Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.05 Кб
Скачать

Қорытынды

Жалпы қорытындылай келе бүгінгі біздің қоғам өміріндегі девиантты мінез-құлқы бар жеткіншектермен жұмыс жасауды өз уақытында тиімді жоспарлап, бұл жұмыстың орындалуына аса мән берілуі керек. Өйткені, әр жыл өткен сайын, әсіресе оқушылар арасында бұл қауіпті «ауру» кең етек алып, өрістеп келеді. Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрақсыздығы салдарынан, қоғам мәдениетіндегі құндылықтардың төмендеуі, сәтсіз отбасы мен қолайсыз тұрмыстық-материалдық жағдайлар, жағымсыз қарым-қатынастар – міне, осылардың бәрі жеткіншектердегі адамгершілік құндылықтардың жойылуының алғышарттары болып табылады.

Девиантты мінез-құлық себептерін түзетудің негізгі нормадан ауытқу салдарынан деп түсіну үшін, біз арнайы зерттеу жүргізе отырып, олардың әлеуметтік және психологиялық себептерін айқындап, жеткіншектердің жас ерекшелік дағдарыстарымен байланысты себептерін де атап көрсеттік. Осыған байланысты көптеген зерттеушілердің осы аталған себептерге қатысты ой-пікірлері де дәлел. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар мен жеткіншектердің қиыншылығы әр түрлі бағыттардың сәйкессіздігінен деген қорытынды жасалып, олардың қалыпты мінез-құлықтарын жағымды мінез бітістерін қалыптастырудың негізгі «көздері» анықталды.

Девиантты мінез-құлқы бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде кейбір жағдайлардың тез шешілуі және кей жағдайлардың ұзақ уақытты алатыны, шыдамдылықты талап ететінін де іс жүзінде дәлелдеп, оларға жалпы сипаттама берілді. Әсіресе, мұнда психологиялық ақпараттарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал жасап отырды. «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беретін өзіндік таным, өзіндік талдау, өз әрекеттері мен істеріңе жауап беруде психологиялық көмек көрсету шаралары әрқашанда маңызды әрекет болып табылатындығы анықталды.

Оқу – тәрбие процесі кезінде ата-ананың да, сынып жетекшінің де ескеруі қажет жәйттерде бар. Оларға осындай жағдайды ескеру үшін, мына ұсыныстарды ұсынамыз:

  • баланың тілегі, ынта жігері;

  • баланың өзіндік қызығушылығы;

  • баланың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеруі;

  • шектен тыс қысымның түспеуі, жазалау әдісінің жоғарғы дәрежеде болмауы;

  • баланың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыра білуі.

Олардың бәрі жеткіншек бойындағы қандай да бір ауытқушылықтардың жойылуына және жеткіншектердің өзіндік реттелуіне пайдасы зор.

Біздің қоғамымыздағы осындай үлкен көлемді мәселе әсіресе оқушылар арасында белең алып отырғандығын алдыңғы тарауларда атап өттік. Осындай қолайсыз проблемаларды шешудің түйіні барлық білім беру мекемелерінің өзара әрекеті, сынып жетекшілері мен психолог, әлеуметтік педагогтар мен құқық қорғау ұйымдары, девиантты мінез-құлқы бар балаларға көмек көрсете алады деген пікірге келеді. Арнайы мамандардың сауаттандырылған ақыл-кеңестеріне құлақ асу, олардың әдіс-тәсілдерін қолдануға үгіттеу шаралары да тиісті шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Жеткіншектердің өз-өздерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауға дайындау үшін де көптеген жұмыс түрлері алға қойылды. Бұл үшін арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шараларға сынып жетекші мен психологтардың өткізу даярлығының болуы, тек мамандардың ғана емес, сонымен қатар мұндай тәрбиелеу үрдісі негізінде ата-аналардың белсенді қатысуы жүзеге асырылды.

Біздің психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын өз уақытында өткізіп тұру керектігі және тұлғаның өзінің қоршаған ортада қалыптасуына негіз болды. Мұнда әр түрлі дүниетанымдық көзқарастар мен ұйымдастырушылық принциптері, қызығушылықтары мен құндылықтары, мақсаттары да ескерілді.

Әке ұлының, ана қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың үлкенге деген сенімі күшейеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата-ана мен мұғалім баланы жан-жақты дамытуға мүмкіндік табады. Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білу де, соны дұрыс бағытқа бағдарлай білуде шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да оның ар-намысына тимей, жеке өзіндік психологиялық ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу, тындырған ісіне баға беру де қырағылық таныту, оның алдында айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан – саналы, тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады.

«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» демекші бала қандай жағдайда болсын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап әр сағат сайын оның өсіп-дамуына көп көңіл бөліп, жас ата-аналарға психологиялық, медициналық ақыл кеңес беріп, баланың дамуындағы олқылықтарды жойып, мінезін түзеп, қарым-қатынасқа қосып, өзін-өзі бағалауын сіз біз болып жоғарлатуымыз керек, бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы міндетіміз.

Сөз соңында жалпы девиантты мінез-құлық деңгейінің шешу жолдары басты мәселе екендігін ұмытпағанымыз жөн. Ол үшін алдыңғы бөлімдердегі толықтай айтылған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде іске асыру қажет және ол біріккен іс-әрекет түрінде болса ғана, бұл мәселерде ілгері жылжушылық болар еді.