Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017_Цифрлық құрылғыларды моделдеу_3-82.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1.17 Сурет

Жүргізілген зерттеу нәтижелері кесте мәліметтерінің зерттелуші дешифратордың жұмыс сипатына сәйкестігін дәлелдейді, атап айтқанда: дешифратордың жұмысына рұқсат берілуі, біздің сұлбада 1…3 түймелерімен қойылатын, басқару сигналдарының (G1, G2B’, G2A’) деңгейлерінің нақтылы қисындастырылуы арқылы жүзеге асырылады; дешифратордың нақтылы шығысының жандандандырылуы оның адрестік кірістеріне берілетін екілік кодпен анықталады; дешифратор – теріс шығысты, яғни оның жандандырылған шығысындағы сигнал нөлдік деңгейде, ал оның өзге шығыстары бірлік деңгейде болады.

Қиыстырма құрылғыларды дешифраторлар негізінде жүзеге асыру мүмкіндіктеріне көңіл аударамыз. Бұндай мүмкіндіктерді қызметі 1.3 кестемен берілген құрылғының жүзеге асырылуы арқылы суреттейміз.

1.3 кесте

C

B

A

Y

Z

W

0

0

0

0

1

1

0

0

1

0

0

1

0

1

0

1

0

0

0

1

1

0

1

1

1

0

0

1

0

0

1

0

1

0

1

0

1

1

0

1

0

1

1

1

1

1

0

0

Y функциясын дизъюнктивті түрде және оның де Морган заңымен түрлендіру арқылы алынған түрінде көрсетелік:

.

Бірінші өрнекке кіретін конъюнктивті термдердің үшразрядты адрестік кодтан істеуші тура шығысты дешифратордың шығыстарының логикалық өрнектеріне сәйкес келетінін, ал қарастырылушы өрнектің өзінің айтылған конъюнктивті термдердің дизъюнктивті біріктірмесі екендігін байқау қиын емес. Айтылғанға сәйкесті, тура шығысты дешифратордың сәйкесті шығыстарын OR элементімен біріктіру арқылы осы құрылғыны жүзеге асыруға болар еді.

Екінші өрнектен, құрылғыны теріс шығысты дешифратор арқылы жүзеге асыру үшін, бұл дешифратордың сәйкесті шығыстарын NAND элементімен біріктіру керек. 1.18 суретте кестеде берілген Y, Z және W функцияларының дешифратор арқылы жүзеге асырылуын тексеру сұлбасы келтірілген. Сұлбаның көрнекілігін қамтамасыз ету үшін тәжірибеде пайдаланылатын дешифратор (74138 микросұлбасы) DC_8 блогы түрінде дайындалған (1.19 сурет).

1.18 Сурет

1.19 Сурет

Қиыстырма құрылғыларды дешифратор негізінде құру мүмкіндігі пайдаланушылардың іс жүзіндегі мүмкіншілігін кеңейтеді: біріншіден, логикалық өрнекті қарапайымды түрге келтірудің қажеті жоқ (дәлірек айтқанда, өрнектің өзінің де керегі жоқ, қажетті жалғанымдарды кестеден анықтауға болады); екіншіден, жалғыз дешифратор негізінде бірнеше функцияны параллель түрінде жүзеге асыруға болады (Y, Z және W функциялары жүзеге асырылған біздің жағдайдағыдай).

1.3.2 Шифраторлар.

Шифратор (Coder) унитарлық кодты позициялық кодқа түрлендіреді. Шифратордың бір кірістерінің біреуіне сигнал түскен кезде, оның шығыстарында жандандырылған кірісінің нөміріне сәйкесті екілік код қалыптастырылады.

Шифраторлардың өндірісте шығарылатын сәйкесті микросұлбалары мәртебелі шифраторлардың қызметін атқарады, яғни олар түскен сигналдарға сәйкесті кодтар қалыптастырумен қатар, олардың мәртебелік мәселелерін де шешеді. Осы ұғымды түсіндірелік.

Цифрлық жүйелердің жұмыс істеу кезінде бірнеше бәсекелестің, бір мезгілде қанағаттандырылмайтын өз сұраныстарын қатар қоятын жағдайы жиі кездеседі. Демек, үміткерлерді кезекке қойып, олардың біріншісінің сұранысына байланысты жұмыс атқару керек болады.

Мәртебелі үміткерді анықтау мәселесін шешудің қарапайым жолы – әрбір сұраныс көзіне нақтылы бекітілген мәртебе қою. Мысалы, сегіз R7...R0 (Request сөзінен) сұранысынан тұратын топтағы жетінші сұраныс көзіне ең жоғарғы мәртебе, қалғандарының мәртебесі олардың нөмірлеріне сәйкесті кеми бекітіледі.

Егер бір мезгілде түскен бірнеше сұраныс болса, онда олардың ішіндегі ең жоғарғы мәтебелісінің сұранысы қанағаттандырылады. Сонымен, мәртебелі шифратор өз шығыстарында ең жоғарғы дәрежелі сұраныстың екілік нөмірін қояды. Шифратордың шығысының саны, яғни қалыптасатын екілік кодтың раряд саны (n) оның кірістерінің санымен (N) анықталады: n ≥ log2N.

1.4 кесте

EI

R7

R6

R5

R4

R3

R2

R1

R0

A2

A1

A0

GS

EO

1

X

X

X

X

X

X

X

X

1

1

1

1

1

0

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

0

0

X

X

X

X

X

X

X

0

0

0

0

1

1

0

X

X

X

X

X

X

0

0

1

0

1

1

1

0

X

X

X

X

X

0

1

0

0

1

1

1

1

0

X

X

X

X

0

1

1

0

1

1

1

1

1

0

X

X

X

1

0

0

0

1

1

1

1

1

1

0

X

X

1

0

1

0

1

1

1

1

1

1

1

0

X

1

1

0

0

1

1

1

1

1

1

1

1

0

1

1

1

0

1

Шифраторлардың жұмыс принциптерін сегізкірісті мәртебелі шифратордың (74148 микросұлбасы), қызмет тәртібі 1.4 кесте арқылы берілген, жұмысын қарастыру арқылы суреттелік. Оның жұмысын зерттеу сұлбасы 1.20 суретте көрсетілген.