ерекшеліктері туралы мәлімет алады. Курста студенттерді қазақ диаспорасының этникалық тарихымен және мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерімен танысады. Сонымен қатар, қазақ диспорасының этникалық тарихын, өмір сүруінің дәстүрлі жүйесін, этникалық және этномәдени үрдістерінің негізін және олардың этнотрансформациялық, этноэволюциялық дамуын зерттейді. Сондай ақ, х а л ы қ т а р мен этностардың өзара байланысын зерттейтін этнодемографияның негізгі білімдерін оқып үйренеді. Студенттер этнодемографияның әдістерімен: этникалық санақ, халық санағы мәліметтерін саралау, арнайы демографиялық және этнографиялық, мәдени-тұрмыстық мәліметтерді зерттеу жұмыстарымен танысады. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстан халықтарының сандық және сапалық өзгеру тарихын қарастырады. Соның ішінде тууын, сандық өсуін, өлімін, кәсіптік деңгейін, халықтың әлеуметтік құрылымын оқып үйренеді.

Зергерлік және қолданбалы өнер ARH 3025 Қазақтың қолданбалы өнері.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2010

ARH 3026 Қазақтардың зергерлік өнері.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2010

Бұл модульді оқу барысында шығармашылықтың тұрмыс-тіршілік қажеттілігін өтеу мақсатында пайда болған өнер туындылары қолданбалы өнер жөнінде мағлұматтар біле алады. Аталмыш курс кең көлемде қазақ халқының қоланбалы өнерінің түрлерін, соның ішінде дәстүрлі сәулет өнерін, эстетикалық және көркем өнерін игеруге көмектеседі. Қолданбалы өнердің тарихи қайнаркөздері, қазақ қоғамының рухани-матреиалдық өмірінде алатын орнын ашып көрсетеді. Аталған модуль қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің шығу тегі, қоғамның материалдық және рухани өмірінде алатын орны туралы түсіндіреді. Студенттер қазақ халқындағы қолданбалы өнерінде және киім кешектерінде қолданылатын ою-өрнектердің, маталардың, түстердің түрлері мен ерекшеліктері туралы мәлімет алады. Сондай ақ, қазақ халқының зергерлік өнерін жан-жақты оқып үйренеді. Оның шеңберінде әр зергерлік өнердің даму сатысы, тарихы, жүйелік сүрыпталуы беріледі. Қазақ халқының зергерлік өнеріне байланысты музейлік коллекциялардың негізінде студенттер зергерлік бұйымдарды даярлау барырысында пайдаланылған материалдармен және технологиялармен танысады.

Қазақтардың өнері (шетел тілінде)

ARH 3027 Қазақтың қолөнер кәсіпкершілігі (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: NWHS 2004

ARH 3028 Европадағы германдықтардың өнері мен мәдениеті (неміс тілінде)

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2014

Бұл модульді оқу барысында студенттер қазақ халқының қолөнерінің дамуы, қолданбалы өнер туындылырының түрлері, қазақ халқының материалдық мәдениеті мен тұрмыс тіршілдігінде алатын орны туралы мәлімет алады. Сондайақ, қолөнер шеберлері жұмыстарының негізгі бағыттары, қолөнер заттарын дайындаудағы шеберлердің қолданатын негізгі әдістері мен тәсілдері туралы мәлімет алады. Курсты оқу барсында студенттер ерлер қолөнері мен әйелдер қолөнерінің түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, өзіндік ерекшеліктері және қолөнер бұйымдарының жасалу формасы мен техникасындағы аймақтық ерекшеліктері, қолөнер бұйымдарына қатысты қалыптасқан әдетғұрыптар мен наным-сенімдер туралы мәселелерді оқып, үйренеді. Сонымен бірге Европадағы герман тілдес халықтардың өнері мен мәдениеті, олардың қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері қарастырылады.

4 курс VII семестр

Кәсіби элективті модульдер Кәсіби элективті модуль 8. 6 кредит.

Архитектура және мемориалдық ескерткіштер

ARH 4001 Қазақстан және Орталық Азия ар­ хитектурасы.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

ARH 4002 Қазақстанның ғұрыптық-культтік кешені.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

Бұл модульді оқу барысында Орталық Азия мен Қазақстан архитектурасының ерекшеліктерімен, ғимараттарды тұрғызу дәстүрлерімен, архитектураның түрлі ескерткіштерінің тари-

хымен танысады.

Шығыс

архитектурасының

ерекшеліктері,

соның

ішінде

қазақ

ескерткіштеріндегі

ерекшеліктер қарастырлады.

Курс барысында студенттер Орталық Азия мен Қазақстан архитектурасындағы ерекшеліктермен, ғимараттарды тұрғызу дәстүрлерімен, архитектура тарихымен танысады. Сонымен қатар студенттер Орталық Азия мен Қазақстан архитектуралық ескерткіштеріндегі ұлттық нақыштердың қолданылу ерекшеліктеріне тоқталады. Сондай ақ, негізгі археологиялық деректердің бірі мемориялды-ғұрыптық кешендер жөнінде мағлұматтар алады. Ерте темір, қола дәуірі мен ерте ортағасырлық мемориялды-ғұрыптық кешендерге обалар, қорғандар, кесенелер, киелі орындар жатады. Курс оларды жерлеу-ғұрыптық ескерткіштер ретінде қарастырады. Аталған модуль суденттерге Қазақстан ескерткіштері мен архитектуралық өнеріннің ерте және ортағасырлық ғұрыптық кешендерін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар курс студенттер қазіргі таңдағы ортағасырлық кешендердің маңызын оқып біле алады.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

113

 

 

Қазақстанның қола ғасыры және ерте темір дәуірі.

ARH 4003 Бегазы-Дәндібай мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2001

ARH 4004 Қазақстанның ерте темір дәуірі мен ортағасыр тайпаларының қарулануы.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2001

Модульді оқу барысында студенттер Қазақстанға тән арнайы мәдеиет түрі – БеғазыДәндібай мәдениетімен танысады, Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің орнына келген Беғазы-Дәндібайі мәдениеті туралы мәлімет алады. Бұл мәдениеттің ерекшеліктері – күрделі жоспарлы монументалды обалар. Олардың бай жерлеу ғұрыптары мемлекет құруға жақын қоғамдағы рулық жақындықтарын көрсетеді. Студенттер Беғазы-Дәндібай мәдениетінің Қазақстан архиологиясында алатын орны мен тарихын қарастырады. Сондай ақ, мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуы сол елдің әскери ісіне байланысты болып табылады, сондықтан да, аталмыш курс Қазақстандағы тайпалардың әскери ісі мен қару-жарағын ерте темір дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қарастырады. Себебі әскери өнер барлық халықтардың өмір сүруінің негізі болып табылады. Курстың мақсаты - студенттерге кез-келген мемлекетің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы сол елдің әскери күшіне тәуелді екенін түсіндіру, Қазақстанның ерте темір дәуірі мен ортағасырдағы тайпаларының қару-жарағындағы ерекшеліктерді қарастырады .

Қазақстан қалаларын зерттеу тарихы ARH 4005 Қазақстанның көне қалалары.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

ARH 4006 Ортағасырлық қалалардың өркениеті мен мәдениеті

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

Аталмыш модуль Қазақстан территориясындағы ежелгі қалалардың пайда болуы мен дамуы тарихын қарастрады. Пән сондай-ақ Қазақстанның ежелгі қалаларының ел тарихындағы алатын орнын оқытады. Студенттер қалалардың құрылымы ерекшеліктері туралы мәлімет алады. Курс барысында ежелгі

қалалардың

ерекшеліктері, таралу аймақтары,

материалдық

мәдениеттері,

даму

тарихы

мен

тарихи-топографиялық

ерекшеліктері

қарастырылады. Сонымен қатар курс барысында студенттер қазақстаннның ежелгі қалаларырын қорғану жүйесімен, саяси-әлеуметтік еркшеліктері туралы мәлімет алады. Сондай ақ, курсты оқу барысында студенттер археологиялық ғылыми әдебиеттерде жарық көрген археологиялық мәліметттермен, зерттелу тарихымен танысады. Студенттер курс барысында отандық және шетелдік археолог-ғалымдар еңбектерін отырып, ғылыми көзқарастардың дамуымен, археологиялық зерттеулердің типологиясымен, негізгі ғылыми бағыттарын қарастырады. Жал-

пы курстың мақсаты студенттерді археологиялық зерттеулердің тарихнамасын оқып үйренеді.

Модульдің пәндері өркениеттің жоғары деңгейіне жеткен ортағасырлық қалалар мәдениетінің дамуын оқып үйренуге бағытталған. Осы үдерістердің дамуына және халықтардың дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды, сондай ақ, дәстүрлі –шаруашылық саласына әсер ететін себептерді де қарастырады. Ортағасырлық қалалардың ерекшелігі және олардың орналасуы халықаралық байланыстардың дамуына және этникалық тайпалар мен халықтардың мәдениетінің дамуына ықпал етеді.

Кәсіби элективті модуль9

Ғылыми жаратылыстану әдістері (ағылшын тілінде)

ARH 4007 Картография және топография негіздері (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1006

ARH 4008 Тарихи география (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1006

Осы модульді оқу барысында картография географиялық карталарды жасау мен қолдану әдістерін үйретеді. Топография – жердің үстіңгі бедерін зерттей отырып, оларды топографиялық карталар мен пландар түрінде қағазға түсіру әдістерін үйретеді. Ұсынылып отырған курс топография ісі мен картография негіздерін оқытады. Аталмыш курс картография және топография негіздерін қарастырады. Сонымен қатар курс аясында студенттер техникалық өлшеу құралдарының әдістерімен қатар, қазба жұмыстарының жоспарын, аймақтың топокартасын жасауды үйренеді. Сондай ақ, тарихи география – тарихи кезеңдегі, адам қоғамының әсері негізінен жер бедерінің өзгеру үрдісі жөнінде мағлұматтар алады. Тарихи география отарлау тарихын, тарихи этнография мен аймақтақ тарихты қарастырады. Курс барысында студенттер адамзат тарихы басталған белгілі аймақтың тарихымен, негізгі еңбектермен, тарихи географияға қатысты мәліметтермен танысады. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер адамзат тарихындағы өзгерістер жайлы мағлұмат алады. Модуль аясында студенттер Қазақстандағы тарихи географияның зерттелу мәселесімен, тарихнамасымен танысады.

Антропология , культ пен ғұрыптар ARH 4009 Тарихи антропология.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 2002

ARH 4010 Қазақстанның көне тайпаларының әдет-ғұрыптары.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 3029

Бұл модульде тарихи антропологияны – адамзаттың саяси-мәдени тарихының зертейтін бағыт ретінде қарастырады. Модульдің мақсаты - студенттерге адамның антропологиялық типі туралы түсініктеме беру. Сонымен қатар, этникалық үрдістердің бағыттары, ертедегі және қазіргі

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

114

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

кездегі өмір сүріп жатқан халықтардың тайпалық ерекшеліктері туралы мағлұмат алады. Курстың міндеті - студенттерді адамды антропологиялық тұрғыдан тану әдісіне үйрету. Сонымен бірге бұл модульді оқу барысында Қазақстан аумағын мекендеген көне тайпалардың культі мен нанымсенімдерінің ерекшеліктері туралы мәлімет алады. Студенттер көне тайпалардың наным-сенімдерін қарастыра отырып, қазіргі кездегі қаншалықты өзгеріске ұшырағандығына салыстырмалы саралау жасауға мүмкіндік алады. Қазақстанның көне тайпаларының наным-сенімдерінің революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі, қазіргі таңдағы зерттелу мәселесі, яғни, тарихнамасы қарастырылады.

Музей тарихы және өлкетану

ARH 4011 Қазақстанның музейлер тарихы.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1007

ARH 4012 Тарихи өлкетану.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1007

Бұл модульді оқу барысында Отандық музейлердің пайда болуы мен дамуы, олардың әлемдік тарихи-мәдени мұраларды сақтаудағы орнымен танысады. Курстың мақсаты – студенттерді Қазақстандағы музейлерінің пайда болуындағы ортақ заңдылықтармен, музейлердің қоғам өміріндегі алтын орындарымен таныстыру. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстандағы тарихи (соның ішінде археологиялық және этнологиялық) музейлермен танысады. Аталмыш типтегі музейлердің қалыптасуы тарихымен және музей қорларын жинау тарихымен танысады. Студенттер отандық тарихи музейлердің қор, экспозиция, экскурциялық жұмыстарымен, Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын сақтаушы ретінде қоғам өмірінде алатын орынымен таныстырады. Сондай ақ, т а р и х и өлкетану туған өлкенің тарихын оқытуды мақсат етеді. Өлкетанудың әсіресе, тарихи өлкетанудың негізгі қарастыратын мәселелерінің бірі қазіргі таңдағы мемлекеттіліктің дамып, жастардың өз өткен тарихын, салт-дәстүрлерін, аймақтық даму ерекшеліктерін білуге деген қызығушылығының артуы, саяси-әлеуметтік өзгерулерді қарастыру болып табылады. Курс барысында ерте кезден бастап, қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасқан тарихи-өлекетанулық мәліметтерді жинау мен жүйелеудің негізгі кезеңдері, өлкетанулық жұмыстардың түрлері, өлкетанулық мекемелер мен ұйымдардың жұмыстары баяндалады. Студенттер пәннің терминологиялақ аппаратымен, тирихи-өлкетанулық жұмыстардың заңдыққұқықтық негіздерімен танысады.

Кәсіби элективті модуль10

Қазақтың дәстүрлі ілімі

ARH 4013 Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы,

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1007

ARH 4014 Қазақ халқының ілім-білімдері.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1007

Бұл модульде қазақ халқының тарихи даму барысындағы дүниетанымы мен идеологиясын оқытады. Студенттер Евразия даласын мекен ететін басқа тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы туралы мәлімет алды. Студенттерге қазақ халқының рухани мұраларының ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіре отырып, қазақ дүниетанымына шығыс халықтарының әсіресе түркі халықтарының әсерін ашып көрсетеді. Сонымен қатар қазақ халқының ертеден қалыптасқын астрономия, күнтізбе, медицина, халықтық ветеренария саласындағы ерекшеліктері туралы білім беріледі. Курстың мақсаты студенттерге әлеуметтікқұқықтық тәртіп жайлы білім беру. Сондай ақ, қазақ халқының дәстүрлі ілім-білімдері халықтың материалдық және рухани өмірінен көрініс беретін қоршаған орта, жалпы адам туралы, ғасырлар бойы қалыптасқан білімдерінің негізін құрайды. Бұл курс түрлі тарихи кезеңдегі қазақ халқының халықтық медицина, астрономия, мал дәрігерлігі, күнтізбе саласындағы ілімбілім мәселесін зерттейді. Модульден студенттер ежелгі қазақтардың дүниетанымы мен дәстүрлері, өзгеріске ұшырауы және бөгде халықтар мәдениетінің тигізген әсері туралы мәлімет алады.

Қазақтың этникалық тарихы

ARH 4015 Қазақтың рулық құрамы.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1006

ARH 4016 Шежире этнографиялық дерек.

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1006

Бұл модульде көшпенді өмір сүруге бейімделген қазақ халқының өзіндік негізгі қасиеттерінің бірі

– күрделі, тамыры тереңде жатқан ішкі этникалық құрылымы болып табылады. Қазақ халқының рутайпалық құрамы көп сатылы болып келеді. Әр ру көптеген ирархиялық құрылымдағы этникалық топтардан және күрделі жүйелі тармақтардан тұрады. Соның нәтижесінде барлық рулық құрылымның күрделі генеологиялық мұрасы, сонымен қатар өздері мақтан тұтатын, аңызға айналған батыр тұлғалары болды. Бұл курстың негізгі мақсаты - қазақ халқының ру-тайпалық құрылымы және бірлестігінің қалыптасу тарихын қарастыру. Пәнді оқу барысында студенттер ру-тайпалық қарым-қатынастың қалыптасу және даму тарихы мен этнотайпалық тарихынан мағлұматтар алады. Сондай ақ, шежірені оқу барысында этностың, тайпаның, рудың шығу тегі жөнінде тарихнамалық, жылнамалық мәліметтер алады. Евразия көшпенділерінің этногенезі, этникалық тарихы және дәстүрлі әлеуметтік қатынастарын зерттеу үшін деректерді пайдалануда ерекше ғылыми негіздемесі бар. Шежіре бойынша материалдарды зерттеу барысында тарихи дерек ретіндегі репрезентативтілігін және оның тарихнамалық дәстүріндегі тарихи және этнографиялық ақпараттарды тарату ролін түсіну керек. Шежірені тарихи-этнографиялық матери-

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

115

 

 

ал ретінде пайдалану қазақ этносының этникалық тарихын ашуда маңызды орын алады. Берілген модульдегі пәндер рулық-тайпалық ұжыммен қазақ халқының құрылымын, ру-тайпалық қатынастардың генезисі мен дамуын қарастырады. Студенттер қазақ халқының этнотайпалық тарихы жөнінде және оның Қазақстан территориясында таралуын оқып үйренеді.

Діни сенім-нанымдар (шетел тілінде)

ARH 4017 Орталық Азияның көне, ортағасыр және қазіргі діндері (ағылшын тілінде).

3 кредит. Пререквизиттері: ARH 1007

ARH 4018 Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезендегі германдыктардің діни (неміс тілінде)

3 кредит. Пререквизиттері: WHST 1007

Орталық Азия аймағында ежелгі кезеңнен бастап қазіргі күнге дейін көптеген діндер қалыптасып дамыды. Олардың қатарында ислам, христиан, заорстризм,манихейлік тағы басқа діндерді атап өтуге болады. Курс аясында студенттер дін пайда болғанға дейінгі наным-сенімдермен, сондай-ақ, Орталық Азия аумағында ежелгі дәуірлерден бастап қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасқан діндермен танысады. Студенттер діндердің даму бағыттарын, осы аймақтардағы мемлекеттердің дамуына тигізген әсерлерін қарастрады. Сондай-ақ Орта Азиядағы ежелгі, ортағасырлық және қазіргі діни нанымсенімдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, қоғам өмірі үшін маңыздылығын көрсетеді. Сондай ақ, модульде халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі дін мен наыс-сенімдерін оқып үйренеді. Студенттер діннің таралу жолдарын ғана емес, олардың дін басыларын, сонымен бірге діни көз-қарастырдың мемлекеттің, сол территориядағы халықтардың саясатына ықпалы да қарастырылады.

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1 - Жалпы білімдік және кәсіби пәндерді, археология және этнология ғылымдарының базалық теориялық негіздерін, археология және этнология тарихын білу, археолог және этнологтың кәсіби қызметінің әдістері мен әдіснамасын білу және мақсатын түсіну, этнографиялық экспедициялар, археологиялық барлаулар мен қазбалар жүргізудің әдістерін білу және құралдармен жұмыс жасауды игеру, археология және этнология деректерін анықтай және таба білу, әлемдік археологиялық және этнологиялық ғылымдардың заңдылықтары мен заманауи үрдістерін түсініп, Қазақстан археологиясы мен этнологиясында жаңа бағыттарды іздеп, жетілдіру мақсатында түсіне білу.

D2 – Жаңа

ақпараттық

технологиялар-

ды, компьютерлік

бағдарламаларды ғылыми,

экспедициялық

және

реставрациялық

жұмыстарда қолдана білу, Қазақстан және шет ел территориясындағы мәдениет ескерткіштерін

қорғау және қалпына келтіру, қарау, есепке алу, фиксация жасау әдістерін білу, лабораториялық жағдайда археологиялық және этнологиялық артефактілерді пайдалана білу және камеральды өңдеудің дағдыларына икемді болу, қазақтың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениеттері туралы, мәдениеттегі оның жалпы және ерекшелігі жөніндегі ілімдерін білу, оны басқа этностардың мәдениетімен салыстыра білу, Еуразия көшпенділері мәдениетінің тарихы мен негізгі элементтерін білу.

D3 – Археологиялық және этнологиялық заттарды сараптау және бағалау салаларында жұмыс дағдыларын игеру, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларымен байланысты: археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізу, анкета, сауалнама құрастыру, фототүсірілім жасау, сонымен бірге этникалық және ұлтаралық үдерістерге, конфессионалдық және басқа да мәселелерге ғылыми талдау жасауды игеру, көне және ортағасырлық Қазақстан тарихы салаларында жаңа білімдерді және жаңалықтарды меңгеру, оны жаңа археологиялық ескерткіштерді іздестіру мақсатында игеру, Қазақстан территориясында негізгі археологиялық ескерткіштерді палеолит заманынан ортағасырлық қалаларға дейінгі әрқилы ескерткіштерді оқып үйрену.

D4 – Этнос теориясының іргелі базасын, ежелгі және заманауи даму заңдылықтар контекстіндегі этникалық және этномәдени үдерістердегі концептуалдық негіздеріне талдау жасай білу, қазақ диаспорологиясы саласындағы миграция жолы, қазақтардың тарихи тағдыры, репатриациясы саласындағы білімдерді игеру, қазақтың дәстүрлі мәдениетінің жоғары және төменгі тұрақты элементтерін дифференциялауды білу. Этнология саласындағы Қазақстандағы этникалық топтар этнографиясы жөніндегі білімдерді меңгеру, экспедиция жұмыстары барысында алынған қолөнер, зергерлік өнердің заттарына сараптау жүргізуді білу.

D5 - Әлеуметтік-мәдени, этникалық және этномәдени құбылыстарды, олардың сапалық және сандық мазмұндарының теориялық үлгілерін жасай білу дағдыларын игеру, әлемдегі және Қазақстандағы этникалық үдерістердің даму үрдісінің дамуын анықтай білу, қазақтардың дүниетанымы мен халықтық білімі туралы білімдерді меңгеру, қазақ қоғамындағы рутайпалық құрылымдардың ерекшеліктері және Қазақстанның әр аудандарындағы дәстүрлі мәдениеттердің ерекшеліктеріне бағыттай білу, қазақтардың халықтық ойындары және аң аулау және фольклор салаларындағы білімдерді білу, қазақтың қолөнерінің негізін білу, көне замандардан Қазақстан территорияларында қолданылған исламға дейінгі көне сенімдерді білу.

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

116

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

5В041900 - МУЗЕЙ ІСІ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 3 кредит.

ENG 1001, FRE 1001, GER 1001 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.

WHST 1007 Ежелгі дүние және орта ғасыр та­ рихы. 3 кредит.

ARH 1010 Археология. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 1. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсат үшін қазақ (орыс) тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Курс қазақ тілі дамуының ерекшеліктері мен тенденцияларының өзекті мәселелерін қарастырады. Қазақ тілінің қалыптасу кезеңдері мен оның қазіргі әлемдегі мәні мен ролін ашып көрсетеді.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 2. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиеті.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Курс қазақ тілі мен әдебиетінің дамуының

ерекшеліктері

мен

тенденцияларының

өзекті мәселелерін

қарастырады. Қазақ тілі

мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдері және атақты қазақ жазушылары мен ақындары шығармаларының қазіргі әлемдегі мәні мен ролін ашып көрсетеді.

Негізгі элективті модуль 3. 3 кредит. SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздік негіздері.

1 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

2 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Берілген модульды оқу барысында студенттер тіршілік қауіпсіздік негіздері бойынша дағдылар қалыптастырады, сондай-ақ, қазіргі Қазақстан мен әлем алдында тұрған негізгі экологиялық проблемалар туралы дағдылар қалыптасады. Сондай-ақ, студенттер қазіргі өркениетті сақтау және дамыту үшін қазіргі гуманистік құндылықтар мәнін түсіне алады, қоршаған орта туралы әлеуметтік-мәнді көзқарасты көрсетеді, экологиялық және басқа қауіпсіздік мәселелерді шешуде әртүрлі коммуникацияларға дайын бо­ лады.

Негізгі элективті модуль 4. 3 кредит. POL 1001 Саясаттану.

Саясаттану — саясат туралы ғылым. Пәнді оқу барысында студенттер билік, мемлеттік-саяси ұйымдар, сияси институт, құқық сияқты қоғам мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын түсініктермен байланысты, қоғам өмірінің осы маңызды саласы туралы мәлімет алады.

ІІсеместр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 3. 6 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. ARH 1012 Тарихи өлкетану. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 6 кредит. WHST 1010 Әлемдік музейлер. 3 кредит. ARH 1011 Музейтануға кіріспе. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 8. 3 кредит.

АСТН 1003 Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы. 3 кредит.

2 курс

ІІІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит. PHIL 2001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит. WHST 2014 Өнер тарихы. 3 кредит. ARH 2016 Этнология. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 5. 6 кредит. LAW 2001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: POL 1001.

ECN 2001 Экономика теориясының негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Құқық – бұл мемлекет тарапынан қадағаланып отыратын әлуметтік институт, құқықтық нормалардың жиынтағы болып табылады. Курсты оқу барысында студенттерде мемлекет пен құқық теориясы туралы түсінік қалыптасып, конституциялық құқықтың өзекті мәселелері - Конституция ұғымы мен маңыздылығы, тұлғалық қалыптасу, конституциялық құқықтарды анықтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының еркіндігі мен міндеттері туралы білім алады. Курсты оқу барысында студенттер экономика ғылымының негіздерімен танысып меңгеруге, экономикалық мектептермен байланысын түсінуі тиіс. Олар экономиканың негізгі сұрақтары туралы мәлімет алады. Курс аясында студенттер экономикалық зерттеулердің әдістерімен, экономиканың қоғам өміріндегі алатын орны мен мақсат-міндеттерімен, экономиканың ғылым ретінде даму сатысымен танысады.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

117

 

 

Негізгі элективті модуль 6. 6 кредит. SOC 2001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

PSY 2001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Әлеуметтану – қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын, сонымен қатар саяси институттар мен үртістер, саяси топтар мен қарым-қатынастар туралы ғылым. Сондай-ақ әлеуметтану адам әрекеттері мен қарым-қатынастарының, әлеуметтік коммуникациялар жүйесін зерттейді. Студенттер әлеуметтік зерттеулердің әдістері, тәсілдері туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Психология — бұл психологиялық үрдістердің (сезу, қабылдау, болжау, жад, ойлану, қиялдау) пайда болуы, қалыптасуы, дамуы ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейтін білім саласы. Ол сонымен қатар адамның психологиялық жағдайы (сезім, көңіл-күй,бір қалыптылық, фрустрация және т.б.), және психологиялық негіз (бағыттылық, қабілет, міне-құлық, темперамент) сияқты мәселені қарастырады. Психология басқа көптеген ғылым салаларымен араласа отырып, жаңа ғылым салаларын қалыптастыруда.

Кәсіби элективті модульдер Мәдени мұра және туризм. 6кредит.

ARH 2017 Туризм саласындағы музейлер және музейлік ескерткіштер.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011

ARH 2018 Тарихи-мәдени туризм.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011

Модуль музейдің және музейлік ескерткіштердің туризм саласындағы маңызын кәрсетеді. Музейге келуші туристердің сұраныстарын, деңгейін, қажеттіліктерін анықтайды. Қазақстандағы туризмнің даму бағыттарының аясында музей қызметінің халықаралық деңгейдегі дамуын көрсетеді. Модульдің мақсаты студенттерді Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларымен таныстыру. Пән тарихи ескерткіштердің туризм саласындағы маңыздалағын қарастырады. Сондай-ақ, сұраныс, туристердің қажеттілігі, туристік қызметтер деңгейінің оқыту әдістемесін ашып көрсетеді.

Алғашқы қауым тарихы және өнері. 6 кредит. ARH 1002 Алғашқы қауым тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010

ARH 3020 Алғашқы қауым өнері

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010

Модульдің мақсаты – адамзат тарихының жазу пайда болмаған кезеңдердегі қоғамның пайда болу, қалыптасу, даму тарихын адам шығармашылығы (алғашқы қауым өнері) негізінде түсіндіру. Студенттерді тас ғасыры кезеңінде пайда болған өнер туындыларымен таныстыру. Курс кейінгі тас ғасырының алғашқы кезеңдерінде қалыптасып, 22-24 мың жылдықтарға дейін созылған алғашқы қауымдық аңшылардың бізге жеткен қол өнер туындыларын қарастырады.

Халықаралық музей мекемелері. 6 кредит. ARH 2019 Ескерткіштерді қорғаудағы

халықаралық ұйымдардың қызметі.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011.

ARH 2020 Халықаралық қатынас жүйесіндегі әлем музейлері

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011.

Берілген модульдың шеңберінде берілетін білім, ең алдымен музей ісі және ескерткіштерді қорғау саласында сұранысқа ие, музейлерде, галереяларда, көрме орталықтарына қажетті білікті маман музеологтарды дайындауға бағытталған. Мұнан басқа, студенттер берілген модуль бойынша Қазақстандағы және шетелдік музейлер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, саралау ұйымдары, Қазақстандағы және оның территориясынан тыс ескерткіштерді және материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды қорғаудағы халықаралық ұйымдардың жұмысы туралы білім береді (ЮНЕСКО, ИКОМ, ИКОМОС, Рим клубы).

IV семестр

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 10. 6 кредит.

WHST 2012 Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы. 3 кредит.

NWHS 2004 Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер Экскурсиялық іс. 6 кредит.

ARH 2021 Экскурсиялық жұмыстың әдісі мен практикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011, WHST

1010.

ARH 2022 Экскурсия-туристік қызметтегі ме­ неджмент.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011, WHST

1010.

Еліміз дамуының әртүрлі кезеңінде экскурсия жүргізу де әртүрлі мақсаттарда орындалды. Экскурсия тарихи кезеңдегі ұлттық сана-сезімнің дамуын, қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. Курс аясында студенттер экскурсияға дайындалу әдістері мен экскурсия өткізу ерекшеліктерімен танысады. Курстың мақсаты студенттерді әдіснамалық құжаттар құруға үйрету.

Ежелгі көшпенділер өркениеті. 6 кредит. ARH 3018 Көшпенділер өркениеті

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 2023 Жібек жолындағы мәдениет және өркениет

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Жер игеру мәдениетімен салыстырғанда көшпелі өркениет далалық аймақта пайда болды. Ол далалық өмірдің қыр-сырына қанық болғандықтан өз маңызын әлі күнге жоғалтқан жоқ. Бұл арнайы курс Қазақстан территориясында қола дәуірінде кең етек жайған көшпелілер

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

118

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

өркениетін қарастырады. Номадтар феномені қазіргі танда этникалық сана-сезімнің аясында зерттелініп отыр. Курстың мақсаты - студенттерге көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениеттегі алатын орнын ашып көрсету. Сонымен қатар, студенттер курсты оқу барысында көшпелілер өркениетінің зерттелу тарихын, деректік көзіне байланысты мәліметтерді қарастырады. Жібек Жолы – Қытайдан Таяу Шығыс пен Батысқа дейін созылған керуен жолы. Оның біраз бөлігі Қазақстан мен Орта Азия аймағын басып өтті. Ол ғасырлар бойы өз мәнін жоймай, тек түрлі тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. VIVII ғасырларда Қытайдан Батысқа бағытталған, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін басып өткен жол қарқынды болды. Қазақстан мен Орталық Азия аймағын басып өтетін Жібек Жолы VIII-XII ғасырлада шарықтап дамыды. Ұлы Жібек жолы Еуразия және Африка континентіндегі халықтар тарихында маңызды рөл ойнайды. Аталған жол ертедегі көптеген мемлекеттердің экономикалық қарым-қатынасын қамтамассыз етті. Бұл жол арқылы тек сауда ғана жүріп қоймай, рухани құндылықтар алмасуы да жүрді. Ұлы Жібек жолы бойымен дін, рухани мәдениет элеметтері, сән ағымдары жүрді.

Қазақстанның қола және ерте темір ғасыры ескерткіштері музей коллекцияларында. 6 кре­ дит.

ARH 2024 Музейдегі Қазақстанның қола ғасырының ескерткіштері

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 2025 Музейдегі Қазақстанның ерте темір ғасырының ескерткіштері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Бұл модуль Қазақстанның қола дәуірі ескеткіштерін, олардың зертелу тарихын қамтиды. Студенттер қола дәуірінің кезеңдері, сол кезеңдерде қалыптасқан мәдениеттер, үлкен ескертіштер туралы мәліметтер алады. Пәннің міндеді студеттерге қола дәуірінің ерекшеліктерін түсіндіру. Модуль студенттерге Қазақстанның ерте темір дәірі, оның зерттелу мәселесі туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер Қазақстанның ерте темір дәуірін қамтитын кезеңдер, сол уақытта қалыптасқан мәдениеттер, үлкен мәдени ескерткіштер, ежелгі металургиялық орталықтар туралы білімдерін толықтырады. Пәннің міндеті темір дәуірінде қалыптасқан ескерткіштердің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.

Музейдегі қару-жарақ және геральдика. 6 кредит.

ARH 2026 Орталық Азияның геральдикасы мен сфрагистикасының тарихы

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, NWHS

2004.

ARH 2027 Қазақстан музейлері қорларындағы қару-жарақ

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Модуль Орталық Азия елдеріндегі геральдика мен сфрагистикасының даму тарихын оқуға және қосалқы тарихи пәндер негізіндегі аталған салалардың музей дерегі ретінде сипаттамаға арналған. Аталған модульде ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейін тіршілік қамының негізіне, яғни, Орталық Азия халықтарының әскери ісі мен қарулануын оқытуға арналған. Курстың маңыздылығы кез-келген мемлекеттің әлеуметтіксаяси, экономикалық жағдайының әскери әс дамуына тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Қазіргі музей мекемелері. 6 кредит.

ARH 2028 Ашық аспан астындағы музейлер.

3 кредит. Пререквизиттер: WHST 2012, NWHS

2004.

ARH 2029 Экомузейлер және олардың қызметі

3 кредит. Пререквизиттер: WHST 3010.

Ашық аспан астындағы музей – бұл музейлердің жиынтығы. Негізгі объектілер және экспозициялар ашықтерриторияда орналасады. Ашық аспан астындағы музейлер (қозғалмайтын) ескерткіштердің және тарихи мәдениетттің қозғалмайтын, яғни табиғи аймақтарында қалыптасады. Студеттер бұл пәнді оқу барынсында ашық аспан астындағы музейлермен қатар басқа да музейлер туралы білімін жетілдіре түседі. Экологиялық музей - қазіргі таңдағы қоғам дамуындағы қызметі ерекше маңызды мекемесінің типі. Ол халық пен мемлекеттің табиғатты қорғау қызметіне белсене араласуына көмектеседі. Студенттер Қазақстанның және әлемнің экомузейлерімен танысып, олардан өткен экологиялық проблемаларды шешудегі жұмыс бағыттары туралы білді.

Қазақтың материалдық мәдениеті. 6 кредит. ARH 2030 Қазақ халқының ұлттық киімдері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, ACTH

1003.

ARH 3002 Қазақ халқынның материалдық мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, ACTH

1003.

Бұл курс дәстүрлі киімдердің ерекшеліктері мен түрлерін, оның жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты қолданылуын, әлеуметтік, аймақтық белгілерін қарастырады. Студенттер ұлттық киімдердің жасалу ерекшеліктері, онда салынған зергерлік бейнелердің ерекшеліктері, өюөрнектің салыну негіздері туралы білім алады. Пәннің мақсаты, ұлттық киімдерге байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер мен ғұрыптық ерекшеліктерді ашып көрсету.

3 курс

V семестр

Негізгі міндетті модуль 11. 6 кредит. ARH 3029 Ғылыми-қор жұмысы. 3 кредит.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

119

 

 

ARH 3011 Қазақстан музейлерінің тарихы. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер Музей заттарын атрибуциялау. 6 кредит.

ARH 3032 Музей қорларындағы жазба және бейнелеу дереккөздері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

ARH 3033 Керамика музей дереккөзі ретінде.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

Жазба деректер – музей затының ерекше түрі. Оралдағы ақпараттар зеттреушіге басқа дерек түрінен кездестіре алмайтын елдің саяси, мәдени, экономикалық жағдайы туралы мәліметтер беруі мүмкін. Мүзейдегі көркем деректер қаза болған адамдарды, қала мен елді-мекендерді қайта жаң,ыртуға көмектеседі. Негізгі ерекшелігі көрушілерге қарапайым түтде жеткізіледі Аталмыш арнайы курсты оқу барысында қыш және оның негізгі түрлері туралы жалпы түсінік беріліп, оны дайындау және өңдеу процесіне назар аударылады. Сондай-ақ қыштың музей дерегі ретіндегі ерекшеліктеріне сиипаттама беріледі. Студен қыш түрлерін өңдеудің ооларға сипаттама беру тәсілін меңгереді.

Музейдегі археологиялық ескерткіштер. 6 кредит.

ARH 3034 Музейдегі Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 3035 Евразияның палеолиттік өнері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Тас ғасырында адам өміріндегі маңызды жағдайлар болды: адам пайда болды, егін егу мен мал шаруашылығы қалыптасты, қыш өңделді, еңбек пен аңшылыққа қажетті тас құралдарды дами түсті. Аталмыш курс студент­ терге тас ғасыры, тас өңдеу технологиялары, сол кездегі Қазақстан территориясында қалыптасқан (Арыстанды, Атбасар, Ботай) тұрақтары жөнінде ақпарат береді. Міндеті студенттер­ ге тас ғасыры ескеркіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Сонымен қатар студенттер тұрақтар, шеберханалар және үңгірлер жөнінде білімдерін жетілдіреді. Модульдің мақсаты – адамзат тарихының жазу пайда болмаған кезеңдердегі қоғамның пайда болу, қалыптасу, даму тари­ хын адам шығармашылығы (алғашқы қауым өнері) негізінде түсіндіру. Студенттерді тас ғасыры кезеңінде пайда болған өнер туындыла­ рымен таныстыру. Курс кейінгі тас ғасырының алғашқы кезеңдерінде қалыптасып, 22-24 мың жылдықтарға дейін созылған алғашқы қауымдық аңшылардың бізге жеткен қол өнер туындыла­ рын қарастырады.

Музейдің ғылыми жұмысы, 6 кредит.

ARH 3036 Музей мекемелерінің ғылымизерттеу қызметі.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

ARH 3037 Музейлік педагогика, психология және әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011.

Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы оның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі музейлік жұмыстардың негізін құрайды. Ол қорлардың ғылыми негізі мен толыққанды жинақталуын, жүйеленуін, музей заттарының ғылыми сипатталуын, сақталуын, қорғалуын және қайта жөнделуін қарастырады. Ғылыми зерттеу жұмысы музейдің ғылыми-қор, экспозиция, білім саласындағы жұмыстарын көрсететіндіктен кез-келген музейдің атқаратын негізгі қыметтерінің бірі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі музей қызметінің, қорларды ғылыми жинақтаудың, музейдегі заттарды ғылыми сипаттаудың, консервация мен ретаврацияладің дәрежесін, коллекцияларды сақтау мен қорғаудың көрінісі болып табылады. Модульді оқу барысында студенттер музейдің ғылыми жұмыстарындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстардың негізі, жоспарлар жасаудың ережелері, музейаралық зерттеулерді ұйымдастыру туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы музейлер халықтың әлеуметтік, жастық, кәсіптік категориясына білімділік-тәрбиелік маңызы бар фактор ретінде де көрінеді. Музей бұл жүйеде материалдық және рухани табиғат ескерткіштерін жинап, сақтап, зерттеп, жариялайтын институт ретінде маңызды рөл атқарады. Социологгтардың зерттеулері бойынша музейдің қаншалықты дәрежеде ғылыми білім бере алатынын, өз қорын кең қолдана алатынын анықтауға бағыттылған. Социологиямен тығыз байланыстағы музейлік психология музей мекемелеріндегі тәрбие, сондай-ақ музей адамға психологиялық тұрғыдан қалай әсер ететінін анықтауға бағыттылған. Курс аясында студенттер экскурцияны құрастыру және өткізу әдістерімен экскурция ұйымдастыру әдістерімен, олардық қоғамға әсерімен танысады.

Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің әдістері. 6 кредит.

ARH 3038. Археологиялық материалдарды музейде өңдеу.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 3039 Археологиялық зерттеулер әдістері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Модуль бойынша археологиялық артефактілерді зерттеуде оның пайда болған және өмір сүрген уақытын анықтау қажет. Сондай зерттеулердің бірі камералық өңдеу – қазба жұмысынан табылған заттан толық дерек алуды мақсат ететін, археологиялық зерттеудің екінші сатысы болып табылады. Студенттер өңдеу барысында қолданылатын топологиялық, физикалық, трассологиялық, эксперименталдық әдістермен танысады. Аталмыш курс қыштарды, теріні, қағазды, металл мен металл заттарды камералық

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

120

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

өңдеу мәселесіне арналған. Курстың мақсаты

– камералық өңдеудің әдістері мен мақсаттық әдістемесімен таныстыру. Пәнді оқу барысында студенттер археологиялық құралдарды өңдеу технологиясын меңгереді. Модульдың мақсаты – студенттерге археологиялық зерттеудің әдістері туралы түсінік беріп, оның дағдыларына үйрету болып табылады.

Музей және ескерткіштерді қорғау. 6 кредит. ARH 3040 Эрмитаж тарихы.

3 кредит. Пререквизитттер: WHST 1010. ARH 3041 Тарихи және мәдени ескерткіштерді

қорғау.

3 кредит. Пререквизиттер: NWHS 2004.

Қазігі заманғы даму кезеңінде адамзат алдында әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу деген сұрақ туады. Қазақстан әлем өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде 20 мың жылдық уақытты қамтитын тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Соңғы кездерде тарихи-мәдени ескеткіштерді сақтау және қорғау ұғымы жиі қолданылады. Мәдени мұраға деген қарым-қатынас діни, қоғамдық-саяси мәнге ие болып отыр. Мәселені осылайша қою мәдениеттің дамуы мемелекеттің саяси өміріндегі өзгерістерге байланысты дамитындығымен түсіндіреді. Бүгінгі таңда тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту мен сақтауда біраз тәжірибе жинадық. Бұл істерге халықтың көп бөлігін араластыру үлкен мәнге ие. Модульды оқу барысында студенттер әлемдік және отандық ескерткіштерді сақтау, қорғау мекемелерінің жұмыстарымен танысады. Соынмен қатар, сарайлық коллекциядан бастап әлемдік әйгілі музейге айналғанға дейін өскен Эрмитаж тарихымен таныстыру осы модульдың негізгі мақсатына жатады. Эрмитаж өз қорында алғашқы қоғам тарихынан бастап осы күнге дейінгі аралықты қамтитын көптеген ұлы өнер туындылары мен мәдениет объектілерін сақтайды. Эрмитаж бірнеше тарихи ғимараттарда орналасқан. Қорына 3 млн. музейлік құндылықтар кіреді. Берілген модульдың мақсаты - әлемдік ірі музейлердің бірі болып табылатын Эрмитаждың құрылу тарихы, қорларының құрылуы, экспозициялық, ғылымизерттеу, мәдени-тәрбие жұмыстарымен таныстыра отырып, студенттерге Эрмитаж туралы толық мағлұмат беру. Курс студенттерді Эрмитаж тарихы және Эрмитаждың картина галереясымен, оның коллекцияларының қалыптасу тарихымен таныстырады.

Ежелгі Қазақстанның алтын бұйымдары мен теңгелері. 6 кредит.

ARH 2010 Қазақстанның көне алтындары.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 2008 Қазақстан нумизматикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Қазақстан жерінде көптеген алтын бұйымдарға толы ескерткіштер табылған. Модуль аясында студенттер Қазақстан жерінде табылған ал-

тын бұйымдармен танысады. Олардың арасында әлемдік маңызы бар ескерткіштер: Шілікті қорғанынан табылған бұғы түріндегі салпыншақтар, Тұрдақ қорымынан табылған білезіктер, Бурабай өзені маңынан табылған зергерлік бұйымдар, Қара-Ағаш аңғарынын табылған алтын заттар бар. Курста сақ-сібір стилі аң стильді мәдениет ескерткіштері толық назарға алынады. Курстың мақсаты - студенттерді осы алтындардың артефактыларымен, олардан табылған ескертіштермен, алтынның дайындалу тәсілімен тарыстыру. Модульдің міндеті Қазақстанның ерте алтындары семантикасы туралы түсінік қалыптастыру. Сонымен қатар, модуль монета соғу және ақша айналымын зерттейтін қосалқы тарихи пән – нумизматика негізінен білім береді. Модульды оқу барысында студенттер Қазақстан территориясында болған монета алаңдары туралы білімдерін жетілдіреді. Сондайақ тирихи кезеңдерге байланысты қолданылған ақша түрлерімен танысады. Курс нумизматика материялдарын музейлерде сыныптау мен жүйелеу негіздерімен танысады. Сондай-ақ, музейлерде нумизматика материялдарын тіркеу, қорларда сақтау, ғылыми зерттеу жұмыстарының қалай жүргізілетіндігін біледі.

VI семестр

Негізгі міндетті модуль 12. 6 кредит.

ARH 3030 Музей экспозициясын ғылыми жо­ балау. 3 кредит.

ARH 3031 Музей менеджменті және маркетингі. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті. 6 кредит.

ARH 3042 Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

ARH 3043 Қазақ киіз үйі және оның жабдықтары.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

Сәндік-қолданбалы өнер – тұрмыс-тіршіліке қажетті көркемдік туындылар жасайтын өнердің бір саласы. Аталмыш модуль қазақ халқының көркем өнерінің үлкен бір саласын қамтитын

– сәндік қолданбалы өнер туындыларын зерттеуге бағыттылған. Сонымен қатар студенттер курсты оқу барысында қазақтардың сәндік қолданбалы өнері туралы тарихи деректерге талдау жасай отырып, оның қоғам өміріндегі заттай және рухани ерекшеліктері мен маңызын түсінеді. Сондай-ақ, киіз үй қазақ халқының көп ғасырлық мәдениетінің көрінісі. Қазақтардың күнделікті өмірінде үлкен орын алғандықтан, тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты болды. Киіз үйінің жабдықтары сәндік-қолданбалы өнер туындылары болып табылады. Бұл модуль шеңберінде студенттерге қазақ киіз үйінің шығу тегі, қырылымы, семантикалық мәні туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, қазақ үйге байла-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]