Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика отчет - Марриотт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.2 Food and beverage department және Kitchen бөлімдерінің негізгі функциялары

Қонақ үй шаруашылығында бұл бөлім өзінің функционалды қызметін автономды тәртіпте жүзеге асырады, бірақ туристік топтар легінің келу кестесіне тәуелді. Оның ұйымдастырушылық өндірістік міндетеріне тек ғана туристерге қызмет көрсету емес, сонымен қатар банкеттер, призентациялар, кештер өткізу де кіреді. Бөлім тамақтану және демалу мәдениетінің жүйесін қалытастырады. Қонақ үй мейрамхана жұмысы әдеттегі мейрамхана жұмысынан біршама ерекшеленеді. Қонақ үй мейрамханасының жұмыс істеу уақытты тұрғындардың басым бөлігін қанағаттандыратындай болуы керек, тіпті мейрамхананың жекелеген жұмыс уақыты пайда әкелмейтін болса да. Сонда да қонақ үй қонақтарының 70 пайызы қонақ үй мерамханасында түстенбейді және 50 пайызы сол жерде кешкі асты ішпейді, ал мейрамхананың кірісінің 2/3 бөлігі сыртан келушілерден түседі. Осы жерде келесідей маңызды қорытынды шығады қонақ үй мейрамханасының көше жақта бөлек есігі және өзінің автотұрағы болуы тиіс. Бірақ қонақ үйдің қоныстану тығыздығы төмендеген кезде кіріс көзі ретінде тамақтандыру бөлімінің ролі өсе түсті және қазіргі кезде нөмерлік қор ролімен теңесті. Осыдан бұл қызмет бөліміне назар аударудың күшеюі байқалады қонақ үй мейраханалары әсемдігі артуда, бір қонақ үйдегі мейрамханалардың саны көбеюде, ұлттық ас үйлері бар арнайы мейрамханалар пайда болуда және т.с.с. Қазір қонақ үй класы жоғары болса, қонақ үй ролі соғұрлым маңызды.Әдетте қонақ үйдің бас директоры мейрамхана ісінде еш нәрсе түсінбеуі мүмкін, бірақ күнделікті ас үйге келіп дәм тату ритуалын жасайды. Сондықтан көп жағдайда қонақ үй мейрамханасының орыны қандайда бір профессионалды ресторандарға жалға беріледі, ал жалға беру келісім шартында тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға қажетті шарттар қарастырылады. Егер де мейрамхана отельдің құрамына кіретін болса,онда ол тамақтандыру қызметіне жатқызылады және оны міндетті түрде қонақ үйбасқармасының құрамына кіретін директор басқарады. Қонақ үйде тамақтандыруды басқарады. Қонақ үйде қоғамдық басқаруды өз бетінше асырылады, мысалы,мейрамхананың жарнама компаниясы, қонақ үй жарнамасынан бөлек жүргізіледі.Тамақтандыру бөлімінің тікелей қол астында шеф-аспаз, тамақтандыру бөлімінің бақылаушысы, метрдотель, банкет менеджері, бас бармен,стюард жұмыс істейді. Егер қонақ үйде бірнеше мейрамхана болатын болса, әрқайсысының өз директоры және нөмірлерге ас пен сусындарды жеткізуші room service-ң жеке директоры болады. Әрбір мейрамхананың нақты имиджі болуы керек (көбінесе ұлттық ас үйлер). Мейрамханадан бөлек, ірі қонақ үйде міндетті түрде бірнеше шағын тамақтану кәсіп орындары: барлар, кофейндер, буффеттер және т.б. болады.

2.3 Department of Safety and Security бөлімінің негізгі функциялары

Аталған қызмет қонақтар ды,олардың мүліктерін және қонақ үйдің мүліктерін түрлі кримналды элементтер тарпынан мүмкін болатын зияннан қорғау үшін құрылады.Қонақ үйдегі қылмыстың көбіне кездесетін түрі – бұл түрлі ұрлықтар.Қауіпсіздік қызметінің басты міндеті істелген қылмысты зерттеу емес, олардың алдын алу, қылмысты болдырмау. Бұны есте сақтау өте маңызды, себебіқауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің полицияға қарағанда зерттеу жүргіу кезіндеқұқықтары шектелген:олар тергеуге, тінту жасауға және басқа да әрекеттер жасауға құқықты емес.

Қауіпсіздік қызметінің сәтті жұмыс істеуі үшін оның қонақ үйдің басқа да бөлімдері, әсіресе, қаржы департаменті және персонал бөлімімен жақсы қарым-қатынасы өте маңызды. Қауіпсіздік қызметінің бақылауы қаржылай бақылаумен сәикес болуы керек, ал персонал бөлімімен бірге қауіпсіздік қызметі жұмысқа алынушылардың бақылауын құрастырады және жүзеге асырады. Қауіпсіздік қызметі қонақ үйдің қауіпсіздік жүесінің жобасын құрастырады. Ол жобаны бас директор басқа бөлімдердің басшыларымен бірге талқылағаннан кеиін бекітеді. Бұл құжат қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жақтарын қамтиды (қауіпсіздік қызметінің функциялары, оның басқа бөлімдерімен қарым-қатынасы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарының жүйесі, төтенше жағдайлардағы өрт, жарылыс қаіуіпі-қонақ үй жұмыскерлерінің әректтері және т.б.). Егер қонақ үй ірі қонақ үйлер жүйесіне кіретін болса, онда қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру франчайзингті келісімнің бір бөлігі болып табылады: франчайзинг беруші франчайзинг алушыны инструкциялайды, персоналды оқытады және т.б. Қауіпсіздік қызметінің жұмысшыларының саны көп емес: 500 номерлі қонақ үйде 10 адамнан артық емес штатта әйел адамның болғаны дұрыс, себебі егер жәбір шегуші клиент әйел болса, оған жағдайын әйел-қызметкерге айту жеңілірек болады. Қауіпсіздік қызметінің өзінің жеке кеңсесі киім, ілгіші (басқа персонал киім ілгішінен бөлек) және құжаттарды сақтау және есеп құру үшін жеке бөлмесі болуы керек. Қауіпсіздік басшысының кабинеті көзге түсетін жерде орналаспауы керек, бір жағынан қонақ ол кісімен жолыққысы келсе, оны тез таба алуы керек