Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
182
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.23 Mб
Скачать

Глоссарий

Автомат - жіберілген программаны адам көмегінсіз орындайтын, сондай-ақ қолданылатын энергияны, материалды, информацияны операция кезінде беретін және алатын құрылғы.

Білік - тірек қызметін атқаратын және айналыс моментін беретін, мойынтіректе айналатын машина тетігі.

Габарит - тетіктердің, машиналардың, шектетеулі ішкі кескіні.

Жүккөтергіштік жұмыс - жұмысты алу қабілеттілігі, бұйымның массасын сақтап қалу және өнімді тасу.

Деталь - жинау операциясын қолданбай жасаған бұйымның бір бөлігі.

Автотербеліс - әсерлесу нәтижесінде пайда болатын тербеліс жүйесі.

Автоматты өңдеу - көп мөлшерлі информацияны автоматты түрде өңдеу.

Автоматты басқару- берілген деңгейдегі мақсатты параметрлер теңесуіне әсер ету.

Автоматтандырылған жобалау– ЭЕМ- де адамның әсер етуі арқылы орындалатын жобалау болып табылады.

Автоматты басқару- мұнда қолмен басқару автоматты басқарумен біріктіріледі..

Автоматты желі– машина жүйесіндегі негізгі және көмекші кешендер, автомтты технологиялық орындалулар және барлық өнімді өңдеу процессі.

Бейімделу– техникалық құрылғы қабілеттілігі немесе сыртқы және ішкі жағдайдағы өлшем жүйесі, оны тиімді пайдалану.

Талдау– қандайд бір мәселені зерттеу, бөлікке бөлу арқылы тапсырманы шешу және оның соңғы нәтижесін алу.

Алгоритм- өнеркәсіп жұмысында қалыптасқан әртүрлі тілдегі қатал мазмұндама және операцияның орындалу тәртібі.

Баланстау– механизмдер салмақтылығы.

Техникалық ақпарат бюросы- өндірістінң құрамдық бөлінуі, мұндағы міндеттеме үшін өндірісті тұрақты ақпаратпен қамтамасыз ету жатады.

Қозғалтқыш– қандай да бір энергия түрін механикалық жұмысқа бағыттайтын машина.

Дайындама– мұнда пішіннің , өлшемнің физико-химиялық қасиеті өзгереді және бөлшек материалдан жасалады.

Механизм түйіні– механизм құрамына кіретін қатты дене.

Тісті механизм– бұл құрамына тіст түйін кіретін механизм.

Аспап – материал қалпының өзгеруі үшін еңбек құралы ретінде пайдаланатын бұйым немесе оның қасиетін анықтау үшін, сонымен қатар жұамыс машинасына басқа аспаптарды орнату үшін пайдаланатын техникалық құрылғы.

Бұйым- өндірісте технологиялық циклі аяқталған өнеркәсіптік зат.

Кешен– бір бүтін құрайтын заттар немесе құбылыстар жиынтығы.

Кешенді механизация– машиналарды және барлық негізгі, көмекші өндірістік процестерді қолдануды орындау.

Қиысу- әртүрлі бұйым элементтерінің орналасуы, технико-экономикалық және қолдануын қамтамасыз етеді.

Классификация– иерархиялық байланыс, объекті, құбылыс ұғымдарының қалыптасуы, байланысы.

Құрылым– құрылымдық жүйе және машина жұмысы, сонымен қатар машина және оның бөлшектері.

Жұдырықша– жұдырықшалы механизмдегі пластиа диск түріндегі бөлшек. Ол өз қозғалыснда өзгеру жылдамдығын, бөлшек қоғалысын көрсетеді.

Манипулятор– кеңістіктегі дене үшін орындалатын, шегіністісті алып жүретін құрылғы.

Машина– энергия, материалдар немесе ақпаратты құрап, қозғалысты орындап отыратын механикалық құрылғы.

Механизм– бір немесе бірнеше дене үшін қозғалысты белгілейтін жүйе болып табылады.

Оперция– бір ғана орында орындалатын технологиялық процестің бір бөлімі.

Басқару объектісі– қалаған нәтижеге жету үшін арнайы ұйымдастырылған әсер етуші объект болып табылады.

Беріліс– беріліс қозғалысы үшін қызмет ететін және айналу моментін өзгертетін механизм.

Өтпелі процесс– динамикалық жүйенің уақыт бойынша өзгеруінің сипаттамалық процесі.

Сенімді көрсеткіш– сенімді объектен құралған бір немесе бірнеше қасиеттен тұратын сандық сипаттама.

Жартылай автомат– бір толық жұмыс циклін өздігінен атқаратын машина немесе агрегат. Мұнда ішкі әсер ету циклдің қайталануы кезінде қажет болады.

Үрдіс– қандай да бір нәтижеге жету үшін әсер ету жиынтығы.

Жобалау– кешенді техникалық құжаттарды технико-экономикалық дәйектемені, есеп беруді, сызбаны, макетті, анықтама қағаздарды зерттеу.

Программалық басқару– жұмыс режимін немесе алдын-ала берілген программа объектісін басқару.

Өндіріс- материалды блогтың құрылу процесі.

Өнеркәсіп өнімі– жалпы қажеттілікті қанағаттандыруға арналған өнім.

Өнеркәсіптік бұйым– сериялы технология негізінде жасалған тиянақты пішінді және оның қасиетін иеленуші бұйым.

Өнеркәсіптік жұмысты программалық басқару– алдын-ала берілген программадағы өнеркәсіптік жұмыстын орындалуын автоматты басқару.

Жұмыс режимі– бұл берілген жұмыс операциясын технологиялық жабдықта және басқару аппаратында орындайды.

Реттеуші білік– жұдырықшалы жасалған машинаға жұмыс кезіндегі әсер етулер.

Жөндеу – бұзылған техниканы жұмыс істеу қабілеттілігіне келтіру.

Кесу режимі– кесу жылдамдығының жиынтығы, беріліс және кесу терендігі.

Роботтандыру- өндіріс процесіндегі өнеркәсіп жұмысын өндіріс автоматизациясы-ның дамуы негізінде жүргізу.

Жүйе– қоршаған орта жағдайындағы жеке бағыныштылықтың техникалық объектісінің жиынтық байланысы.

Автоматты басқару жүйесі– бір немесе бірнеше объект параметрлерінің автоматты өзгеруі, жұмыс режимін қалыптастыратын басқару кешені.

Кесу күші– кесумен өндеу кезіндегі кесу аспабының тең әсер етуші күші.

Бақылау жүйесі– мұнда кірмелі шама кері шаманын көмегімен дәлдіктегі кері шамада шығарылатын автоматты бақылау жүйесі жұмысын жүзеге асырып, ал сипаттаманың өзгеруі белгісіз болады.

Білдек- әртүрлі материалдарды өңдеуге арналған машина.

Суппорт– метал кескіш білдетің негізгі түйіні. Бұйым немесе кесу аспабының жұмыс кезіндегі шегелеу және жылжыту топтары.

Механизм сызбасы– механизнің негізі белгілері көрсетілген механизм пішінінің сипаттамасы.

Техникалық бақылау– техникалық қажеттілікті тексеруші объект.

Техникалық үрдіс– соңғы техникалық шешімді, жасалған өнімнің толық көрсетілімін және жұмыс құрылымын өңдейтін ақпараттардың конструкторлық құжаттар жиыны.

Технологиялық жүйе– технологиялық жабдықтандырудың функционалды байланыс жиыны. Өндіріс өнімін және технологиялық үрдісті немесе операцияны орындау жағдайлары.

Технологиялық сынау– ол өнімнің баға технологиялығының жасалуы үшін жүргізіледі.

Технологиялық машина– заттың өлшемінің, пішінің өзгеру қасиетін немесе жағдайын сипаттап көрсетеді.

Түйін– механизм бірнеше қарапайым элементтерден тұратын машина бөлігі.

Басқарма– организм функциясның элементі анықталатын құрылымның сақталуын қамтамасыз етуші.

Басқарушылық- әсер етуші басқару түрі бар объект қасиеті.

Жетекші ақпарат– біріккен жұмыс координаты үшін бір объектіде ауысатын ақпарат және оның берілген тасымалдармен байланысы.

Басқару құрылғысы– автоматты басқару жүйесінің басқару объектісіне әсер ететін құрылғысы. Ол теңдік заңымен негізделген.

Сандық программалық басқару– программа бойынша білдекте өңделетін дайындаманы басқару. Ол сандық пішінде беріледі.

Функция– берілген жүйе қатынасында қандай да бір объектінің пайда болуы және жұмыс міндеттемесі.

Функционалдау– берілген алгоритмге сәйкес келетін объект үрдісінің орындалуы және объект қасиеттерінң көрінісі.

Цилиндр– механизмдер мен машинаның негізгі бөлшектерінің бірі.

Шпиндель– көптеген машинаның айналу бөлшегі.

Пайдалану– бұйым циклінің сапасын калпына келтіруші.

Құбылыс– қасиет немесе үрдістердің философиялық категориясы. Сыртқы және көрсетілетін пішіннің шығарылуы, кейбір мазмұнның табылуы.

68