- •2. Қылмыстық заңның міндеттері, жүйесі
- •5. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың сипаттамасы.
- •6. Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы, диспозиция және санкциялардың түрлері.
- •7. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және жауаптылықтың негізі
- •8. Қылмыстық жауаптылықтың сатылары, олардың сипаттамасы
- •9. Қылмыстық жауаптылықтың өзге құқықтық жауаптылық түрлерімен ара қатынасы.
- •10. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •11. Қылмыстың теріс қылықтан айырмашылығы.
- •12.Қылмыстық құрамының түсінігі және «қылмыс» ұғымымен арақатынасы
- •14. Қылмыстық құрамының міндетті және қосымша белгілері және олардың құқықтық сипатамасы.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері және олардың сипаттамасы.
- •31.Қылмыскердің жеке басы және қылмыс субъектісі ұғымдарының ара қатынасы.
- •33. Аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түсінігі және түрлері.
- •34. Қылмысқа дайындалудың белгілері және оның құқықтық салдары
- •35. Қылмысқа оқталу және оның түрлері.
- •36.Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның салдары.
- •37. Шын жүректен өкіну, оның белгілері, салдары.
- •38. Бірге қатысушылардың түсінігі, түрлері.
- •43. Іске аспаған қылмысқа қатысушылық үшін жауаптылық.
- •45. Қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары
- •46. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы (эксцесс)
- •51.Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және түрлері, және квалификациялау тәртібі.
- •52. Қылмыстың қайталануының (рецидив) түсінігі, түрлері және квалификациялау тәртібі.
- •62. Қосымша жазалар және олардың сипаттамасы
- •63. Аралас жазалар және олардың сипаттамасы
- •65. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының сипаттамасы
- •67. Асановтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлімінде көрсетілген ережеге сай келе ме?
- •69.Есеп.
- •72. Кәмелеттік жасқа толған Сәлімов пәтер ұрлау үшін топ құрды. Топтың құрамына 12 жасар Шөкеев, 15 жасар Асқаров кірді. Осы топ бірнеше ұрлық жасады және тағы да бөтен пәтерге кіру кезінде ұсталды
- •1. Қылмыстың субъектісі кім болып табылады?
- •2. Аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар ма?
- •76. Төлеев көршісі Ивановты өлтіруді көздеп, күртешесінің астына балта тығып, Ивановтың үйіне кетіп бара жатырғанда полицияның учаскелік инспекторына ұсталды.
- •1. Төлеевтің әрекеттері қылмыс жасаудың қай сатысында тоқтатылды?
- •77.Ауыл дүкенінен Дрыгин және Моисеев бағалы заттар ұрлау үшін Носовпен уәделесті. Бірақ кейін Носов өзінің уәдесін орындай алмайтындығын айтып бас тартты.
- •78. Кобиков Семеновтың пәтеріне балкон арқылы кіріп, магитафонды алып кетті. Біраз уақыттан кейін ол ұрлық жасау мақсатымен сол пәтерге қайтып кірді, бірақ пәтер иесіне ұсталып қалды.
- •79. Ғалым дәрігерлер Гусев және Малошенко мүгедіктікке .....
65. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының сипаттамасы
Қоғамдық жұмыстар деп сотталғанның негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында қоғамдық пайдалы жұмысты тегін орындауын айтады. Оның түрлерін жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталғанның тұрақты тұратын жерінде қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін объектілерде қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза жөніндегі сот үкімі соттың тиісті қарарының көшірмесін қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей атқарылады.
Қылмыстық-атқару инспекциясы: сотталғандардың есебін жүргізеді; оларға жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін түсіндіреді; жергілікті атқарушы органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоғамдық жұмыстардың объектілерін белгілейді; сотталғандардың мінез-құлқын бақылайды; жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешім қабылдайды; олардың атқарған уақытының жалпы санын жүргізеді және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшін қаржының тиісті бюджетке уақытында түсуін бақылайды.
Сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға, өздеріне бөлінген объектілерде жұмыс істеуге және сот белгіленген қоғамдық жұмыстардың мерзімін атқаруға, тұрған жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға міндетті.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы ұйымдардың әкімшілігі сотталғандардың істеген жұмысы үшін бюджетке ай сайын қаржы аударып отырады. Сотталғандардың жасаған жұмысының құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден сотталғанның қасақана жалтарғанына мыналар кіреді: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз бір айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатынан жасырынғаны.
|
66. Қазақстан кемесі шетел мемлекетінің айлағында тұрған уақытта жолаушылар Гаев пен Ким кеме бортында төбелесіп қалды. Төбелес кезінде Гаев Кимді пышақтап жарақаттады. 1. Кеме қай мемлекеттің аумағында тұрған болып есептеледі. 2. Гаевтың жауаптылығын шешіңдер. ҚР-ның айлағында тіркелген ҚР-ның шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңестігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, қылмыстық кодекс б-ша қылм жауапқа тартылады.ҚР-ң әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы кодекс б-ша қылмыстық жауапқа тартылады. Осылайша, Гаев ҚР-ң қылм кодексі б-ша жауапқа тартылу керек. Ол қылм кодекстің 6-бабы б-ша жауапкершілікке тартылуы керек болады. ҚР шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады, аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асрыуға болмайды. |