Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмыстык кукык.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
25.11.2019
Размер:
131.58 Кб
Скачать

1Қылмыстық жауаптылық туындау үшін негіз болып табылады?

Іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы

2 Қандай түсіндіру әдісі бойынша түсіндіруге жатпайды?

аутентикалық

3 Көрсетілген қылмыстардың қайсысы іс бойынша дәлелдеме жинаудың процессуалдық тәртібіне қол сұғушылық болып табылады?

жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету;

жауап беруге мәжбүр ету;

5 Қасақана жасалған әрекеттер үшін ең ауыр жаза 20 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әрекеттер қылмыстың қай санатына жатады?

аса ауыр қылмыстар

6 Қандай заңның кері күші болады?

негізгі жазаны өзгеріссіз қалдырып, қосымша жазаны жоятын заң

7 Көрсетілген қағидалардың қайсысы қылмыстық құқықтың жалпы құқықтық қағидасына жатады?

заңдылық қағидасы

8 Қылмыс құрамының элементі болып табылмайды?

қылмыс заты

9 Тұлғаның іс-әрекет пен одан туындаған салдарға психикалық көзқарасының болуымен, қоғамға қауіпті әрекет қылмыстың құқыққа қайшы екендігін қылмыстың белгілерінің қайсысы анықтайды?

кінәлілік

10 Заңмен арнайы өкілетті орган берген түсіндіру қалай аталады?

ресми

11 Заңда көрсетілген іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) барлығын жасау қылмысты аяқталған деп тану үшін жеткілікті негіз болып табылатын қылмыс?

балама қимылдағы қылмыс

12 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың нақты объектісін көрсет:

мемлекеттік билік және басқару органдарының қалыпты басқару әрекеті

13 Қылмыстық кодекстің бабына сілтемені қылмысты саралау деп санауға болады:

тергеушінің қылмыстық қудалауды тоқтату жөніндегі қаулысындағы

14 3 белгі бойынша адам есі дұрыс емес деп танылады. Берілген белгілердің қайсысы есі дұрыс еместіктің критерийі болып табылмайды?

физиологиялық

15 Қандай қасиет қылмыстық іс-қимылға тән белгінің қатарына жатпайды?

адамның өз еркіне байланысты емес, тойтарылмайтын күштер арқылы қоғамға зиянды залал келтірілсе

16 Қылмыстың объективтік жағының қай белгісі материалдық қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмайды?

қылмыстың істелген уақыты

17 Қандай қылмыстарда қоғамға қауіпті зардап қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады?

материалды қылмыс құрамында

18 Қылмыскер тура, анықталған (белгілі) немесе  бірнеше қалаулы нәтижелердің біріне ұмтылуы?

нақтыланған ой

19 Жәбірленушінің мүлкін иемденген кезден бастап, қай қылмыс аяқталған деп есептелінеді?

тонау

20 Тонау қарақшылықтан қандай белгісі бойынша ажыратылады?

әрекеттің әдісіне байланысты

21 Көлік коммуникациясының зақымдалуы мыналардың қайсысының белгісі болып табылады?

темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу

22 Әрекет қылмыс деп есептеледі, егер ол ерекше қорғалатын табиғи аймақта не төтенше экологиялық жағдай аумағында істелсе:

заңсыз аңшылық

23 Көрсетілген қылмыстардың қайсысы іс бойынша дәлелдемелерді жинаудың  процессуалдық тәртібіне қол сұғады?

дәлелдемелерді бұрмалау

24 Өлтірудің обьективтік белгісінің ауырлататын мән жайларына жатады:

екі немесе оданда көп тұлғаны өлтіру

25 Жеке кәсіпкердің банкроттық жағдайда мүлікті өзгенің иелігіне беруі, мүлікті иеліктен шығаруы, мүлікті жоюы мына қылмыс құрамының   объективтік жағын құрайды

банкроттық жағдайындағы заңсыз әрекеттер

26 Мына көрсетілген қылмыстар ішінен халық денсаулығына қарсы қылмыстарға  жатпайды?

жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар құру немесе сақтау

27 Бандитизм қылмыс құрамының құрылымы бойынша

келте құрам

28.Көрсетілген жағдайлардың қайсысында айналымнан алынып тасталған затттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы орын алмайды?

мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы ерекше тарихи құндылығы бар заттарды декларация тапсырмай немесе шындыққа сай емес декларация тапсыру арқылы өткізу

29. Мына көрсетілген әрекеттердің қайсысы заңсыз қару жасауға жатпайды?

заңсыз радиоактивті заттар дайындау

30. «Жай» кісі өлтіруге жатады

қызғаныштан  өлтіру

31 ҚазКСР-нің ҚК 173-1 бабында полиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайлар қастандық жасағаны үшін өлім жазасы көрсетілген болатын. Бұл санкцияның қай түріне жатады?

абсолютті-анықталған санкция

32 Қылмыс құрамының элементі болып табылады?

субъект

33 Қандай түсіндіру көлемі бойынша түсіндіруге жатпайды?

аутентикалық

34 Төменде көрсетілген субъектілердің қайсысы ҚР ҚК-і бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды?

дипломатиялық иммунитеті бар адам

35 ҚР аумағында қылмыс жасаған шетел азаматтары төменде көрсетілген қылмыстық заңның кеңістіктегі күші қағидаларының қайсысымен қылмыстық жауаптылыққа тартылады?

аумақтық қағида

36 Объектінің қай түріне қылмыстар қол сұғады, егер жасалғаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормалар ҚК бір тарауында қарастырылған болса?

топтық объект

37 Қандай диспозицияда қылмыстық әрекеттің белгілері сипатталмай көрсетіледі?

жай диспозиция

38 Көрсетілген қылмыстардың қайсысы іс бойынша дәлелдеме жинаудың процессуалдық тәртібіне қол сұғушылық болып табылады?

жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету;

39 Қылмыстық құқықтың формальды қайнар көздеріне жатады?

қылмыстық заң

40 Қай кезден бастап қылмыстық жауаптылық туындайды?

тұлғаның нақты қылмыс жасауынан

41 Тұлға істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік мәнін түсіну, оның қоғамға зиянды зардабының нақты мүмкін екендігін алдын ала білу, осы зардаптың болуын тілегенімен, оның болуына саналы түрде жол беру:

жанама қасақаналық

42 Қылмыс қаруын немесе құралдарын дайындауы немесе бейімделуі қасақана қылмысты жасаудың қандай сатыларына жатады?

қылмысқа дайындық

43 Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын айтуды құрайтын жария сөз сөйлеу:

жала жапқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады

44 Көрсетілген қылмыстардың қайсысы сөт төрелігінің конституциялық қағидаларының іске асуына қол сұғады?

қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату

көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару

45 Қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына шынайы қауіп төндіргендегі әрекет төмендегі жағдайлардың қайсысында қылмыс болып табылады?

поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату

46 Қылмыстық құқықта себепті байланыс белгілі критерийлермен сипатталады. Төменде берілген белгілердің қайсысы қылмыстық құқықтағы себепті байланысқа тән емес?

ол тек қылмыстық құқықта көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардапты ғана емес, сонымен қатар барлық белгілердің арасындағы байланысты білдіреді

47 Бұл белгі бойынша адам өзінің іс-әрекетінің шын мәніндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмауын білдіреді:

заңдылық

48 Берілген белгілердің қайсысы арнайы субъектінің қосымша белгісі болып табылмайды?

есі дұрыстығы

49 Ұрлық тонаудан қалай ажыратылады?

әрекетті жүзеге асыру әдісіне байланысты

50 Лауазымды адамдардың қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы төмендегі қылмыстардың қайсысына жатады?

салақтық

51 Ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге алу немесе кепіл ретінде ұстау

адамды кепілге алу

52 Абайсызда ауыр немесе аса ауыр денсаулыққа зиян келтірудің белгісін көрсет:

жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу

53 Өмірдің аяқталуы деп танылады

бас ми мен орталық жүйке жүйесіндегі органикалық өзгерістер

54 Денсаулыққа қарсы қылмыстарға жатады

азаптау

55 Қандай қылмыс бөтеннің мүлкін ұрлау нысаны болып табылмайды?

алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру

56 Өлтірудің обьективтік белгісінің ауырлататын мән-жайларына жатады

кәсіптік немесе қоғамдық міндетті жүзеге асыру кезінде тұлғаны немесе оның жақын туыстарын өлтіру

аса қатыгездікпен  өлтіру

57 Кісі өлтірудің субьективтік белгісінің ауырлататын мән-жайларына жатады:

дәрменсіздік жағдайында болғанда өлтіру

58 Адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соқтыратын нәтиже мына қылмыс  құрамын қажет етеді:

санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу

59 Құрылымы бойынша кісі өлтіру құрамы болады

материалдық

61 Қай көрсеткіштердің көмегімен қылмыстың санатын бөліп көрсетуге болады?

заңмен берілген санкцияның шегі мен кінәнің формасы

62 Қылмыс құрамының  қай түрі заңда сипатталу тәсілі бойынша ажыратылады?

күрделі қылмыс құрамы