Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика отчет - Марриотт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

1. «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісі туралы жалпы мәліметтер

1.1 «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісінің тарихы

«Марриотт Интернешнл» халықаралық компаниясы 81 жылдық, мақтануға тұрарлық үлкен тарихқа ие. Бұл тек танымал қонақ үйлер желісі ғана емес, сонымен қатар қонақ үй және көңіл көтеру орындарының, әйгілі мейрамханалар мен демалыс аймақтарын басқарып отырған үлкен корпорация.

Корпорация (лат. Corporatіo – бірлестік) — 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.

1927 жылы Дж. Уилл Марриотт өзінің әйелі Эллис бірге Вашингтон қалсында кішігірім сырахана ашқан болатын, оның атын ерекше «Хот-шоп» деп атаған болатын. 30 жылдардағы экономикалық дағдарысқа қарамастан, штаттарда кішігірім дәмханалар желісі пайда болды. 1934 жылы Мериленд штатындағы балтимор қалашығында алғашқы «Хот-шоп» мейрамханасы ашылды. Екінші дүниежүзілік соғыс экономикаға жаңа серпін беріп, мейрамхана ісінде жаңа бағыт – келісім-шарт бойынша тамақтандыру пайда болды. Алғашқы тұтынушылары американдық әуе компаниялары болды. 50 жылдары көлік өнеркәсібі жаңа серпінге йе болды. Соның әсерінен көп туристтер легі пайда болды. Енді Марриотт қонақ үй саласына көбірек көңіл аударған болатын. Осы жылдары Вирджиния штатында алғашқы «Твин Бриджис Марриотт Моторс» қонақ үйі ашылған болатын. Марриотт қонақ үйінің тарихына көз жүгіртсек:

  • 1964 жылы компания президенті болып Джей Виллард Марриоттың ұлы Билл Марриотт тағайындалды. Осы сәттен компанияның әлемдік деңгейге қадам басу сәті басталды;

  • 1975 жылы Европадағы бірінші Марриотт қонақ үйі Амстердамда ашылды;

  • 1977 жылы компания өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті;

  • 1981 жылы Гавай аралдарында 100-ші қонақ үй ашылды;

  • 1983 жылы Джорджия штатында бірінші Courtyard қонақ үйі ашылған болатын;

  • 1985 жылы Дж. Уилл Марриотт дүниеден өтіп, бүкіл билік Билл Марриоттың қолына өтті;

  • 1987 жылы өз пайдасын еселей отырып компания «Резиденс Inc» қонақ үйлер желісін сатып алды;

  • 1993 жылы компанияда өзгеріс пайда болып , компания екі бөлімге бөлінген болатын:

  • «Хост Марриотт Корпорэйшн» (АҚШ аумағында);

  • «Марриотт Интернэшнл» (Европа мен Азия аумағында).

  • 1995 жылы «The Ritz-Carlton» Марриот құрамын өтеді

  • 1997 жылдан бастап Марриотт «Ренессанс Интер­нэшнлдың» акцияларына иелік ете бастады.

  • 2000 жылы Флорида штатында 2000-шы қонақ үйі ашылды.

  • 2002 жылы компанияның 75-ші мерей тойы болып, әлемнің 63 елінде 2300 қонақ үйі бар компанияға айналды.

  • 2003 жылы әлемде 2600 қонақ үй.

  • 2005 жылы Courtyard by Marriott Мәскеуде 100000-шы бөлме ашылды.

Қазіргі таңда Марриотт қонақ үйлер желісінде, қазіргі таңда 4000 астам қонақ үй бар. Олар әлемнің 100 ден астам елдерінде барлық құрлықтарда орналасқан. Қазіргі таңда Марриотт компаниясына кіретін брендтерге көз жүгіртсек:

Осы 20 бренд 6 деңгейлі кластермен бөлінеді, соның ішінде GAYLORD Hotels және EDITION ойын-сауық орталықтары мен сауықтыру орындары болса, MOXY және DELTA ең арзан және ыңғайлы, көп жағдайда студенттерге таптырмас орын болып табылатын хостелдер.Төмендегі суреттен біз Марриоттың өзге брендтерінің бағалық деңгейін және бөлме санын байқай аламыз.

Сурет-1. Марриотт Интернешнл брендтерінің бағалық деңгейі және номерлер саны.

Жақын арада Марриотт әлемдегі тағы бір қонақ үйлер алпауыты Старвуд компаниясымен бірікпек, бірақ негізгі жақ болып Марриотт қалады, сол себепті Старвудтық барлық брендтер Марриотт туының астында жұмыс жасамақ, сол сәтте Марриотт брендетінің қатарына әлемге белгілі: (Сурет-2)

Сурет-2. Старвуд брендтері.

Старвуд брендтері сынды брендтерге толы болмақ. Бұл өз қатарында өз ара бәсекелестікке алып келіп, келешкете Шэретон және Уестин сынды брендтердің жабылуын тудыруы келуі мүмкін.

Марриотт компаниясына біз жалпы шолу жасадық ,келесі бөлімдерде әлемдеге ең үздік 10 қалалық Марриотт қонақ үйінің қатарына кіретін Астана Марриот қонақ үйіне жеке шолу жасап тоқталамыз.