- •1. Қазіргі web-технологияларға шолу. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар: клиент-сервер архитектурасы, www(World Wide Web), url (Uniform Resource Locator), http (HyperText Transfer Protocol).
- •2. Статикалық web-парақтарды ұйымдастыру. Тәгтер мен олардың атрибуттары. Html құжаттарында фреймдер мен формаларды қолдану.
- •3. Html-құжаттардағы web-палитралар арқылы графикамен жұмыс істеу. Web-құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері. Графикалық бейнелер форматтары мен ерекшеліктері.
- •4. Стильдердің сатылы кестелерін – css-терді қолдану. Стильдердің тәгтерге, файлдарға және сайтқа толық әсер ету мүмкіндіктері. Стильдердегі динамикалық элементтер.
- •5. Css стильдерінің мұра ретінде берілуі. Контекстік селекторлар және кластар. Web-парақ элементтерін абсолюттік түрде орналастыру.
- •7. JavaScript кластары мен объектілері. Тілдің құрамындағы объектілер (Date, Array, window, document). Олардың қасиеттері мен тәсілдерін пайдалану.
- •2.1. Date ішкі объектісі және оның тәсілдері
- •2. Тәсіл түрі – setYear(). Жыл нөмірін тағайындайды.
- •3. Тәсіл түрі – getMonth(). Ай нөмірі мәнін береді.
- •8.JavaScript тілінің оқиғаларды өңдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Тышқанды шерту, курсорды қозғалту, пернелерді басу әрекеттерін программалау.
- •1 Мысал. Php тілін құжатқа енгізу
- •2 Мысал. Php тіліндегі объектілер
8.JavaScript тілінің оқиғаларды өңдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Тышқанды шерту, курсорды қозғалту, пернелерді басу әрекеттерін программалау.
Формада орындалған бір әрекетке (оқиғаға) жауап ретінде JavaScript сценариі орындалады. Оқиға – бұл тұтынушының формамен атқаратын белгілі бір әрекеті, мысалы, батырманы шерту, екі батырманың бірін таңдау немесе тышқан курсорын форма элементінен тысқа шығару. Браузер сервердегі web-парақты оқып бітірген кезді де оқиға болды деп санайды. Осындай оқиғалардың бірі болса, JavaScript сценариі жұмысқа кірісе алады, олардың атқаратын жұмыс түрлері кейінірек кестеде көрсетіледі.
Форма элементі үшін оқиға ашылу тәгінің атрибуты түр-інде жазылады. Атрибутта оқиға жүзеге асқанда орындалуы тиіс функция аты да көрсетілуі мүмкін.
Тұтынушы тышқанды шерткенде, оқиға болды деп саналады. Көбінесе тұтынушы HTML формаларындағы элементтерге тиі-скенде, белгілі бір оқиға жүзеге асады, сондықтан оқиғаны өң-деу форма элементтері параметрлерінде көрсетіледі. Оқиғаны өңдеу параметрінің аты on әріптерінен басталады да, одан кейін оқиға аты жазылалды.
Мысалы, Click оқиғасын өңдеу ісі onClick болып жазылады, onClick командасы әрекетін көрсету үшін, alert.тәсілін пайдала-найық. Келесі код берілген:
<A HREF="http://www.mail.ru" onClick="alert('Посмотреть почту!');">Щелкните здесь</A>
Сілтемені шерткенде, "Посмотреть почту!“ деген сөздер жазыл-ған ақпараттық терезе
шығады.
Көптеген оқиғалармен танысамыз, солардың тағы бірін — onMouseOver (тышқан курсорын алып бару) өңдеуішін қарастырайық.
<A HREF="http://www.mail.ru" onMouseOver="window.status='Почтовая служба';
return true">Ссылка</A> onMouseOver гипермәтін сілтемесін өңдейді. Ол гиперсілтеме ішінде пайдаланылады.Гипермәтіндік сілтеме форматы өзгермейді. onMouseOver оқиға өңдеуіші бірден URL адресінен соң қойылады. Мұнда объект рөлін терезе (window) атқара-ды, ал терезе қасиеті (property) болып status есептеледі.
Браузер onMouseOver=" " сөзін кездестірген кезде, оқиға (event) орындалады.
Терезенің қасиеті болған соң, басқа объектілердің де қасиеті болуы тиіс. Енді тағы бір қасиетті – фон түсін өзгертейік. HTML тілінде парақтың фон түсін BGCOLOR командасы басқарады. Сондықтан фон түсін өзгерту үшін status сөзін bgColor сөзіне алмастырамыз. Мұнда мәтін жазу керек емес, сол себепті оны түске алмастырамыз, қызғыш (pink) түсті алайық. Нәтижесі мынадай болады ...
<A HREF="http://www.mail.ru"
onMouseOver="document.bgColor='pink';
return true">Щелкните здесь</A>
Қостырнақша ішіне мәтін тәрізді жеке элементтер орналас-тырылады. Егер біз екі команданы қатар бір команда тәрізді орындағымыз келсе, онда тырнақшаны бірінші команданың алдына және екінші команданың соңына қоямыз. Осындай тәсілмен бұл екеуінің бір оқиға екенін білдіреміз. Бізге әлі жалқы тырнақшалар да (апострофтар) керек болады.
|
Оқиға |
Сипаттамасы |
|
onload |
Происходит, когда браузер заканчивает загрузку страницы или всех фреймов внутри набора фреймов |
|
onunload |
Происходит, когда браузер удаляет (выгружает) документ из окна или фрейма |
|
onclick |
Происходит при щелчке мышью по элементу управления |
|
ondbclick |
Происходит при двойном щелчке мышью по элементу управления |
|
onmousedown |
Происходит при нажатии кнопки мыши на элементе управления |
|
onmouseup |
Происходит при отпускании нажатой кнопки мыши на элементе управления |
|
onmouseover |
Происходит, когда указатель мыши наводится на элемент управления |
|
onmousemove |
Происходит, когда указатель мыши перемешается над элементом управления |
|
onmouseout |
Происходит, когда указатель мыши уходит с элемента управления |
|
onfocus |
Происходит, когда элемент получает фокус |
|
onblur |
Происходит, когда элемент теряет фокус |
|
onkeypress |
Происходит, когда нажимается и отпускается клавиша на клавиатуре |
|
onkeydown |
Происходит, когда нажимается клавиша на клавиатуре |
|
onkeyup |
Происходит, когда отпускается нажатая клавиша на клавиатуре |
|
onsubmit |
Происходит, когда форма отправляется на сервер |
|
onreset |
Происходит, когда форма сбрасывается |
|
onselect |
Происходит, когда в поле ввода выделяется текст |
|
onchange |
Происходит, когда элемент теряет фокус, а значение элемента изменилось с момента получения фокуса |
Бір форма берілген, оның тұтынушы фамилиясы, аты және электрондық адресі енгізілетін өрістері бар (суретті қара). Мұндағы JavaScript сценариі келесі өріске көшу кезінде осындағы адрестік өріске @ символының енгізілгенін не енгізілмегенін тексеруі тиіс.
Мұндай әрекет <INPUT> элементінің ашылуы кезінде onblur оқиғасының атрибутының мәні ретінде берілетін JavaScript функциясының атын жазу арқылы орындалады.
onblur оқиғасы тышқан курсоры осы элементтен ауысар кездегі фркусты жоғалту деп аталатын әрекет арқылы атқарылады.
9.Web-сайттарда PHP тілін қолдану. РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Тіл синтаксисі мен грамматикасы ерекшеліктері.
PHP (мына сөздің қысқартылуы (акронимі) "PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік препроцессор ", алғашқыда - Personal Home Page сөзінен шыққан ) –HTML-ға енгізілген сценарийлер жазу тілі.
Тіл синтаксисінің басым бөлігі C, Java және Perl элементтеріне негізделіп, оған PHP мүмкіндіктері қосылған. Тілдің міндеті Web-сайт жасаушыларға динамикалық түрде жылдам әрі жеңіл өзгертуге болатын html-парақтарын жасау. PHP – HTML-ға енгізіліп, серверде орындалатын сценарийлерді сипаттау тілі.
PHP-дің басты бір ерекшелігі мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істейтіндігі болып саналады. Қазіргі кезде ол мынадай мәліметтер базаларымен бірге жұмыс істей алады: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL.
PHP барлық ірі операциялық жүйелер ортасында қолданысқа енді, мысалы: Linux, Unix (HP-UX, Solaris и OpenBSD) нұсқаларында, Microsoft Windows, Mac OS X, RISC OS, т.б. PHP қазіргі web-серверлердің көбінде сүйемелденеді. Бұлар Apache, Microsoft Internet Information Server, Personal Web Server, Nets-cape және iPlanet-серверлері, т.б. Осы серверлерде PHP тілінің ішкі модульдері бар, ал кейбірлерінде, басқа стандарттарды сүйемелдейтін процессорлары бар. PHP суреттерді шығарып, PDF-файлдармен жұмыс істеп, Flash клиптерін де іске қоса береді.
РНР артықшылықтары мен кемшіліктері
РНР артықшылықтары. РHP – HTML-кодқа тікелей енгізіліп, серверде орындалатын скриптік тіл. PHP скриптінің құжатқа енгізілуін көрсететін мысал келтірейік.
