Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
182
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.23 Mб
Скачать

2.3 Зертханалық жұмыстар жоспарлары.

1. Зертханалық жұмыс.

Көп енбелі , модулды , метрикалық бұрандакесу және цилиндрлі бұйымдарды өңдеу үшін жонғыш білдекті іке қосу,құрылымын оқып үйрену.

Жұмыстың мақсаты:Жонғыш білдектің айналдырық қорабының құрылымын, олардың негізгі элементтерін, тісті берілістерін, майлау жүйесін, жылдамдықтарын қосуды практикалық түрде оқып үйрену сонымен қатар кинематикалық есебі мен білдекті іске қосуды меңгеру.

Негізгі 6. \3-12\.

Бақылау сұрақтары.

1.Білдек айналдырығының жылдамдықтарын кинематикалық сүлбе арқылы көрсету.

2.Беріліс қорабының жұмыс істеу принцибі мен құрылысы.

3. Жылдамдық қорабының жұмыс істек принцибі мен құрылысы.

4.Білдектің майлау жүйесі қалай жұмыс істейді?

5.Білдекке қандай май қолданады?

2. Зертханалық жұмыс. Жонғыш револьверлі автоматты іске қосу және кинематикасы мен құрылымы.

Жұмыстың мақсаты:автоматтың мақсатты механизмінің құрылымы мен кинематикасын оқып үйрену, детальді өңдегенде автоматты іске қосу және кинематикалық есептерін шешу.

Негізгі 7\4-13\.

Бақылау сұрақтары.

1. Жонғыш револьверлі автоматтың кинематикалық есебін қалай шешуге болады?

2. Атомат негізгі қандай механизмдерден тұрады?

3. Жонғыш револьверлі білдектің жонғыш бұранда кескіш білдектен айырмашылығы қандай?

4. Автоматты құрылымдық сүлбе арқылы жұмыс істеу принципін көрсетіңіз.

5. Автоматта дайындаманы қысу үшін қандай механизмді қолданады?

3. Зертханалық жұмыс. Бөлгіш бастиектің жұмыс істеу принципі.

Жұмыстың мақсаты:Жонғылайтын білдектегі бөлгіш бастиекті күйге келтіру және есептеу.

Негізгі 5\4-13\.

Бақылау сұрақтары.

1. Бөлгіш бастиекті қандай мақсатта қолданады?

2. Бөлгіш бастиек қандай механизмдерден тұрады?

3.Бөлгіш бастиекті қалай күйге келтіреді?

4. Зертханалық жұмыс. Жонғыш бұранда кескіш білдекті қатаңдыққа сынау.

Жұмыстың мақсаты: динамометрдің құрылысы мен жұмыс істеу принципін, білдек қатаңдығын сынауды оқып үйрену.

Негізгі 4\44-63\.

Бақылау сұрақтары.

1.Жонғыш бұранда кескіш білдектің жұмыс істеу принципін көрсетіңіз.

2. Жонғыш бұранда кескіш білдекді қатаңдыққа қалай зерттейді?

3. Динамометр құралын қалай қолданады?

4. Қатаңдыққа қандай өлшемдер байланысты?

5. Зертханалық жұмыс. Тіс өңдейтін білдектің құрылымы. Тіс жонғылайтын білдектің кинематикалық есебі.

Жұмыстың мақсаты: тіс өңдейтін білдектің құрылымын оқып үйрену. Бір текті деталдарды тісжонғылайтын білдекте өңдегенде оның кинематикалық есебін шешуді меңгеру.

Негізгі 3\65-73\.

Бақылау сұрақтары.

1. Тіс жонғылайтын білдектің жұмыс істеу принципі қандай?

2. Тіс жонғылайтын білдектерде қандай тісті дөңгелектерді өңдеуге болады?

3. Тіс өңдейтін білдектің кинематикалық есебін шешіңіз.

6. Зертханалық жұмыс. Біртеті деталдарды өңдейтін тіс қашайтын білдекті іске қосу және құрылымы мен кинематикалық есебі.

Жұмыстың мақсаты: тіс қашайтын білдектің құрылымы мен танысу, біртекті деталдарды өңдеу кезіндегі кинематикалық есебін шешу және білдекті іске қосу.

Негізгі 3\87-103\.

Бақылау сұрақтары.

1.Кинематикалық сүлбе арқылы тіс оятын білдектің қозғалысын көрсетіңіз.

2.Қашау мен тетік орналасқан үстелдің арасында байланыс барма, ол қандай байланыс?

3.Тіс қашайтын білдек көлемі қандай тетікктерді өңдейді?

7. Зертханалық жұмыс. Санды бағдарламалы басқарылатын білдек.СББ білдектің құрылымы мен оны іске қосу.

Жұмыстың мақсаты:СББ білдектің қажетті механизмдері мен құрылымын оқып үйрену.СББ білдектің картасын жасауды, есептеуді және білдекті іске қосуды меңгеру.

Негізгі 8\3-18\.

Бақылау сұрақтары:

1.СББ білдектерде қандай көлемді бұйымдарды өңдейді?

2.СББ білдек қандай негізгі механизмдерден тұрады?

3.СББ білдегінің жұмыс картасын қалай жасайды?