Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

9. Қылмыстық жауаптылықтың өзге құқықтық жауаптылық түрлерімен ара қатынасы.

Қылмыстық жауапкершілік – қылмыстық заңдағы көрсетілген іс әрекетті жасағандағы үшін осы заңға сүйене отырып сот органдарымен қолданылатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасының бір түрі. Қылмыстық құқықта ол жазамен атқарылады. Ал әкімшілік құқықта жаза жоқ. Жауапкершілік деген кең ұғым, жазаға қарағанда, жаза жауапкершіліктің бір тармағы болып табылады.

Қылмыстық жаза деп істелген қылмыстың зардабы болып мемплекеттің ең ауыр куштеу шарасы және одан сотталғандық атағы болады. Басқаларында мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.

Кейбір реттерде қылмыс та құқықбұзушылықта бір объектіге қол сұғуы мүмкін. Бұл жерде қоғамға қауіптіліктің бірі зиян мөлшеріне қарай анықтаймыз. Егер зиян едәуір жоғарғы материалдық нұқсан (10 ортақ айлық есеп көрсеткіштен жоғары болса) болса, онда ол қылмыс. Ал егер көрсетілген зиян аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқықтық жауаптылық түрлерінен ажыратуға көмектеседі.

Екіншіден, Адамға берілген құқықты белгіленген тәртіптен заңсыз өз бетінше пайдалану бұл адамның құқығының бұзуына әкеп соқтырса, онда ол қылмыс ретінде сараланады. Ал елеулі түрде құқықбұзушылық жоқ болса, онда бұл әрекет әкімшілік құқықпен сараланады.

Сонымен қатар, ҚКтің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды. деп көрсетілген. Ендігі жерде іс әрекетке жыл ішінде әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына байланысты қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болады, яғни қылмыс санатына жатады. Мысалы, ҚКте қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіргендік үшін жауаптылық осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамға қолданылады деп көрсетілген. Яғни әкімшілік құқықбұзушылықты жыл ішінде қайталау іс әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипатын ұлғайтып, қылмыс қатарына жатқызуға негіз болады.

10. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.

Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз. ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қоғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.Берілген ереже ҚР-ң 1997 жылғы ҚК-де көрініс тапты. ҚР-ң ҚК-ң 9-бабы: "Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті кінәлі түрде жасалған әрекет (әрекет және әрекетсіздік) қылмыс деп танылады". Мұндай заңнамалық анықтамалар бізді дамыған әлем елдерінің ҚК-ң ұқсас ережелеріне және құқық қолданушылық қызмет қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді.ҚР ҚК 9 б 1 б берілген қылмыс анықтамасында қылмыстың келесідей белгілері бөлініп көрсетілген: "Қоғамдық қауіптілік (қарсы әрекет), құқыққа қайшылығы, кінәлілік, жазаланушылық".Қоғамдық қауіптілік – қылмыстың материальдық белгісі, әлеуметтік мәнін ашатын қылмыс белгісі, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянын келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын әрекет қоғамдық қауіпті деп танылады.Зиян әртүрлі болуы мүмкін: материалдық, психикалық, идеологиялық, физиологиялық, ұйымдық-басқармалық және т.б. ҚР ҚК 9-бабында қоғамдық қауіптілік кінәмен қатар әрекеттің объективтік заңдылығы ретінде анықталады.Қоғамдық қауіптілік тек қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қылмысқа қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі тән. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің деңгейінің анықтауда - қылмыстық сандық сипаттамасы сот тәжірибесі нақты жасалған қылмыстық әрекеттің барлық жағдайларының жиынтығынан шығады (кінә нысаны, мақсаты, әдісі, жағдайы, қылмыс жасау сатысы, зардап ауырлығы, қылмыс қатысушылардың әрқайсысына қылмысқа қатысу деңгейі мен сипаты және т.б.). Қылмыстық әрекеттің екінші міндетті белгісі болып оның құқыққа қайшылығы табылады. Оның мәні қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тыйым салынуы. Қалай болғанда да қоғамдық қауіпті әрекет егер ол үшін қылмыстық заңда жауапкершілік көзделмесе қылмыс болып табылмайды. Солай бола тұра әрбір қоғамдық қауіпті әрекет қылмыстық болып табылмайды, ол қоғамдық қауіптіліктің жеткілікті деңгейіне ие болу керек. Қылмыстық заңға қайшылық қоғамдық қауіптіліктің заңды көрінісі деген жалпы қабылданған көзғараспен келіскен жөн. Сонымен қатар қоғамдық қауіптілік түсінігін заңда қайшылық түсінігіне залал келтіре отырып абсолюттендірудің қажеттілігі жоқ. Бұл бір-бірінен салыстыруды қажет етпейтін өзара байланысты түсініктер.Қылмыстың келесі негізгі белгісі болып кінәлілік табылады. Кәнілілік адамның іс әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты қасақаналық не абайсыздықтың орын алуы. Республикамыздың қылмыстық теориясымен тәжірибесі субъективтік қабілеттілікті қабылдайды және объективтік қабілеттілікті кінәсіз жауаптылықты көздемейді. Кінәсіз жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың міндетті белгілері болып кінәлілік табылады, ол ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының диспозициясында көрсетілген шектеулерді бұзғанда жаза қолдану қатерімен анықталады.Әрекет етіп жатқан қылмыстық заңнамада әртүрлі негіздермен қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату көзделген және бұл декримилизация еместігін көрсетеді.Соңғы белгісі жазаланушылық ҚК Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар үшін жаза көрсетілгенімен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]