- •2. Қылмыстық заңның міндеттері, жүйесі
- •5. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың сипаттамасы.
- •6. Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы, диспозиция және санкциялардың түрлері.
- •7. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және жауаптылықтың негізі
- •8. Қылмыстық жауаптылықтың сатылары, олардың сипаттамасы
- •9. Қылмыстық жауаптылықтың өзге құқықтық жауаптылық түрлерімен ара қатынасы.
- •10. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •11. Қылмыстың теріс қылықтан айырмашылығы.
- •12.Қылмыстық құрамының түсінігі және «қылмыс» ұғымымен арақатынасы
- •14. Қылмыстық құрамының міндетті және қосымша белгілері және олардың құқықтық сипатамасы.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері және олардың сипаттамасы.
- •31.Қылмыскердің жеке басы және қылмыс субъектісі ұғымдарының ара қатынасы.
- •33. Аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түсінігі және түрлері.
- •34. Қылмысқа дайындалудың белгілері және оның құқықтық салдары
- •35. Қылмысқа оқталу және оның түрлері.
- •36.Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның салдары.
- •37. Шын жүректен өкіну, оның белгілері, салдары.
- •38. Бірге қатысушылардың түсінігі, түрлері.
- •43. Іске аспаған қылмысқа қатысушылық үшін жауаптылық.
- •45. Қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары
- •46. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы (эксцесс)
- •51.Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және түрлері, және квалификациялау тәртібі.
- •52. Қылмыстың қайталануының (рецидив) түсінігі, түрлері және квалификациялау тәртібі.
- •62. Қосымша жазалар және олардың сипаттамасы
- •63. Аралас жазалар және олардың сипаттамасы
- •65. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының сипаттамасы
- •67. Асановтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлімінде көрсетілген ережеге сай келе ме?
- •69.Есеп.
- •72. Кәмелеттік жасқа толған Сәлімов пәтер ұрлау үшін топ құрды. Топтың құрамына 12 жасар Шөкеев, 15 жасар Асқаров кірді. Осы топ бірнеше ұрлық жасады және тағы да бөтен пәтерге кіру кезінде ұсталды
- •1. Қылмыстың субъектісі кім болып табылады?
- •2. Аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар ма?
- •76. Төлеев көршісі Ивановты өлтіруді көздеп, күртешесінің астына балта тығып, Ивановтың үйіне кетіп бара жатырғанда полицияның учаскелік инспекторына ұсталды.
- •1. Төлеевтің әрекеттері қылмыс жасаудың қай сатысында тоқтатылды?
- •77.Ауыл дүкенінен Дрыгин және Моисеев бағалы заттар ұрлау үшін Носовпен уәделесті. Бірақ кейін Носов өзінің уәдесін орындай алмайтындығын айтып бас тартты.
- •78. Кобиков Семеновтың пәтеріне балкон арқылы кіріп, магитафонды алып кетті. Біраз уақыттан кейін ол ұрлық жасау мақсатымен сол пәтерге қайтып кірді, бірақ пәтер иесіне ұсталып қалды.
- •79. Ғалым дәрігерлер Гусев және Малошенко мүгедіктікке .....
35. Қылмысқа оқталу және оның түрлері.
Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс әрекет, бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Қылмыс істеуге оқталудың төрт белгісі бар: 1) Іс әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субьектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі; 2) субьективтік белгісі қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады; 3) Істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі б.т.; 4) Кінәлінің ырқынан тыс себептерден қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі.
Қылмысқа оқталғандығы үшін жауаптылықтың түрлері және ерекшеліктері. Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс әрекет, бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады. Қылмысты істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты қылмысты оқталудың өзі біткен және бітпеген деп екіге бөлінеді. Біткен оқталу деп, кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс әрекеттерін толық істеуі, бірақ осыған қарамастан , адамның ырқынан тыс жағдайда қылмыс аяқталмайды. Бітпеген оқталу деп, кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс әрекеттерін толық емес, жарым жартылай орындау б.т. Қылмыс істеуге оқталу жарамсыз обьектіге, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталу деп екі түрге бөлінеді.
36.Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның салдары.
ҚК бойынша адамның қылмыс істеуге дайындалу әрекетін не әрекетсіздігін тоқтату, егер адам сол қылмысты аяғына дейін жеткізе алатын мүмкіндігі бола тұра қылмысты аяқтаудан өз еркімен бас тартса ол қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы болып табылады. Егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмысты ақырына жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Өз еркімен бас тарту болған іс әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмыстың әр сатысында яғни қылмысқа даярлық, қылмысқа істеуге оқталғандық сатыларының әр қайсысында бола алады. егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярлағанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс жасаудан бас тартса, онда бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болып табылмайды. Мысалы: бір ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіртіп бас тартса, онда ол даярлық кезінде қылмыстан бас тарту болады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, егер қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартқан адам оның нақты істеген іс әректінде басқа бір қылмыстың белгілері болса ғана жауаптылыққа тартылады. Ал оның іс әрекетінде қылмыстың ондай белгілері болмаса, онда ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Қылмыс жасаудан бас тартудың екі белгісі:
өз еркімен бас тарту керек;
біржола бас тарту керек:
Өз еркімен бас тарту деп алдын ала қылмыс жасауға кірісскен адам өз еркімен оның аяғына дейін жеткізуден бас тартуы. Бұл жерде ол қылмыс жасауды ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі болады, алайда оны жүзеге асырудан өз еркімен бас тартады. Бұл жерде қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қасақана істелген қылмыстың дайындық және оқталу сатларында болу керек, және ол қылмыс бітпей тұрып біржола бас тартуы тиіс.
Бас тарту себептері әр түрлі: заңнан қорқуы, басқа адамдардың үгіттеуі, жәбірленушіні аяуы және тб.
Қылмыс жасаудан бас тартқаны үшін жауаптылықтан босату шарттары: қылмысты ақырына дейін жеткізбеу, жеткізудің мүмкіндігін ұғынса, өзге қылмыс құрамы болмаса, өз еркімен және біржола бас тартса.