- •1 Цифрлық құрылғылардың құрылым негіздері
- •1.1 Логикалық элементтер
- •1.1 Сурет
- •1.2 Сурет
- •1.3 Сурет
- •1.4 Сурет
- •1.5 Сурет
- •1.6 Сурет
- •1.7 Сурет
- •1.8 Сурет
- •1.9 Сурет
- •1.10 Сурет
- •1.11 Сурет
- •1.12 Сурет
- •1.13 Сурет
- •1.2 Қиыстырма құрылғыларды құру
- •1.14 Сурет
- •1.15 Сурет
- •1.16 Сурет
- •1.3 Қалыпты қиыстырма буындар
- •1.3.1 Дешифраторлар.
- •1.17 Сурет
- •1.18 Сурет
- •1.19 Сурет
- •1.3.2 Шифраторлар.
- •1.20 Сурет
- •1.21 Сурет
- •1.22 Сурет
- •1.23 Сурет
- •1.24 Сурет
- •1.3.3 Мультиплексорлар.
- •1.25 Сурет
- •1.26 Сурет
- •1.27 Сурет
- •1.28 Сурет
- •1.29 Сурет
- •1.30 Сурет
- •1.31 Сурет
- •1.32 Сурет
- •1.33 Сурет
- •1.3.4 Демультиплексорлар.
- •1.4 Тізбектеме құрылғылар
- •1.4.1 Триггерлер.
- •1.34 Сурет
- •1.35 Сурет
- •1.36 Сурет
- •1.37 Сурет
- •1.38 Сурет
- •1.39 Сурет
- •1.40 Сурет
- •1.41 Сурет
- •1.4.2 Санауыштар.
- •1.42 Сурет
- •1.43 Сурет
- •1.4.2 Регистрлер.
- •1.44 Сурет
- •2 Цифрлық құрылғылардың моделдері
- •2.1 Қосуыштар
- •2.1 Сурет
- •2.1.1 Тізбекті тасымалды қосуыш.
- •2.2 Сурет
- •2.3 Сурет
- •2.4 Сурет
- •2.5 Сурет
- •2.1.2 Параллель тасымалды қосуыш.
- •2.6 Сурет
- •2.7 Сурет
- •2.1.3 Шартты тасымалды қосуыш.
- •2.8 Сурет
- •2.9 Сурет
- •2.10 Сурет
- •2.1.4 Жинақтаушы қосуыш.
- •2.11 Сурет
- •2.12 Сурет
- •2.13 Сурет
- •2.14 Сурет
- •2.1.6 Тізбекті операндтарға арналған қосуыш.
- •2.15 Сурет
- •2.16 Сурет
- •2.2 Тексеру құрылғылары
- •2.2.1 Мажоритарлы құрылғылар.
- •2.17 Сурет
- •2.18 Сурет
- •2.19 Сурет
- •2.20 Сурет
- •2.21 Сурет
- •2.2.2 Жұптығы бойынша бақылау құрылғылары.
- •2.22 Сурет
- •2.2.3 Хемминг кодына негізделген құрылғылар.
- •2.27 Сурет
- •2.28 Сурет
- •2.29 Сурет
- •2.30 Сурет
- •2.3 Жады құрылғыларымен жұмыс ұйымдастырылуы
- •2.3.1 Ұйымдастырылымы 16x4 жады құрылғылары.
- •2.31 Сурет
- •2.32 Сурет
- •2.33 Сурет
- •2.34 Сурет
- •2.3.2 Жадыға тура шығу арқылы дерек алмасу.
- •2.35 Сурет
- •2.36 Сурет
- •2.3.3 Стек жадысымен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
- •2.37 Сурет
- •3 Микропроцессорлық жүйенің моделі
- •3.1 Микропроцессорлық жүйенің моделінің құрылымы
- •3.1 Сурет
- •3.1.1 Mp4m микропроцессоры.
- •3.2 Сурет
- •3.3 Сурет
- •3.1.2 Микропроцессордың қызмет буындары.
- •3.4 Сурет
- •3.1.3 Микропроцессорлық жүйенің қызмет буындары.
- •3.2 Mp4m моделінің жұмыс режимдері мен командалар жүйесі
- •3.3 Mp4m моделінің жұмысын ұйымдастыру мысалдары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1.20 Сурет
Шифратордың кіріс және шығыс сигналдарын сипатталық: EI – шифратордың жұмысына рұқсат беру сигналы. Түскен сұранысқа сәйкесті кодтың қалыптастырылуы EI сигналының нөлдік деңгейде болу кезінде ғана мүмкін; R7 … R0 – шифратор кірістеріндегі сұраныс сигналдары. Нақтылы кірісте (немесе кірістерде) сұраныс болуы сәйкесті кірістегі сигналдың нөлдік деңгейімен сипатталады; EO – осы шифратордың ешқандай кірісінде сұраныс болмауы, ол осы сигналдың нөлдік деңгейімен сипатталады. Бұл сигнал, шифраторлардың өлшемін ұлғайту кезінде, келесі (мәртебесі жағынан кіші) шифратордың жұмысына рұқсат беру; GS – осы шифратордың кірістерінің біреуінде сұраныс болуын анықтаушы сигнал. Бұл сигналды қалыптасқан кодты сәйкесті құрылғыға жазу үшін пайдалануға болады; A2 … A0 – сұраныс нөміріне сәйкесті қалыптасқан шығыс кодының разрядтарының мәні. Кесте деректерінен шифратордың шығыс кодының теріс код түрінде қалыптастырылатынын көреміз; X – шифратордың сәйкесті кірістеріндегі сигналдардың (олардан мәртебесі жоғары сигналдың болуы кезінде код қалыптасуына әсер етпейтін) тиянақсыз мәні.
Түймелердің жағдайының жеке көрсетілуі шифратордың түскен сұраныстарға мәртебелік принцип бойынша сәйкесті екілік код қалыптастыратынына көз жеткізеді. Мысалы, 1.20 суретте көрсетілген жағдайда сұраныстар (теріс деңгейлі сигналдар түріндегі) үшінші және бесінші түймелерден түссе де, қалыптасқан кодтың (теріс код түріндегі) бесінші түймеге сәйкестігін көреміз.
Өндірісте сегіз және он кірісті мәртебелі шифраторлардың микросұлбалары шығарылады. Кіріс саны олардан жоғары шифраторлардың қажетті жағдайында, сондай шифратордың қызметін атқарушы құрылғы құруға тура келеді.
Мәртебелі шифратордың өлшемін ұлғайту тәртібін көрсету мақсатында, жоғарыда талқыланған екі 74148 микросұлбасының негізінде құрылған, он алты кірісті мәртебелі шифратордың қызметін жүзеге асырушы құрылғының сұлбасы мен жұмысын қарастыралық (1.21 сурет).
1.21 Сурет
Арабайланыстардың жүзеге асырылуының ыңғайлылығы мен көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында, пайдаланылатын шифраторлардың сегізкірісті микросұлбалары CD_8 аталымымен жеке блоктар түрінде бейнеленген (1.22 сурет).
Құрамына он алты түйме орналастырылған түймежинам блогы (0_F), әрбіреуінде төрт түймеден орналастырылған қосалқы төрт блокты (0_3, 4_7, 8_B, C_F) біріктіру арқылы құрылған (1.23 сурет).
1.22 Сурет
1.23 Сурет
Құрылғы сұлбасы (1.21 сурет) мен оның жұмыс принциптерін түсіндірелік. 2 шифраторының мәртебесі жоғары, кірісіне нөлдік деңгейдегі EI2 сигналының берілуі арқылы, оның жұмысына әрқашан рұқсат берілген. Егер 8...F кірістерінің біреуінде сұраныс болса, онда мәртебесі кіші 1 шифраторының жұмысына рұқсат берілмейді де (ЕО2 = 1), оның шығыстары пассивті жағдайда, яғни нөлдік деңгейде болады. Бұл кезде үш NAND элементі сұлба шығыстарындағы Ai (i = 0,1,2) сигналдарына инвертор қызметін атқарады. Сондықтан сұлбаның A0…A2 шығыстарында 2 шифраторындағы үлкен сұраныстың нөміріне байланысты, нөлден жетіге дейінгі сигналдар қалыптасады да, ол ЕО2 шығысындағы бірлік деңгейдегі сигналмен бірге 8...F кірістеріне сәйкесті код құрады.
Егер 2 шифраторының кірістерінде сұраныс болмаса, онда ол ЕО2 = 0 сигналын шығарып, кіші шифратордың жұмысына рұқсат береді де, өзінің A0…A2 шығыстарын пассивті бірлік жағдайға келтіреді. Енді сұлбаның Ai шығыстарына кіші шифратордың A0…A2 шығыстарының терістелген мәндері жіберіледі де, ол A3 разрядындағы нөлмен бірге 0...7 кірістеріне сәйкесті код құрады.
Сонымен, 16 сұраныс кірісі бар шифратордың құрылған сұлбасының F нөмірлі кірісі ең жоғарғы мәртебеде болады. Шифраторлардың сәйкесті шығыстарының сигналдарын біріктіруші элемент шығысындағы GS сигналы кез келген шифраторда кем дегенде бір сұраныстың болған кезінде бірлік мән қабылдайды да, ол келесі құрылғыларға жазу немесе сұраныс сигналы ретінде жіберіледі.
Күрделі цифрлық жүйелердің құрамында кездесетін аға бірлік көрсеткіші деп аталатын құрылғылар, шынын айтқанда, мәртебелі шифратордың жұмысын атқарады, бірақ олар өз нәтижесін “N-нен 1” коды түрінде шығарады. Сонымен, құрылғы кірістерінде бірнеше сұраныс болған кезде оның мәртебесі ең жоғарғы сұранысына сәйкесті бір шығысы ғана жандандырылады. Бұндай құрылғының шығыстарының саны оның кірістерінің санымен бірдей болады.
