Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b3e94d7a-34bd-11e4-a3cb-f6d299da70eeобщее_03.doc
Скачиваний:
146
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
587.78 Кб
Скачать

1. Гипноз және классикалық гипноз

2. Джемс Брэдтің «Нейрогипнология»кітабы

3. М. Шарка, Бернегеймдердің классикалық гипнозға үлесі

Гипноз әдісі көптеген адамдарға таныс болғанымен, олардың психотерапия мен гипноз туралы түсінігі жалпылама болады. Психотерапияда гипноздан басқа көптеген әдістер тараған. Гипнотикалық сеанстардың мақсаты – гипнотикалық ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болуы үшін адамды қатты ұйықтату міндет емес. Гипнотикалық ұйқының жеңіл, орта және терең кезендері бар. Жеңіл кезеңде (сомноленттік) гипноздағы адам маужырап, жалпы тыныштықты сезінеді, аяқ – қолы ұйып, ауырлағанымен, айналадағы дыбыстарды естиді, болып жатқанды ұғынады, сөзбен сендіруге қарсы тұрып белсенді қозғалыс жасайды. Орта кезеңде (гипнотаксия, каталепсия) ауру адам қайда екенін, айналада не болып жатқанын сезінеді, бірақ денесінін қалпын өзгерте алмайды, сендірудің бәрін орындайды. Сеанстан кейін сырқат адам сендірудің мәнін есіне сақтайды. Терең кезеңде (сомнабулизм – жүйкесі бұзылған адамның ұйқы кезіндегі жүрісі) ауру адам айналадағының бәрін шаттастырып, толық бағынады, кей кезде кейбір мәліметтерді ойындасақтағанымен, кейін ұмытыпкетеді. Басқаша айтқанда, ауру адам сендірудің маңызыны есте сақтай алмайды. Ауру адамды «жағдайыңыз жақсы, ұйқыңыз бен сергектігіңіз қалыпты» деп, аурудың белгілеріне байланысты сендіреді. Сеанстың ұзақтығы 30 минут, ал оның саны 5 – тен 40-қа дейін.

Гипноздың физиологиялық негізі әлі де жан – жақты тексерілмеген, И.П. Павловтың айту бойынша, гипноз дегеніміз – мидың жарты шар бөлігіндегі жүйке процестерінің «күзет нүктелерін» тежеу. Осының нәтижесінде дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс (раппорт) орнайды.

Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клекаларда болатын тежееу процесіне негізделген жарым – жартылай ұйқы. Ми қыртыс клеткаларынның бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни «кезекші нүктелер» ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адамның арасындағы қатынас сақталады – («көпір», «раппорт»). Гипноз кезінде адамның есінде қалыпты жағдайға қарағанда көп мәлімет сақталады. Осыған байланысты адамды гипноз арқылы шет тіліне, сурет салуға, әуенге үйретуге болады.

Психиатр А.М. Свядощ (1936ж). ұйқы кезінде еске сақтау мүмкіншілігін алғашқы рет тексерді. Ол табиғи ұйқы кезінде оқытуды гипопедия деп атаған.

З.Фрейд «тазалану» (Аристотельдің термині «катарзис») принципіне негізделген «психоталдауы» (бұрып болған) психикалық зақымданудан ажырасу қолданды. Катарзис әдісіне сүйене отырып, «психоталдау» әдісін Фрейд артынан «санасыздық» туралы ойды дамытып құрады. «Мәдениетті психоталдау» «психодрама» - психоталдаудың өзгертілген түрлері.

В.М. Бехтерев психоталдаудың объективті бөлігі - «психоанамнезді» кең түрде пайдаланады. Психотерапиялық әсерлердің ішінде өзін - өзі жаттықтыру үлкен орын алуда. Бұл әдісте ұсынған - неміс психотерапевті Генрих Шульц. 1932 ж. Шульц бұл жөнінде көлемді еңбек жазды. Өзін - өзі жаттықтырудың тарихи тамырлары ақыл – ойдың дене қызметіне әсерін зерттейтін үнділік – діни ілім – хатха – йогта. Шульцтің әдісінде йогтардың діни – мистикалық ілімінің элементтері мүлде жоқ. Тән жаннан айырылған соң «әлем рухымен» қосылып, йогтардың дене бітілуі ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айналадағылардан жекеленіп ерекше бір жағдайға түседі. Йогтар жаттығудың арқасында тыныс алуын, жүрек соғуын және соматикалық қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің жаттығулары арқылы бұлшық еттерді босансытуға, салқын мен жылы, ішкі жайбарақаттықты сезінуге болатының көрсетті. Қазір өзін - өзі жаттықтыру арқылы, әртүрлі жүйке психикалық зақымданудың алдын алуға болады. Психотерапия дегеніміз ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негізделген жүйелі психикалық әсер. Негізі сөзбен әсер ету.

21 Дәріс

Тақырыбы: Нейролингвистикалық бағдарлау

Сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]