- •1. Қазіргі web-технологияларға шолу. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар: клиент-сервер архитектурасы, www(World Wide Web), url (Uniform Resource Locator), http (HyperText Transfer Protocol).
- •2. Статикалық web-парақтарды ұйымдастыру. Тәгтер мен олардың атрибуттары. Html құжаттарында фреймдер мен формаларды қолдану.
- •3. Html-құжаттардағы web-палитралар арқылы графикамен жұмыс істеу. Web-құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері. Графикалық бейнелер форматтары мен ерекшеліктері.
- •4. Стильдердің сатылы кестелерін – css-терді қолдану. Стильдердің тәгтерге, файлдарға және сайтқа толық әсер ету мүмкіндіктері. Стильдердегі динамикалық элементтер.
- •5. Css стильдерінің мұра ретінде берілуі. Контекстік селекторлар және кластар. Web-парақ элементтерін абсолюттік түрде орналастыру.
- •7. JavaScript кластары мен объектілері. Тілдің құрамындағы объектілер (Date, Array, window, document). Олардың қасиеттері мен тәсілдерін пайдалану.
- •2.1. Date ішкі объектісі және оның тәсілдері
- •2. Тәсіл түрі – setYear(). Жыл нөмірін тағайындайды.
- •3. Тәсіл түрі – getMonth(). Ай нөмірі мәнін береді.
- •8.JavaScript тілінің оқиғаларды өңдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Тышқанды шерту, курсорды қозғалту, пернелерді басу әрекеттерін программалау.
- •1 Мысал. Php тілін құжатқа енгізу
- •2 Мысал. Php тіліндегі объектілер
1 Мысал. Php тілін құжатқа енгізу
<html>
<head>
<title> 1 Listing </title>
</head>
<body>
<?php echo "Сәлем! Бұл РНР скрипті!"; ?>
</body>
</html>
• PHP-дің басқа тілдегі скриптілерден негізгі айырмашылығы, мыс., Perl тілінен, - ол программаларда барлығын да өздерің жазасыңдар, ал РНР қолданғанда, өз программаларыңды дайын HTML-құжатқа ашылу және жабылу (1-мыс., <?php … ?>) тәг-терін пайдаланып, енгізесіңдер.
• РНР-дің JavaScript-тен айырмасы – PHP-скрипт серверде ат-қарылып, клиентке жұмыс нәтижесі беріледі, ал JavaScript-код толығынан клиенттік машинада орындалады.
• Internet Information Server пайдаланатындар РНР Active Server Pages (ASP) ұқсас десе, ал Java-ны қолданатындар РНР Java Server Pages-ге (JSP) ұқсас деп айтады. Барлығы да Web-sервер-де орындалатын кодты HTML-парақ ішіне орналастырады.
• РНР тілі көптеген мәліметтер базасын (МБ) сүйемелдейді, оның осы қасиеті Web-сайттар жазуға қолайлы болып табылады.
РНР кемшіліктері:
1) РНР тілінің негізгі кемшілігі, оның идеологиясы бойынша , РНР 3 алдымен шағын программалар жазуға бағытталған болатын. Бірақ бұл кемшілік РНР 4 және одан кейінгі нұсқаларында жоқ деп айтуға болады.
2) РНР тілі псевдокомпилятормен істейтін тіл, сол себепті ол жылдамдығы жағынан толық компилятормен істейтін Си сияқты тілдерден жай істейді.
3) Бұл тілдің басқалар тәрізді, мыс., Perl тіліндегі CPAN сияқ-ты дайын модульдері базасы көп емес. Бірақ РНР 4 және кейін-гі нұсқасында CPAN тіліндегі сияқты арнайы репозиторий қарастырылған, сондықтан мұның да модульдері көбейеді деп күтілуде.
Тілдің синтаксисі мен грамматикасы
HTML ортасынан "PHP-код режиміне" шығу тәсілдері:
<? echo(«қарапайым тәсіл"); ?>
<?php echo("құжаттармен жұмыс істеу кезінде"); ?>
<script language="php">
echo ("кейбір редакторлар (мыс.,
FrontPage) осы нұсқаумен істейді"); </script>;
4. <% echo("ASP-парақтарын құрастыру құралдарымен үйлестіру үшін"); %>
Бірақ бұлардың тек екеуі ғана (<?php...?> және <script language="php">...</script>) толық жұмыс істейді;
Сонымен басқа тілдер сияқты PHP де программа басы мен соңында арнайы таңбалар болуын талап етеді, яғни PHP кодының басын және соңын белгі-лейтін тәгтер қажет етіледі.
Стандартты қоршау тәгтері:
басы — <?php
соңы — ?>
Келесі қысқаша жазылатын тәгтер :
басы — <?
соңы — ?>
Ал мына нұсқа asp стилінде жазылған:
басы — <%
соңы — %>
10. РНР тіліндегі мәліметтер типтері: Null, resource (ресурстар), object. Тілдің мәліметтер базаларымен байланысы.
NULL арнайы мәні айнымалының мәні жоқ екенін білдіреді.
Айнымалы мәні төмендегі жағдайларда NULL болып саналады:
оған NULL константасы меншіктелген болса,
($var = NULL);
оған әлі ешқандай мән берілмесе;
ол unset() функциясы арқы өшірілсе.
NULL типінің бір-ақ мәні – регистрден тәуелсіз NULL түйінді сөзі болады.
Ресурс – бұл сыртқы ресурсқа сілтемесі бар арнайы айнымалы (мысалы, мәліметтер базасымен байланысу). Ресурстар арнайы функциялар арқылы жасалады және пайдаланылады (мысалы, mysql_connect(), pdf_new() т.с.с.).
Объектілер – объектіге бағытталған программалау-дан келген мәліметтер типі. Бұл принцип бойынша, класс – белгілі бір қасиеті мен онымен жұмыс істей-тін тәсілдері бар объектілер жиыны, ал объект осы сәйкестік бойынша – класс экземпляры, яғни бір данасы. Мысалы, программалаушылар – программа жазатын адамдар класы (тобы), оған қоса, олардың да басқа адамдар сияқты, аты-жөні бар. Енді бір нақты программалаушы Вася Ивановты алатын болсақ, ол программалаушылар класының объектісі болып табылады, басқа программалаушылар тәрізді қасиеттері – аты-жөні бар, программа жазады, т.с.с.
PHP тілінде объект тәсілдеріне қол жеткізу үшін -> операторы қолданылады. Объектіні инициалдау үшін new өрнегі қолданылады, ол собъект экземплярын бір айнымалыға меншіктейді.
