Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1.24 Сурет

Аға бірлік көрсеткіштерін мәртебелі шифратор шығысына дешифратор қосу арқылы жүзеге асыруға болады (1.24 сурет). Бұл сұлбада мәртебелі шифратор ретінде алдыңғы тәжірибенің сұлбасындағы сәйкесті CD_8 блогының біреуі пайдаланылды. Онымен қатар, алдыңғы тәжірибедегі 0_3 және 4_7 блоктары, құрамына сегіз түйме кіргізілген, 0_7 аталымды түймежинам блогына біріктіріліп пайдаланылды. Дешифратор ретінде, қиыстырма құрылғыларды дешифраторлар негізінде құру тәжірибесінде (1.19 сурет) DC_8 аталымымен бейнеленген, сәйкесті блок пайдаланылды.

1.24 суретте көрсетілген жағдайда сұраныс сигналдары 2 және 5 кірістерінен түскен, бірақ аға сұранысқа (яғни, 5 кірісіне) сәйкесті шығыс қана жандандырылып, сәйкесті екілік код (101) қалыптасқан.

1.3.3 Мультиплексорлар.

Мультиплексор (Multiplexer) оның ақпараттық кірістерінің біреуіне берілген сигналды шығысына қосылған құрылғыға жібереді және сәйкесті кірісті таңдалуы оның адрестік кірістеріндегі екілік кодқа сәйкесті анықталады. Мультиплексордың ақпараттық кірістерінің саны (N) оның адрестік кірістерінің санымен, яғни сәйкесті екілік кодтың разряд санымен (n) анықталады: N = 2n.

Өндірісте төрт, сегіз және он алты ақпараттық кірісті мультиплексор микросұлбалары шығарылады. Мультиплексорлардың жұмыс принциптерін, 74153 микросұлбасының құрамындағы төрт ақпараттық кірісті мультиплексорлардың біреуінің жұмысын қарастыру арқылы суреттелік.

Бұл мультиплексордың қызметі 1.5 кестесімен көрсетілген, бұндағы B, A – оның сигналы адрестік кірістеріндегі сигналдар, C0…C3 – оның ақпараттық кірістеріндегі сигналдар, G’ – оның нөлдік деңгейінде мультиплексор жұмысына рұқсат беруші басқару сигналы.

1.5 кесте

G’

B

A

Y

1

X

X

0

0

0

0

С0

0

1

С1

1

0

С2

1

1

С3

Мультиплексордың жұмысын, оның кірістеріне әртүрлі жиілікті импульстер тізбесін беріп, сосын оның әртүрлі жағдайындағы, яғни кіріс сигналдарының әртүрлі қиыстырмасындағы, шығыс сигналдарының сипатын логикалық талдауышпен бақылау арқылы зерттеген ыңғайлы келеді. Бұндай тәжірибені ұйымдастыру үшін ең алдымен импульстер тізбесінің сәйкесті көзі керек. Осыған байланысты, ең алдымен 7493 микросұлбасының негізінде CNT_4 аталымымен бейнеленген төрт разрядты санауыш блогын құрып, сосын осындай екі санауышты тізбекті жалғау арқылы қажетті импульстер тізбесінің көзі Pulses құрылды (1.25 сурет).

1.25 Сурет

74153 микросұлбасының құрамындағы төрт ақпараттық кірісті мультиплексорлардың біреуінің жұмысын зерттеу сұлбасы 1.26 суретте келтірілген.

1.26 Сурет

Импульстер көзіне қосылған генератордың жиілігі (Frequency = 5 kHz) мен логикалық талдауыштың жайылымы (Clocks per division = 16) бақылауға аса ыңғайлы параметрлер қамтамасыз етеді.

Логикалық талдауышта шығарылған тәжірибе нәтижелері (1.27 сурет) зерттелуші мультиплексордың жұмыс логикасын көрнекі түрде көрсетеді. Мультиплексордың G сигналының нөлдік мәнінде ғана жұмыс істейтінін, яғни ақпараттық сигналдардың біреуін шығысына жіберетінін көру қиын емес. Уақыттық диаграммалардың осы бөлігін талдау арқылы мультиплексордың шығысына нақтылы ақпараттық сигналды жіберуі адрестік кодпен анықталатынына (оның 00 кезінде – C0 сигналы, 01 кезінде – C1 сигналы, 10 кезінде – C2 сигналы және 11 кезінде – C3 сигналы) көз жеткізуге болады.