Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика отчет - Марриотт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісі туралы жалпы мәліметтер........................................................................................................5

1.1 «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісінің тарихы.........................5

1.2 «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жалпы сипаттамасы..................9

  1. «Астана Марриотт Отель»қонақ үйінің басқару құрылымын талдау....10

2.1 Human Resources Department бөлімінің негізгі функциялары.................10

2.2 Food and beverage department және Kitchen бөлімдерінің негізгі функциялары................................................................................................13

2.3 Department of Safety and Security бөлімінің негізгі функциялары..........14

2.4 Business Center Front бөлімінің негізгі функциялары..............................15

2.5 Sales and marketing department және Financial department бөлімдерінің негізгі функциялары....................................................................................16

2.6 Rooms Division бөлімінің негізгі функциялары........................................19

  1. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жұмысына сараптама..............21

3.1 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасына тәжірибе уақытысында жүргізілген сараптама.................................................................................21

Қорытынды............................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26

Қосымшалар...........................................................................................................27

Кіріспе

Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын қолға алу керек. Еліміз дамудың нарықтық жолына түскендіктен, Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр. Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі.

Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс-салт мәселелерінен бастау алады. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы – қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды. Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға болмайды. Қазіргі кезде дамыған және дамушы мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл индустрия саласы елге келіп түсетін шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады. Қонақ үйлік бизнестің ауқымды дамуы, мемлекеттердің ұлттық шекараларынан тыс туристік байланыстармен бағдарлардың кең таралуы, қонақжайлылықтың халықаралық қонақ үйлік индустриясына айналуы халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың осы өрістегі ең жақсы ұйымдарына демеуші болатын көптеген халықаралық ұйымдарды құрудың қажеттілігін тудырып отыр. Олар қонақжайлылық индустриясының негізгі әлемдік даму бағыттарын анықтайды. Бүгінде әртүрлі профильдегі және мәртебедегі 200 астам халықаралық туристік және қонақ үйлік ұйымдар бар. Олар әртүрлі мақсаттармен тапсырмаларды орындауды көздейді, әр түрлі аталады, бірақ негізінен екі санатқа бөлінеді: бірлестіктер және кәсіподақтар болып. Олар достастықтар, бірлестік топтар, одақтар, федерациялар, комитеттер, бюро, коммиссиялар, кеңестер, клубтар және институттар болуы мүмкін. Өздерінің аталуына қарамастан бірлестіктер ортақ белгі болып келеді. Олар өздерінің мүшелеріне неше түрлі қызметтер көрсетеді.

Қонақ үйлік ұйымдарды келесі белгілер бойынша топтастыруға болады:

  • ұлттық-аймақтық: халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі әлемдік аймақтық және ұлттық деңгейде жүргізіледі;

  • қоғамдық-мемлекеттік: үкіметтік, қоғамдық және жеке ұйымдар;

  • қызмет түрі бойынша: реттеуші жеткізушілер, нарықтық агенттер, өңдеушілер, кеңесшілер, жобалы ұйымдар, оқытушы ұйымдар, кәсіпқой бірлестіктер, сауда және тұтынушылық ұйымдар;

  • қызмет өрісі бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автокөліктік және круиздік), туристік агенттер, туроператорлар, локалдық кәсіподақтар.

Осы индустрия жайлы үйренген барлық материалдарды, тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында мен 22.05.2016ж. – 24.06.2016 жыл аралығында Астана қаласы, Достық 2 мекен-жайында орналасқан ЖШС «SAAD-hotel» (Astana Marriott hotel) өндірістік практикадан өттім.

Практика мақсаты:

  • сабақ барысында алынған теориялық білімді, тәжірибе жүзінде талдап көру;

  • кәсіпорын қызметімен танысу және құқықтық-ұйымдастыру құрылымын, туризм саласындағы орнын зерттеу

  • кәсіпорынның басқару құрылымымен танысу

  • кәсіпорынның стратегиялық жоспарларын қарастыру

  • кәсіпорындағы қолданылатын электрондық жүйелер

  • кәсіпорындағы құжат айналымының жүргізілу процесімен танысу

  • кәсіпорынның соңғы 2-3 жылдағы экономикалық көрсеткіштері мен қаржылық жағдайын зерттеу

  • кәсіпорының маркетингтік іс-әрекетін қарастыру

  • кәсіпорынның персонал қызметімен танысу

  • кәсіпорынның қосымша қызметімен танысу

  • өзге атмосфераға деген бейімділік деңгейімді талдап, қонақ үй бизнесіне деген жұмыс қарқынымды бағалау;

  • келешекте болатын лекцияларға практикалық тұрғыдан дайын болу

Осы мақсаттар негізінде келесідей міндеттер қалыптасады:

  • қонақ үй бизнесі туралы теорияны қайталап, есте сақтау

  • қонақ үй бөлімдерінің функциялары мен танысу

  • қонақ үй бизнесін құруға бейімделу

Осындай міндеттерді негіздей отырып, өндірістік практикамды «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінде бастадым.