Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / 5_WEB.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.01 Mб
Скачать

3. Html-құжаттардағы web-палитралар арқылы графикамен жұмыс істеу. Web-құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері. Графикалық бейнелер форматтары мен ерекшеліктері.

HTML-құжаттарда графиканы дұрыс қолдану үшін мыналарды есте сақтаған жөн: көптеген броузерлер тек GIF және JPEG «джей-пег» графикалық форматтарын ғана көрсете алады; <IMG> тәгі құжат ішіне графикалық суретті үлкен бір символ ретінде енгізеді. Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:

<IMG 1-атрибут=1-мәні [ ... N-атрибут=N-мәні]>

<IMG> тәгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген. HTML тілі суретті мәтінге байланысты көтеріп немесе түсіріп орналастыра алады, ол ALIGN атрибуты арқылы жазылады. Оның мәндері:

RGB-түстердің Web-палитраға кіретін негізгілерін Web-сенімді түстер деп атайды. Ағылшынша аттарымен берілетін түстердің тек 10-ы ғана Web-палитраға кіреді, олар: aqua, black, blue, cyan, fuchsia, lime, magenta, red, white и yellow.Түстер палитрасын олардың аттары арқылы (мыс., green) немесе RGB моделі бойынша түс бояуларының араласатын мөлшерін оналтылық сан арқылы жазуға да болады. Бұл модельде түсті негізгі үш түсті бояуды - қызыл (Red), жасыл (Green) және көк (Blue) түстерді араластыру арқылы анықтайды. Әр түстің мөлшері екі таңбалық он алтылық санмен (00-ден FF-қа дейінгі) жазылады. Сонан кейін сандар біріктіріліп, алдына # таңбасы қойылған алты таңбалық сан түрінде жазылады.

Web-палитра қызыл, көк және жасыл түстердің әрқайсысының алты түрін көрсете алады, соның нәтижесінде барлық түстер варианттары 216 түрлі болады (6x6x6=216).

<B> В әріптері арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. </B>

<І> І әріптері арасындағы мәтін курсив, яғни қисайтылған қаріппен жазылады,</І>

<U> U әріптері арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. </U>

<TT>Баспа машинкесіндегідей </TT><S>Сызылған </S> <BIG> Ірі мәтін </BIG>SMALL> Майда мәтін </SMALL>Жоғарғы – x <SUP> индекс </SUP>

Төменгі -- x<SUB> индекс </SUB>

4. Стильдердің сатылы кестелерін – css-терді қолдану. Стильдердің тәгтерге, файлдарға және сайтқа толық әсер ету мүмкіндіктері. Стильдердегі динамикалық элементтер.

CSS – Cascading Style Sheets (Стильдер-дің сатылы кестелері) —гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Қазіргі WWW-сайттарын безендіруді стильдердің сатылы кестелерінсіз көзге елестету қиын. Стильдердің сатылы кестелері HTML тіліне қосымша мынадай мүмкіндіктер береді:

• WWW-парағын безендіруді оның

мазмұнынан бөліп тəуелсіз орындау

• Стандартты HTML тілі мүмкіндіктерін

түбегейлі түрде кеңейту

Сонымен, CSS арқылы мыналар атқарылады:

• өрістер, шегіністер, қаріп мөлшері (көлемі) жəне типі, мəтін түсі мен фоны, т.б. парақтың жекелеген элементтері (абзацтар, сөздер, əріптер) үшін беріледі.

• жүздеген файлдардан тұратын толық сайт үшін оның безендірілуін HTML-кодқа тимей, тек бір ғана CSS файлын түзету арқылы өзгерту;

• HTML-құжаттың ішкі тəгтері санын азайтып, оның ішкі ақпараттық мазмұнын браузер экранының сыртқы түсінен бөліп жеке стильдер

түрінде жазып шығу.

CSS сценарийлермен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнім-дерден айнымайтын динамикалық әрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

«Скриптер», немесе «сценарийлер» –гипер-мәтіндерді түрлендіре алатын арнайы програм-малау тілінде жазылған программалық кодтар.Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.

  •      CSS арқылы HTML-тілінің экрандағы элемент-терді бейнелеудің көптеген тәсілдеріне жауапты тәгтер мен олардың атрибуттарын алып тастау жолымен файлдың жалпы көлемін кішірейте аламыз (мысалы, мынадай тәгтер: <font>, <center>, <в>, <i>, <s>, <U> т. б. ; атрибуттар: align, color, bgcolor, size, width, height, т. с. с.);

  •   HTML тілінің тәгтері мен атрибуттарына қараған-да, CSS кестелері сайттың сыртқы түрін басқарудың жеңіл тәсілдерін береді;

  •   бір файлдағы стиль сипаттамаларын өзгерту арқы-лы жүздеген гипермәтіндік парақтардың сыртқы түр-лерін бірден өзгерте аламыз.

  • Стильді бір тәгтің параметрлері ішіне жазуға болады. Ол үшін BODY ішіндегі кез келген тәгке (BODY тәгіне де) STYLE атрибуты қолданылады. Бұларды "инлайндық" стиль кестелері деп те атайды.

  • STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:

  • - Жеке тәг стилі

  • - Жеке HTML-файлы стилі

  • - Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль

  • - Аралас стильдерді пайдалану

Жеке бір тәг үшін жазылған стиль

Мысалы, <P> тәгі арқылы нақты бір абзац қалай бейнеленетінін былай көрсете аламыз:

<Р style="font-size:1.5cm;

color:green">

Бұл абзацқа стильдік анықтау тәсілі қолданы-лып отыр. Стиль style атрибутымен берілген. Мұнда браузерге абзацты көлемі 1.5 санти-метр болатын жасыл әріптермен жазуға нұс-қау берілген.

Стильді анықтау мынадай түрде жазылады:

Әрбір анықтаулар бір-бірінен «;» символы арқылы бөлініп жазылады.

Style атрибутын оның параметрлері арқылы әрбір тәгке қолдана аламыз.

Енді стильдер қолданылатын толығырақ бір мысал қарастырайық.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Жеке тәг стилі </TITLE>

</HEAD>

<BODY bgcolor=white text=black>

<H2> Бір тәг үшін жазылған стиль </H2>

<HR>

<UL>

<LI> Бұл қарапайым мәтін.

<LI style="color:red; font-size:1cm;

font-style:italic">

Биіктігі 1 см қисайтылған қызыл әріптер.

<LI style="margin-left:2cm">

Сол жақ шеттен 2 сантиметр шегініс.

</UL>

</BODY>

</HTML>

Жеке HTML-файлына арналған стиль

Стильді тек бір тәг үшін немесе бірнеше тәгтер үшін бір жазылған анықтаулар HTML-құжатының басынан соңына дейін әсер ететіндей етуге болады.

Мысалы, барлық тәгтер атауларын тізіп, стильдік анықтауларды құжаттың тақырып бөлігіне орналастыру қажет.

Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадай блок ішіне жазылады

<style>. . . </style>

және HTML-комментарий ретінде жазылады.

Стильдік анықтау форматы:

Тәг аты (немесе бірнеше тәгтер аттары үтір арқылы бөлініп жазылады)

{

сипаттама: мәні;

сипаттама: мәні;

}

Мысалы:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Жеке файлға арналған стиль </TITLE>

<STYLE type="text/css">

<!--

H1,H2,H3,H4,H5,H6

{ text-align: right;

color:red;

font-family: "Arial Cyr",

Geneva, sans-serif; }

-->

</STYLE>

</HEAD>

<BODY bgcolor=#DFF0D5 text=black>

<H2> Жеке файл стилі </H2>

<HR>

<P> Бұл қарапайым мәтін

<H3> Бұл тақырып </H3>

<P> Бұл да қарапайым мәтін

</BODY

</HTML>

Браузер мұндағы тақырыптарды жұмыр қаріппен (рубленый шрифт) қызыл түсте оң жақ шетке туралап орналастырады. Браузердің мұндай әрекетін мынадай кодтар атқарады:

<STYLE type="text/css">

<!--

Н1,Н2,НЗ,Н4,Н5,Н6

{ text-align: right;

color: red;

font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif; }

-->

</STYLE>

Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль

Әдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады. Мысалы, style.css файлына мынадай стильдерді жазайық:

BODY {margin-left: 40рх;}

Hl,H2,H3,H4,H5,H6

{ text-align: right;

color: red;

font-family: "Arial Cyr", Geneva, sans-serif; }

Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып <head>...</head> бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек:

<LINK rel=stylesheet type="text/css“ href=style.css>

Стильдік нұсқауларда пайдаланылатын өлшем бірліктері төменде келтірілген.

font-family: "Arial Cyr",Helvetica,sans-serif;

font-size: 0.5cm;

color: blue; ackground-color: yellow; }text-align

Мәтінді көлденең туралау тәсілін көрсетеді (способ горизонтального выравнивания). Мынадай мәндер қолданылады:

left – сол жақ шетке туралау; right – оң жақ шетке туралау; center ортаға туралау; justify – екі шетін де туралау (по ширине). Өрістер мен жақтаулар :border-style

Соседние файлы в папке Doc