Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.05 Кб
Скачать

А қосымшасы

«Телетайп»жаттығуы

Мақсаты: жетккіншектердің қайта позитивті бейімделуін, әлеуметтік бейімделуін түзейту.

Қатысушылар шеңбер бойымен қолдарынан ұстап тұрады. Сыбырлап айтушының атын айтып хат жібереді. Хат шеңбер бойымен білінбейтіндей қол қысумен беріледі. Ортадағы жүргізуші – қол қысуды байқап қалуы керек. Байқалып қалған оқушы жүргізушінің орнына барып ойынды жалғастырады.

«Ақ лента» жаттығуы

Мақсаты: өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.

Плакатқа МЕН деген жазу ілінеді, оқушылардың алдына ақ лента салынады. Оқушыларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезіңсеңіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден құтылғыңыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.

Бәрі өздерінің бойларыңдағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жабыстырып, ақ лентаны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер өртеледі.

Тақырыбы: «Сен арыстансың»

Мақсаты: бойындағы кері әсерлерден арылтып, сенімін арттыру.

Барысы: жай әуен ырғағымен көзімізді жұмып, аңдардың патшасы арыстанды көз алдымызға елестетеміз. Ол өте әдемі, ұстамды, әділетті. Бұл арыстанның аты – сенің атың сияқты күшті, аяқтары – сенің қолдарың сияқты, өткір көздері, сұлу келбеті мен шымыр денесі сенікі сияқты. Өзімізді осы арыстандай сезінейік.

Тақырыбы: "Кім күлкілі күледі?"

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі ролінің маңызы жөнінде түсінік беру.

Барысы: Оқушылар шеңбер құрып отырады, жүргізуші ертегі айтып береді. «Бір елді күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен ұарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелепберуін сұранады. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы ұзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекеттерге көмектесудің жолын қарастырады. Ертенгісін күлкі ханы күлгеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни олардың мақсаты көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күлуге үйрету. Күлдіргіштер әлем бойынша барлық жерде болып, күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерін сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуді үйренді».

Ә қосымшасы

Баяндама мазмұны

Тақырыбы: «Жеткіншек жастағы балалар психикасы», «Өтпелі кезең ерекшеліктері», «Девиантты мінез-құлықты бала қайдан шығады» баяндама

Мақсаты: оқушылар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау.

Жеткіншек жасындағыларды  тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды.  Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жеткіншек тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жеткіншек бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.

Жеткіншек осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жеткіншекдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жеткіншекдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді.  Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ. Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жеткіншек оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жеткіншек бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жеткіншекді бала деп еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды.

Әдетте жеткіншектерді  тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден  бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде  болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жеткіншекде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жеткіншек үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді.

Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жеткіншекдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.

Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі  әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын  жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.

Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.

Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде,  мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.  Жеткіншекдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен  таныстыру. Жеткіншектердің танымдық  белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның  «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді  бала бойына дарыту мақсатында  оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.

1.  Интерактивтік әдіс

2.    Топтық жұмыс

3.    Ой – қозғау әдісі

4.    Жобалау әдісі

5.    Рөлдік ойындар

6.    Шешім қабылдау әдісі

7.    Қосымша жұмысты орындау

Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі.

Жеткіншекдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға  кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.

Ата-аналарға арналған анкета

Құрметті ата-аналар!осы анкетаның жауап беруіңізді сұранамыз. Сіздер, мүмкін білесіздер балалар қылмысы үлкендердің қылмысына қарағанда тез өзгереді, балалар үлкендер қоғамның барлық әрекет жасайтынымыз жаман. Ең жақсысы – біздің балаларды бақытсыздыққа болдырмауға тырысу. Сіздердің жауаптарыңыз қоғам мәселесін әділ талқыға салып қана қоймай, балаларымыздың және өзіміздің бақытты және қауіпсіз етеді. Сұрақтар мен ұсынылған жауапты оқыңыздар. Өзіңізге жақын келетін бірнеше немесе бір нұсқаның жауабын таңдап алып, қасында тұрған цифрді белгілеңіз. Алдын-ала қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.

1.Қандай тәртіп формаларын мөлшерден ауытқу деп атар едіңіз?

А) мектепте тәртіп ережесін бұзу (сабақтан қалу, кешігу, үй жұмысын істеуден бас тарту)

Ә) үйден қашу

2.Өз балаңыздың немесе құрдастарының арасында қайсысы көп тараған деп ойлайсыз? (атап жазыңыз, бірінші сұрақтан таңдап белгілеңіз)

3. Күніне қанша рет уақыт бөлесіз? Өз уақыт бөлу сағаттарын жазыңыз.

4. сабақтан тыс бос уақытта балаңыз не істейді?

5. Сіздің ойынызша, тәртіптің мөлшерден ауытқуына негізгі себеп не?

А. Қатты әсер алуға талпыну;

Ә. Баланың ауруы

6. Балаңыздың қиын ортаға кіріп кетуінен қорқасызба?

А. Иә

Ә. Жоқ

Б. Жауап беруге қиналамын

7. Егерүрей туса, не нәрседен?

8. Сіздің пікіріңізше, неліктен жастардың қылмыс жасауы мөлшерден ауытқу болып саналады?

А. Қатты әсер алуға талпыну;

Ә. Жауап беруге қиналамын;

9.Егер Сізден көмек сұраған жағдайда қандай жәрдем берер едіңіз?

А.қолдан келген көмекті

Б. Көмек беруден аулақпын

10. Тәртіптің мөлшерден ауытқуының қандай түрлері, Сіздің ойынызша, үлкендердің араласуына талап етеді?

А. Мектепте тәртіп ережесін бұзу

Ә. Құқық бұзу