Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.31 Сурет

2.32 суретте жадымен жұмыстың барлық кезеңін тексеруге мүмкіндік беретін құрылғының сұлбалық моделі келтірілген. Жадының қажетті ұяшығына байланыс, яғни сәйкесті сілтеу Ad блогында (Address сөзінен) орналастырылған және A (Address сөзінен) түймесін басу арқылы істейтін 4-разрядты санауышпен (7493 микросұлба) жүзеге асырылады.

2.32 Сурет

2.33 суретте ұйымдастырылымы 16x4 түріндегі (қосалқы Cells блогы) және оның ұяшықтарына байланыс екі координата бойынша жүзеге асырылатын жады матрицасының құрылымы келтірілген.

2.33 Сурет

Жады үяшықтарына екі координата бойынша байланыстың жүзеге асырылуын қосалқы 2dc4 блогына (2.34, a сурет) біріктірілген, 74139 микросұлбасында орналасқан екі дешифратор қамтамасыз етеді.

Қосалқы Cells және 2dc4 блоктары біріктірілген m16 блогы (2.34, b сурет) ұйымдастырылымы 16x4 түріндегі жады құрылғысы болып табылады.

Жады ұяшықтарына жазылатын деректер, алдыңғы құрылғылардағы сияқты, динамикалық дерек көзі арқылы таңдалады. Деректердің таңдалған жады ұяшығына жазылуы C түймесін басу арқылы жүзеге асырылады.

a

b

2.34 Сурет

Жадыда сақталған деректердің оқылуы жады үяшықтарының адресін тізбелеп өзгерту арқылы, яғни A түймесін басу арқылы жүзеге асырылады.

2.3.2 Жадыға тура шығу арқылы дерек алмасу.

Микропроцессорлық жүйелерде дерек алмасу операцияларын орындау бағдарламалы-басқару, үзіліс және жадыға тура шығу (ЖТШ) режимдерінде жүргізілуі мүмкін.

Бірінші жағдайда дерек алмасу процесін бастаушы процессор болады да, ол дерек алмасуының екінші қатысушысының жағдайын хабарлаушы сигналдарды талдап, бұл құрылғының дайын кезінде дерек алмасу жұмысына қажетті бағдарламаның орындалуын жүзеге асырады. Бұндай дерек алмасудың, оған қатысты екінші құрылғының дайындығын күтуге байланысты, көп уақытқа созылуы мүмкін.

Үзіліс арқылы дерек алмасуда алмасу процесін бастаушы – сыртқы құрылғы, сондықтан оның дайындығын күтуге уақыт кетпейді. Сыртқы құрылғының сұранысы бойынша процессор кезекті команданың орындалуын бітіріп, одан кейін сыртқы құрылғының сұранысына байланысты жұмыстың бағдарламасын орындауға кіріседі. Бұл кезде прцессордың өзінің кезекті жұмысын сыртқы құрылғының сұранысына байланысты жұмыс аяқталғанша тоқтата тұратынына көңіл аударамыз. Бұл, ақырында, микропроцессорлық жүйенің жұмысының тиімділігін төмендетеді.

Жады мен сырқы құрылғы арасында дерек алмасуды процессордың қатысынсыз ұйымдастыру үшін, әдетте, жадыға тура шығу (ЖТШ) режимі пайдаланылады. Қалыпты режимде жады мен сыртқы құрылғы арасында дерек таратылуында алдымен дерек процессорға қабылданып, сосын ол ақырғы дерек қабылдағышына жіберілуіне байланысты дерек тарату қарқыны кемиді. ЖТШ режимінде процессор жүйе желісінен ажыратылып, дерек алмастырылуын басқаруды арнайы ЖТШ контроллеріне береді де, дерек тарату қарқыны көтеріледі. Сонымен, ЖТШ микропроцессорлық жүйенің жұмысының тиімділігін арттырады.

2.35 суретте дерек алмастырылуын жадыға тура шығу (DMA, Direct Memory Access) процесінің ұйымдастырылуын моделдеуші құрылғының сұлбасы келтірілген.

2.35 Сурет

Бұл құрылғыда жады блогы ретінде алдыңғы тарауда келтірілген, оналты 4-разрядты ұяшықтан тұратын m16 жады блогы пайдаланылады.

Дерек алмастыру процесін жадыға тура шығу арқылы ұйымдастыру үшін (мысалы, деректерді жадыға жазу үшін) алдымен дерек алмастырылуына бөлінген жады аймағы туралы мәліметтер (бастапқы адрес пен блок мөлшері) бекітілу керек. Бұл мәліметтер D ауыстырғышының (Dt/Rd_Wr индикаторы) бірлік жағдайында, 74194 микросұлбасының негізінде құрылған регистрлік Init (Initial сөзінен) және Nm (Number сөзінен) блоктарына енгізіледі. Регистрлердің сәйкесті деректер жазуға таңдалуы I ауыстырғышымен (Init/Nm индикаторы) жүзеге асырылады.

Құрылғыны оқу/жазу режиміне ауыстыру D ауыстырғышын нөлдік жағдайға қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде Init және Nm регистрлерінің құрамы 74169 микросұлбасының негізінде құрылған (2.36 сурет), регистр-санауыш қызметін атқаратын Cur (Current сөзінен) және Nc (Current Number сөздерінен) блоктарына көшіріледі. Оған қажетті сигналдар осы блоктардың ішінде орналастырылған сәйкесті сұлбалармен (1.12, f сурет) қалыптастырылады.