Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

2.1.4 Жинақтаушы қосуыш.

Жинақтаушы қосуышта кезекті қосылғыш алдыңғы қосындыға қосылып, жаңа нәтиже ескі нәтижені алмастырады. Жинақтаушы қосуыштардың істеу ерекшелігін ескеріп, оларды көбіне аккумулятор деп атайды. 4-разрядты қосуыштың (SUM_4) негізінде құрылған жинақтаушы қосуыштың құрылымы 2.11 суретте келтірілген.

2.11 Сурет

Енгізлетін операндты қабылдау үшін және жинақталған қосындының бірінші байтын қабылдауға регистр (74194 микросұлбасы) негізінде құрылған және параллель жазу режиміне тұрақты қойылған ұқсас блоктар (RG) қолданылады (2.12 сурет). Қосу кезінде бірінші байттан шығатын тасымалдарды қосындының екінші байтына жинау үшін санауыш (7493 микросұлбасы) негізінде құрылған Cr (Carry сөзінен) блогы пайдаланылды.

2.12 Сурет

2.1.5 Алу-қосу құрылғысы.

Дайындалған 4-разрядты деректерді алуды да, қосуды да жүргізіе алатын алу-қосу құрылғысының құрылымы 2.13 суретте келтірілген.

Орындалатын операция келтірілген құрылғыда S ауыстырғышының жағдайымен анықталады: S = 0 кезінде – қосу, ал S = 1 кезінде – алу.

Цифрлық құрылғыларды арифметикалық операциялар қосымша кодпен көрсетілген деректерге жүргізілетіндіктен, азайтқыштың қосымша кодын шығару қажеттігі туады. Ол үшін санның тура кодының разрядтарының мәнін терістеп, алынған кодқа бір қосылу керек. Бұл процесті жүзеге асыру үшін құрамына сәйкесті сұлба енгізілген BC (Branching Code сөздерінен) блогы құрылды (2.14, a сурет).

Санның қосымша кодын шығару қажеттігі нәтиженің теріс таңбалы болу кезінде де туады. Нәтиже таңбасы мен ең үлкен разрядтан шығарылатын тасымал C_S (Carry және Sign сөздерінен) блогындағы сәйкесті элементтермен анықталады (2.14, b сурет).

Біздің сұлбада нәтиженің шығарылуы үлкен кідіріспен жүзеге асырылады. Оның негізгі себебі – BC блогындағы элементтердің кідірістері. Сондықтан нәтиже блогына жазу сигналының жіберілуі D (Delay сөзінен) блогына біріктірілген бірнеше NOT элементтері арқылы сәйкесті уақытқа кешіктірілген.

2.13 Сурет

a

b

2.14 Сурет

2.1.6 Тізбекті операндтарға арналған қосуыш.

Бұрын қарастырылған 4-разрядты қосуыштар төрт бірразрядты қосуыштар арқылы құрылған. Тізбекті операндтарға арналған қосуышта жалғыз бірразрядты қосуыш пайдаланылады да, ол арқылы қосу разрядтар бойынша (кіші разрядтан бастап) тізбектеп жүргізіледі (2.15 сурет).

2.15 Сурет

Тізбекті операндтарға арналған қосуыштың сұлбасының құрамына бірразрядты қосуышпен қатар қосылғыштар (екі RgS) мен операциялар нәтижесінің (Res) ығыстыру регистрлері және разрядтар арасындағы тасымалды сақтауға арналған триггер орналастырылған.

Бастапқы деректердің RG регистрлерінен сәйкесті RgS регистрлеріне көшірілуі құрылғының жұмыс режимін (Data/Sum) қосу режиміне D ауыстырғышымен ауыстыру кезінде жүзеге асырылады. Бұл кезде нәтиже регистрі (Res) мен тасымал триггері тазартылады. құрамы төрт NOT элементтен тұратын D4 блогы регистрлердің параллель жазуға қажетті кідірісін қамтамасыз етеді.

Разрядтар бойынша қосу C түймесін басу арқылы қалыптастырылатын төрт тактілік сигналмен жүзеге асырылады. Сәйкесті индикаторлар разрядтар бойынша қосу процесінің әртүрлі кезеңдерін көрнекі бақылауға мүмкіндік береді.

Разрядтар бойынша қосу операцияларының автоматты режимде, яғни құрылғының қосу режиміне (D ауыстырғышының 1 жағдайынан 0 жағдайына) ауыстырылу кезінде сәйкесті автомат іске қосылып, ол қажетті тактілік сигналдарды қалыптастырғаны дұрыс болар еді. Бұндай автоматтың Auto блогы түрінде бейнеленген сәйкесті сұлбасы 2.16 суретте келтірілген.