Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b3e94d7a-34bd-11e4-a3cb-f6d299da70eeобщее_03.doc
Скачиваний:
146
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
587.78 Кб
Скачать

1. Жанұялық психотерапияның негізі

2. Коррекцияның жалпы моделі

3. Коррекциялық блоктар

Коррекция жұмысының бағдарламасы психологиялық негізделген болуы керек. Коррекциялық жұмыстың жетістігі ең алдымен, диагностикалық зерттеудің дұрыс, объективті, нәтижелерді комплексті бағалауына байланысты болады. Коррекциялық жұмыс түрлі функциялардың сапалы ауысуына, сонымен қатар клиенттің түрлі қабілеттерінің дамуына бағытталуы керек.

Коррекциялық бағдарлама түрлері коррекциялық әсер етуді жүзеге асыру үшін белгілі бір коррекция моделін тудыру және жүзеге асыру керек: жалпы, типтік, индивидуалды.

Коррекцияның жалпы моделі- тұлғаның жас кезеңдік дамуына оптималды шарттар жүйесі. Ол адамның қоршаған орта, адамдар, қоғамдық жағдайлар, байланыстар және олардың арасындағы қатынастар туралы көзқарасын тереңдету, кеңейту және нақтылауды; ойлаудың жүйелілігі, анализдеуші қабылдаудың, байқағыштықтың дамуы үшін алуан түрлі іс- әрекетті қолдануды; клиенттің денсаулығын есепке алатын қорғаушы типтегі жұмыс жүргізуді (әсіресе жарақаттан кейінгі стрессті бастан кешірген, әлеуметтік және дене дамуының жағымсыз жағдайында болған клиенттер) болжайды. Ауыртпашылықты жұмыс уақыты, күн, апта, жыл мезгіліне оптималды бөлу қажет.

Коррекцияның типтік моделі түрлі негіздегі практикалық іс- әрекетті ұйымдастыруға негізделген; түрлі іс- әрекет компоненттерін меңгеру және түрлі іс- әрекеттің кезеңдік қалыптасуына бағытталған.

Коррекцияның дербестік моделі клиенттің психикалық дамуы, оның қызығушылықтары, проблемаларының индивидуалды сипаттамасын анықтауды; іс- әрекеттің негізгі түрлерін, түрлі іс- әрекет деңгейін анықтау; индивидуалды даму бағдарламасын құруды қамтиды.

Стандартталған және ерікті (қазіргі уақытқа бағытталған) коррекциялық бағдарламалар бар.

Стандартталған бағдарламада берілген бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын коррекция кезеңдері, қажетті материалдар, міндеттер анық және нақты жазылған. Коррекциялық шараларды жүзеге асырудың алдында психолог бағдарламаның барлық кезеңдердің жүзеге асырылу мүмкіндігін, қажетті материалдардың барын, мүмкіндіктер сәйкестігін тексеру қажет.

Ерікті бағдарламаны психолог коррекция этаптарының мақсаттары мен міндеттерін анықтап, кездесу тәсілдерін ойластырып, психокоррекцияның келесі этаптарына көшу үшін жетістіктер нәтижесін белгілей отырып өзі құрастырады.

Клиентке бағытталған мақсатты әсер ету бірнеше өзара байланысты блоктардан құрылған психокоррекциялық комплекс арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір блок түрлі тапсырмаларды шешуге бағытталған және ерекше әдістер мен тәсілдерден тұрады.

Психокоррекциялық комплекс төрт негізгі блокты қамтиды:

  1. Диагностикалық.

  2. Құрастырушы.

  3. Коррекциялық.

  4. Коррекциялық әсер ету тиімділігін бағалау блогы.

Диагностикалық блок. Мақсаты: тұлға дамуының ерекшеліктерін диагностикалау, қауіп- қатер факторын анықтау, жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру.

Құрастырушы блок. Мақсаты: клиент дамуының тиімділігі мен үйлесімділігін, клиенттің өз- өзіне деген сенімділігін жоғарылату, алаңдаушылықты жою, психологпен серіктесу тілегін қалыптастыру және өз өміріне өзгеріс енгізу.

Коррекциялық блок. Мақсаты: клиент дамуының гармонизациясы мен оптимизациясы, жағымсыз даму фазасынан жағымдыға өту, өз- өзімен және әлеммен әрекеттесу тәсілдерін меңгеру.

Коррекциялық әсер ету тиімділігін бағалау блогы. Мақсаты: психологиялық мазмұн және реакция динамикасын өлшеу,позитивті әрекет- қылықтық реакцияның пайда болуына мүмкіндік тудыру, позитивті өзіндік бағалауды тұрақтандыру.

Психокоррекциялық бағдарламаны құрастырудың негізгі міндеттері:

  • коррекциялық жұмыстың мақсатын нақты құрастыру;

  • коррекциялық жұмыс мақсатын нақтылайтын тапсырмалар шеңберін анықтау;

  • коррекциялық жұмыс жүргізудің стратегясы мен тактикасын таңдау;

  • клиентпен жұмыс формасын нақты анықтау (индивидуалды, топтық және аралас);

  • коррекциялық жұмыстың әдістері мен техникаларын іріктеп алу;

  • барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажет жалпы уақытты анықтау;

  • қажетті кездесулердің жиілігін анықтау (күнде, аптасына 1рет, аптасына 2 рет, 2 аптада 1 рет және т.б.);

  • әрбір коррекциялық жұмыстың ұзақтығын анықтау (коррекциялық бағдарламаның басында 10- 15 минуттан бастап, қорытынды кезеңде 1,5- 2 сағатқа дейін);

  • коррекциялық бағдарламаны өңдеу және коррекциялық жұмыстың мазмұнын анықтау;

  • жұмысқа басқа адамдардың қатысу формасын жоспарлау (жанұямен жұмыста- туысқандарды араластыру және т.б.);

  • коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыру (коррекциялық жұмыстың динамикасын бақылау, бағдарламаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін қарастыру қажет);

  • қажетті материалдар мен құрал- жабдықтарды әзірлеу.

Коррекциялық шараларды аяқтау кезінде мақсаттар, міндеттер және коррекциялық жұмыстың тиімділігін бағалау мен нәтижелері туралы психологиялық немесе психологиялық- педагогикалық қорытынды жасалады.

18 Дәріс

Тақырыбы: Медитация

Сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]