- •Жоспар:
- •1. «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісі туралы жалпы мәліметтер
- •1.1 «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісінің тарихы
- •1.2 Қонақ үйдің қысқаша сипаттамасы
- •2. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің басқару құрылымын талдау
- •2.1 Human Resources Department бөлімінің негізгі функциялары
- •2.2 Food and beverage department және Kitchen бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.3 Department of Safety and Security бөлімінің негізгі функциялары
- •2.4 Business Center Front бөлімінің негізгі функциялары
- •2.5 Sales and marketing department және Financial department бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.6 Rooms Division бөлімінің негізгі функциялары
- •3. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жұмысына сараптама
- •3.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасына сараптама
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Қосымшалар
3. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жұмысына сараптама
3.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасына сараптама
Сыртқы ортаны сараптау бәсекелсетікке қабілеттілікті анықтаудың ең негізгі жолдарының бірі болып табылады. Сыртқы орта жағдайларына, әдетте компания әсер бере алмайды, оған бәсеклестердің деңгейі , заңдар мен жалпы экономикалық жағдайды жатқыза аламыз. Қонақ үй қызметтерін тұтыну тікелей сол аймақтағы туризм даму деңгейіне байланысты болып табылады. Ал біздің елімізде бұл ақсап жатқан мәселе, сол себепті де біздің Астана Марриотт қонақ үйінің негізгі тұтынушы кластері ол әрине кәсіпкерлер мен жұмыс бабымен келген азаматтар.
Астана Марриотт қонақ үйінің қонақтарының басты сегментін кәсіпкерлер және шетелдік туристер алып отыр. Осы көрсеткіштерді саралай отырып біз қонақ үйлерді бағалайтын «Спектр» бағалау агенттігінің 2015 жылғы бәсеклестік деңгейі кестесіне көз жүгіртсек:
Кесте-1. Қонақ үйлерді бағалау көрсеткіші.
Қонақ үй атауы |
Балл |
«Астана Марриотт Отель» |
9 |
"Престиж" |
8.2 |
"Астана-Триумф" |
8.2 |
а "Нур" |
7.55 |
"Алтын Орда" |
5.75 |
Туркомплекс "Сапар" |
5.6 |
Туркомплекс "Дипломат" |
5.4
|
Ақпарат көзі: «Спектр» бағалау агентігінің сайтынан алынған.[5] |
|
Жоғарыдағы кестеге көз жүгіртсек, Астана Марриот қонақ үйінің қала бойынша жоғарғы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне ие екенін көре аламыз.
Марриотт қонақ үйінің қонақтарының экономикалық деңгей жоғары екенін ескере отырып, қаладағы қонақ үйлердің стандарт номерлерін салыстырсақ, Марриоттың бағаларының әлде қайда жоғары екендігін байқай аламыз, бұдан біз қонақтарымыздың дені үнемдеу емес, престиж сипатына ден қойғанын байқай аламыз.
Кесте-2. Астана қаласындағы алдыңғы қатарлы қонақ үйлер бағалары.
Қонақ үй атауы |
Стандарт делюкс бөлме бағасы (теңге) |
Rixos President Astana |
69400 |
Astana Marriott Hotel |
94000 |
Beijing Palace Soluxe Hotel Astana |
34560 |
Radisson SAS Astana |
76916 |
Дипломат |
30000 |
Ramada Plaza Astana |
46000 |
Ақпарат көзі:Booking.com алдын ала брондау сайтынан алынған.[6] |
|
Жоғарыдағы кестедегі бағаларды салыстыра отырып біз Астана қаласындағы алдыңғы қатарлы қонақ үйлер арасында ең қымбат қонақ үй Астана Марриотт қонақ үйі болып табылатынын анықтадық, ал ең арзан баға Дипломат қонақ үйінде. Орташа баға Ramada Plaza Astana қонақ үйіне тиесілі.
Кесте-3. Астана Марриотт Қонақ үйінің 2015 жылғы табысының үзіндісі.
Жоғарыдағы кестеден біз қонақ үйдің ең жоғарғы табыс алу мөлшері 2015 жылдың қазан айында екенін көріп отырмыз, себебі қонақ үй бизнес отель болғандықтан іскерлік жұмыстар мен кездесулер көп болатын уақыт қонақ үйдің ең жемісті уақыты болып табылады. Ал кестеден көріп отырғанымыздай ең аз түсім шетелдік кәсіпкерлер жұмыстарынан босап, іскерлік емес ай болып табылатын қаңтар айына тиесілі. Деректерге сүйенсек, Астана Марриотт 2015 жылғы Қазақстан бойынша ең көп табыс тапқан қонақ үй болып табылады. [7]
Төмендегі суреттен біз Астана Марриот қонақ үйінің қонақтарының ұлттық пайыздық көрсеткішіне көре аламыз, оған көңіл бөлсек біз Марриотт қонақ үй шет ел валютасын ұстап қалуда жақсы жұмыс жасап жатқанын аңғара аламыз.
Сурет-5. Қонақ үй қонақтарының ұлт бойынша қатынасы.
Суреттегі диаграммны сараптасақ, Ресей мемлекеті көршіміз болғандықтан, ресейлік азаматтар легі көп, қонақ үйіміздің тұрақты қонақтары болып, сонымен қатар АҚШ-елшілігі, түрік және украин әуе компаниялары және неміс, итальян, бельгиялық мұнай компаниялары.
