- •Жоспар:
- •1. «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісі туралы жалпы мәліметтер
- •1.1 «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісінің тарихы
- •1.2 Қонақ үйдің қысқаша сипаттамасы
- •2. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің басқару құрылымын талдау
- •2.1 Human Resources Department бөлімінің негізгі функциялары
- •2.2 Food and beverage department және Kitchen бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.3 Department of Safety and Security бөлімінің негізгі функциялары
- •2.4 Business Center Front бөлімінің негізгі функциялары
- •2.5 Sales and marketing department және Financial department бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.6 Rooms Division бөлімінің негізгі функциялары
- •3. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жұмысына сараптама
- •3.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасына сараптама
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Қосымшалар
1.2 Қонақ үйдің қысқаша сипаттамасы
Астана Марриотт Отель Астана қаласындағы бірінші және әзірге жалғыз Марриотт брендінің қонақ үйі болып табылады. Қонақ үй керемет қызмет көрсету мен инновациялық жаңашылдыққ негізделген қызметке бет бұрған. Қонақ үй қаланың жаңа іскерлік орталығында орналасқан. Халықаралық әуежайға жақын, мәдени-өнер орталықтары мен ойын-сауық аймақтарының маңында орналасқан. Қонақ үй тағы өзінің заманауилығымен және қымбат әрі классикалық дизайнымен таңдай қақтыртады. «SAAD Hotel» әмбебап 5 жұлдызды қонақ үй болып табылады .Қонақ үй бизнес стильде жасалған, биіктігі 127 м болатын 28 қабатты ғимаратта орналасқан. Қаладағы ең биік қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй алатын ауданы 12600 м*2, ал барлық аудан қосындысы 70100 м*2. 1-3 эатаж аралығында Сауықтыру аумағы, Арома мейрамханасы, Лобби-бар орналасқан. Және де 6 конференц-залдар бар. 5 этаждан бастап 6 бағалық деңгейдегі 271 5 жұлдызды номерлер қонақтар игілігіне ұсынылған. Номерлер стандарт делюкстан басталып президенттік апартменттерге дейін ұсынылады. Президенттік номер 900 м*2 ауданды алып жатыр, ішінде джакузи, сауна, кітапхана, жеке асхана, конференц-зал және қызметкерлерге арналған бөлмемен жабдықталған. 271 номер ішінде 140 Делюкс, 18 жабдықталған, 68 экзекютив, 13 люкс, 27 ұзақ мерзімде тұруға арналған люкс номерлер және 2 патша мен 1 президенттік номерден тұрады. Vista Bar&Lounge 27-28 қабаттарда орналасқан қалаға панорамалық бейне ашатын замануи бар. Астана Марриотт қонақ үйінің басқару құрылымына келер болсақ ол дивизионды-функцияналды, бұл дегеніміз әр бөлімдер өз алдына дербес мәселемен айналысады, бірақ соңғы түйін бас маманмен бекітіледі.
Сурет-3. Қонақ үйдің басқару құрылымы.
2. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің басқару құрылымын талдау
2.1 Human Resources Department бөлімінің негізгі функциялары
Қонақ үйдің ұйымдастыру құрылымы (барлық кәсіпорын) ол кәсіпорындардың барлық функцияларымен бірлескен құрылымдарының жүйеленген үлгісі. Әр түрлі типтегі қонақ үйлерді ұйымдастыру тәсілдерін қолдану, бөлімшелерге кіру сипаты және кәсіпорын көлемімен танысу, философиялық басқару қонақ үй иесінің (мүддесін қорғау) назарында болады. Негізгі бөлімшелердің функционалдық құрылысын қысқаша қарап шығатын, портье сияқты бөлімшелер қонақ бөлме жинау қызметі біріккен сербимтік топ бөлімшелері нөмерлік қор бөлімшелерінен түзіледі. Нөмерлік қор бөлімінің бастығы маңызды қонақ үй қызметіне жауапкешілікпен және кәсіпорын стандартына лайықты қабылданған нөмерлік қор қызметіне сүйенеді. Жалпы тамақтану бөлімшелері қонақ үй категорияларына тәуелді, келушілер үшін мейрамхана, кафе, немесе қабаттық бар, банкеттік және мәжіліс бөлімшелерінің қызметін қосады. Тамақтану қорының директоры ас мәзірін құруға, негізгі тағам қорын тапсырыс беруді қамтамасыздандаруға, қызмет көрсетуші қызметкерлерге жер телімін үлестіру, дайын өнімдердің сапасын тексеруді жүзеге асыру және қызмет көрсету, сонымен қатар үнемдеу тәртібін сақтауды өз қарамағына алады. Әр бір отелдің жалпы тамақтандыру бөлімшелерінің өз басқарушылары, бөлмелерде қызмет көрсетумен қосылады. Сондай-ақ әрбір сауда нүктелерінің өз басқарушылары, қызмет көрсету сапасын басқару және жалпы қолайла атмосфераны сақтауды қамтамасыз етеді. Жұмыстың өте маңызды бағыттары сауда және маркетингтік қызметтен келеді. Қонақ үй қызметіндегі маңызды міндет келушілерге дайын бөлмелерді сату орналастыру, қонақ үйде байланысу қызметін көрсетеді. Маркетинг қонақ үй өндірістік ерекше қажеттіліктерін лайықты байқалып болжамдап жүзеге асырады, тұтынушылардың категорияларына қарай және кәсіпорын дәрежесі көзделе отырып құрылады. Маркетинг бөлімінің директоры сауда қызметі тобының жұмысын қызметін бақылайды. Мысалы: туристік сондай-ақ банкет бөлімшесінің қызметін бақылайды. Бастапқы брондау жүйесі қонақ үйдің пайдалық деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондықтан сауда бөлімінің өкілдерінің ұйымдастырушыларымен конгрестік, контактілерді жөндеуге, симпозиум, өз кәсіпорынының жұмысшыларын қамтамасыз етуге арналған мәжілістер мен қамтылады. Сондай-ақ номерлік қор қызметін басқаруда көзделген.
Қонақ үйдің бас менеджері ол қонақ үй иесі мен персонал арасындағы байланыстырушы секілді, оның мойнында қонақ үйдің барлық даму жодарын ұйымдастырып бақылауда ұстап тұру болып табылады. Астана Марриотт қонақ үйінің бас менеджері француз маманы Магуас Филипп болып табылады. Қонақ үй басты 8 бөлімнен тұрады (ағылшын тілінде):
Cурет-4. Қонақ үй бөлімдері.
Human Resources Department. Бұл бөлім басқарушы стильді қалыптастырады, қонақ үй кешенінің барлық бөлімдерінің жұмыс бағыттайды және бақылайды, кадрлық құрамының сапалылық атқарушылық қызметін қалыптастырады. Кадр бөлімінің басты функционалды жауапкершілгі — әлеуметтік технологияларды қолдану және жетілдіру, себебі оның іс-әрекеттері арқылы қонақ үй шаруашылығының басқару функциялары концентрацияланады және перспектива жаслады. Кадр бөлімінің ең басты ролі оның қызметінің профилатикалық бағытталғанды болып табылады. Қонақ үй администраторы өзіне тапсырылған шаруашылықтың өтімділіге қол жеткізу үнін нормативтік актілерді басшылыққа ала отырып, прогресивті әдістерді енгізеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қонақ үйдің гүлденуі көбнесе: туристік фирмалармен кең байланыста болуға, ақпараттық жарнамалық ұйымдармен байланыста болуға байланысты. Қонақ үйлердің оперативтік қызметі мәдени-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру іс шараларын кеңінен қолданады. Клиентуралық катынастарды жетілдіре отырып, кадрлар бөлімі қызмет көрсету жүйесінде проффессиоаналдық шерберлікке жетуде. Осыған байланысты оның ұйымдастырушылық талпыныстарында кадрларды проффессоналды қайта даярлау, “адам потенциялының индексіне” жету үшін ынталандырудың икемді жүйесін енгізу жұмыстары жүзеге асырылады. Кез келген басқарушылық құрылым тәрізді қонақ үй әкімшілігі де оқшау түрде өмір сүре алмайды. Ол басқа қонақ үйлермен ытымақтастықта отырады, өз тәжірибесін байытуға тырысады. HR практикасында кадрлармен алмасу, қызметкерлерді тиімді оқыту формаларын іздеу, бәсекелестік қабілетті жетілдіру үшін конкурстарды пайдалану кеңінен қолданылады. Қонақ үй әкімшілігі өзінің ашықтық жүйесін қалыптастырады. Онда тандау әрекеттері бизнесті жетілдіруде икемділіктің қайнар көзі болады. Бұл әрекеттерге төменгілер жатады:
— икемді форма (жұмыстың жағымсыздығына пропорционалды тәуелділікте еңбекақы төлемі, кадрлар ротациясы; проффессионалды ар-ұжданды ынталандыру; әлеуметтік бағдарларды жетілдіру және т.б,);
— фирмалық стильді жетілдіру (жаңарған аксессарлады енгізу, техникалық қызметті жетілдіру, қызмет көрсетуші персонал формасының өзгеру, жаңарған қызметерді енгізу және т.б.);
— өткізілетін қызмет құнын корректілеу.
HR тиімділігіне қызмет көрсетуші персонал үшін оперативті ақпарат маңызды әсер етеді. HR басқару жүйесін қызмет бөлімдерінің жұмысына сараптама жасау арқылы жетілдіреді және осы сараптама негізінде алдағы жоспарды анықтайды
