
- •1. Қазіргі web-технологияларға шолу. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар: клиент-сервер архитектурасы, www(World Wide Web), url (Uniform Resource Locator), http (HyperText Transfer Protocol).
- •2. Статикалық web-парақтарды ұйымдастыру. Тәгтер мен олардың атрибуттары. Html құжаттарында фреймдер мен формаларды қолдану.
- •3. Html-құжаттардағы web-палитралар арқылы графикамен жұмыс істеу. Web-құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері. Графикалық бейнелер форматтары мен ерекшеліктері.
- •4. Стильдердің сатылы кестелерін – css-терді қолдану. Стильдердің тәгтерге, файлдарға және сайтқа толық әсер ету мүмкіндіктері. Стильдердегі динамикалық элементтер.
- •5. Css стильдерінің мұра ретінде берілуі. Контекстік селекторлар және кластар. Web-парақ элементтерін абсолюттік түрде орналастыру.
- •7. JavaScript кластары мен объектілері. Тілдің құрамындағы объектілер (Date, Array, window, document). Олардың қасиеттері мен тәсілдерін пайдалану.
- •2.1. Date ішкі объектісі және оның тәсілдері
- •2. Тәсіл түрі – setYear(). Жыл нөмірін тағайындайды.
- •3. Тәсіл түрі – getMonth(). Ай нөмірі мәнін береді.
- •8.JavaScript тілінің оқиғаларды өңдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Тышқанды шерту, курсорды қозғалту, пернелерді басу әрекеттерін программалау.
- •1 Мысал. Php тілін құжатқа енгізу
- •2 Мысал. Php тіліндегі объектілер
2. Статикалық web-парақтарды ұйымдастыру. Тәгтер мен олардың атрибуттары. Html құжаттарында фреймдер мен формаларды қолдану.
Браузер терезесін екі түрлі тәсілмен өзгерте аламыз:
1. HTML тәгтерін жазып, олардың файлын браузерге жүктеу арқылы;
2. құжаттың объектілік моделіне әсер ету
Мұндағы алғашқы тәсіл статикалық түрдегі гипермәтіндік құжат тұрғызады. Ал, екіншісі – тұрғызылған бейнені өзгерту мүмкіндігін береді. Броузер тәгтерді анықтап, олардың ішіндегі файл мәліметтерін компьютер экранында бейнелеу үшін қолданылады.
Тәгтер арқылы:
құжат тақырыбын ерекшелеуге,
символдардың түсін, мөлшерін және сызылымын (начертание) өзгертуге,
мәтін ішіне графикалық бейнелер мен кестелер енгізуге,
гиперсілтемелер жасауға,
фреймдер, формалар құруға болады.
Тәгтерді жазу кезінде бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналады.
Көбінесе тәгтер екеуден жазылады, олардың алғашқысы - ашылу тәгі (start tag) және екіншісі - жабылу тәгі (end tag) болып саналады.
HTML тілінің барлық тәгтері " < " символынан басталып, " > " символымен аяқталады.
Ашылу тәгінің синтаксисі (жазылу ережесі): <тәг_аты [атрибуттары]>
Мұндағы
тік
жақшалармен
қоршалған
элементтер
міндетті
түрде
қажет
етілмейді,
яғни
оларды
жазбай
кетуге
де
болады.
Жабылу
тәгінің
ашылу
тәгінен
айырмасы
- тек
оның
алдында
көлбеу
сызықтың
жазылуы:
</тәг_аты>
Жабылу
тәгінің
атрибуттары
болмайды.
аты
белгілі
бір
мағынасы
бар
ағылшын
тілінің
қысқарған
сөзі,
мәні–мағынасы
бар
сөз
немесе
сан.
Атрибут
мәнін
жазғанда,
тырнақшаны
жазбаса
да
болады.
Атрибут
көрсетілмесе,
оның
алдын
ала
келісілген
мәні
(значение
по
умолчанию)
пайдаланылады.
HTML тәгтерінің
ең негізгісі -
<HTML>, ол
құжатты ашады,
ал
</HTML> тәгі
құжаттың соңында тұрады.
HTML
құжаты екі бөліктен тұрады, олар
төмендегідей түрде кезектесіп орналасатын
құжат
тақырыбы
(head) және
құжат
тұлғасы
(body).
Көбінесе
құжат тақырыбы ішінде <TITLE>
... </TITLE>
тәгтері орналасады,
бұлардың
ортасына жазылатын сөз тіркесі броузер
терезесінің (Internrt
Explorer)
тақырыбы ретінде пайдаланылады.HTML
құжатына түсінік беретін комментарийлер
енгізуге
болады, олар экранда көрінбейді.
Түсініктемелер
<COMMENT>
… </COMMENT>
тәгтері
арқылы жазылады. Төмендегі екі символ
аралығында орналасатын сөздер тіркесі
де түсініктеме мәлімет болып
табылады<BODY>тәгініңатрибуттары:
HTML тілі броузер терезелерін бірнеше бөліктерге бөлу мүмкіндігін береді және олардың әрқайсысында жеке web-құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктер фрейм немесе кадр деп аталады. Мұнда әрбір фрейм экрандағы жеке тіктөрт-бұрышты аймақты алып тұрады. Фреймдер құру үшін <FRAMESET> және <FRAME> тәгтері қолданылады да, мұнда әдеттегідей <BODY> тәгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тәгі броузер терезесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тәртібін сипаттайды, <FRAME> тәгінде фреймдердің әрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі. <FRAMESET> тәгінің ROWS=... (қатар) атри-буты терезені горизонталь – көлденең бағыт бойынша бөледі де, COLS= ... (бағана) атрибу-ты тіке – вертикаль бағытта фреймдерге бөледі. <FRAME> тәгінің фрейм қасиеттерін анықтайтын алты атрибуты бар: NAME, MARGINWIDTH, MARGINHEIGHT, SRC, NORESIZE және SCROLLING. SRC= ... осы фреймде орналасатын гипермәтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсетілетін файлдың URL-адресін анықтайды. MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол және оң жақтарындағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. MARGINHEIGHT=n, фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. SCROLLING=... фрейм бойынша жылжу жолақтары.Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал рет-інде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгі-зуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану айма-ғы алуан түрлі болып келеді
<FORM> тәгіӘрбір форма осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.Атрибутары: ACTION Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдей-тін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анық-талмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі.METHOD Форманы өңдеу программасына қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі. HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> және <INPUT> сыяқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады. <TEXTAREA> Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұра-тын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды. <INPUT> Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қос-қышты таңдау (radio buttons) және мәлімет-терді жөнелтуге немесе форманы тазартуға арналған батырманы басу сияқты әрекеттерді орындауды. <SELECT>
Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезе-дегі немесе суырылып шығатын меню ішін-дегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді.