Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574 Кб
Скачать
☆

2 Жеткіншек кезеңдегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету

    1. Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлық бітістерінің төңірегінде жүргізілген анықтаушы эксперименттің сипаттамасы мен нәтижесі

Зерттеудің мақсаты: Жеткіншектік кезеңдегі девиантты мінез-құлық ауытқушылықтарының пайда болу себептерін анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы девиантты мінез-құлқы бар жеткіншекдерді түзету жолдарын қарастыру.

Міндеті:

  • жеткіншектердегі девиатты мінез-құлықты анықтап, түзету жолдарын жүргізу.

Зерттеу мерзімі. 2017 жыл, ақпан-наурыз-сәуір айлары аралығында.

Зерттеу әдістемесі: Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (ЖҮРШ) әдістемесі, заман талабына сай мақсатты түрде мектептерде әр тоқсан сайын өткізілетін оқушылардың психологиялық жай күйін анықтау мақсатында «Юнисеф» әдістемесі және Г.Роршах әдістемелері жүргізілді.

Зерттеу барысына Ақтөбе қаласының №33 қазақ орта мектептің жеткіншектері 8 «А» және 8 «Ә» сыныбының 14-15 жастағы жеткіншекдердің 46 сыналушысы қатысты. Жалпы қыздар мен ұлдардың саны бірдей болды.

Анықтаушы эксперимент зертелінушілердің бойындағы үрей мен реактивтілік деңгейін анықтауға бағытталған. Анықтаушы эксперимент жүргізу алдында зерттелінушілерді эксперименттік және бақыланушы топқа бөліп алдық. Эксперименттік тобты 8 «А» сыныбының 23 оқушысы, ал бақыланушы Б топты 8 «Ә» сыныбының 23 оқушысы құрады.

Анықтаушы экспериментке зерттеу болжамын дәлелдеу үшін Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің [63] «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (ЖҮРШ) әдістемесі қолданылды.

Мақсаты: Жеткіншектердің жеке бас ерекшеліктерін, белсенділіктерін, мінез-құлықтары мен темпераменттері байланыстылыған анықтау.

Өтілу мерзімі: 13.02.2017 жыл

Адам саны: А тобы – 23 оқушы, Б тобы – 23 оқушы

Әдістеменің сипаттамасы. Сұрақтар жиынтығы 20\20 сұрақтан тұрады. Яғни 40 сұраққа жауап беруі тиіс. Нәтижелері градация бойынша өңделеді:

20 - 30 ұпай – төмен

31 - 45 ұпай – орташа

46 - ұпай және жоғары – жоғары үрейлілік

Нұсқау: Сауалнамаға қатысушыларға 20\20 сұрақтан тұратын нұсқалар беріледі. Сізге өзіңіздің тəртіп ерекшеліктеріңізге жауап қайыру мəнеріңіз денсаулығыңыз жағдайына сай сұрақтар беріледі. Бұл сұрақтарға көп ойланып жатпай жауап беріңіз. Яғни, «А» нұсқадағы сұрақтарға: өзінің көңіл - күйін білдіретін цифрді белгілеуі керек. «1» - «жоқ, мүлде бұлай емес»; «2» - «иә, осылай»; «3» - «дұрыс»; «4» - «өте дұрыс». Ал «В» нұсқадағы сұрақтарға «1» - «ешқашанда деуге болады ; «2» - «ешқашан»; «3» - «жиі»; «4» - «үнемі» деген жауаптардың біреуін белгілеңіз.

  1. Ч.Д.Спилбергер мен ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (жүрш) әдістемесі.

Мақсаты: Жеткіншектердің жеке бас ерекшеліктерін, белсенділіктерін, мінез-құлықтары мен темпераменттері байланыстылыған анықтау.

Әдістеменің сипаттамасы: Сұрақтар жиынтығы 20\20 сұрақтан тұрады. Яғни 40 сұраққа жауап беруі тиіс. Нәтижелері градация бойынша өңделеді:

20 - 30 ұпай – төмен

31 - 45 ұпай – орташа

46 - ұпай және жоғары – жоғары үрейлілік

Яғни, ұпай деңгейлері өте төмен оқушылар – сабырлы, бойында ешқандай үрей реактивтілігі жоқ, өздерін бағалай білетін, қандай да бір істі тиянақтылық және ұқыптылықпен орындайтын және сол істі соңына дейін жеткізетін оқушыларды жатқызамыз.

Нұсқау: Сауалнамаға қатысушыларға 20\20 сұрақтан тұратын нұсқалар беріледі. Сізге өзіңіздің тəртіп ерекшеліктеріңізге жауап қайыру мəнеріңіз денсаулығыңыз жағдайына сай сұрақтар беріледі. Бұл сұрақтарға көп ойланып жатпай жауап беріңіз. Яғни, «А» нұсқадағы сұрақтарға: өзінің көңіл - күйін білдіретін цифрді белгілеуі керек. «1» - «жоқ, мүлде бұлай емес»; «2» - «иә, осылай»; «3» - «дұрыс»; «4» - «өте дұрыс». Ал «В» нұсқадағы сұрақтарға «1» - «ешқашанда деуге болады ; «2» - «ешқашан»; «3» - «жиі»; «4» - «үнемі» деген жауаптардың біреуін белгілеңіз.

Жеткіншектер бойындағы үрей мен реактивтілігін анықтауға арналған әдістеме:

А – «өзін-өзі сезіну жайлы сұрақтар».

Өзінің көңіл - күйін білдіретін цифрді белгілеуі керек. «1» - «жоқ, мүлде бұлай емес»; «2» - «иә, осылай»; «3» - «дұрыс»; «4» - «өте дұрыс».

  1. Сіз жайлы тыныштықтасыз........................................................................1234

  2. Сізге ешқандай қауіп-қатер жоқ................................................................1234

  3. Сіз күйзелістесіз.........................................................................................1234

  4. Өкінішті сезінесіз.......................................................................................1234

  5. Өзіңізді еркін сезінесіз...............................................................................1234

  6. Сіз реніштесіз..............................................................................................1234

  7. Мүмкін болатын сәтсіздіктер алаңдатады.............................................1234

  8. Өзіңізді тыныққан адам сезінесіз............................................................1234

  9. Сіз алаңдаушылықтасыз............................................................................1234

  10. Өзіңізге орын таппайсыз..........................................................................1234

  11. Сіз қобалжудасыз.......................................................................................1234

  12. Өзіңізге орын таппайсыз..........................................................................1234

  13. Сіз ашулысыз..............................................................................................1234

  14. Ыңғайсыздық пен жайсыздықты сезінесіз...........................................1234

  15. Сіз ризасыз..................................................................................................1234

  16. Сіз әбігерсіз.................................................................................................1234

  17. Жоғары қозушылықтасыз және өзіңізге жайсыз................................1234

  18. Сізге қуанышты........................................................................................1234

  19. Сізге жағымды, жақсы............................................................................1234

  20. Іштей қанағаттанғандық сезімдесіз........................................................1234

В – «Өзін - өзі сезіну жайлы сұрақтар».

«1» - «ешқашанда деуге болады ; «2» - «ешқашан»; «3» - «жиі»; «4» - «үнемі».

  1. Қанағаттандықты сезінесіз ба....................................................................1234

  2. Сіз жиі шаршайсыз......................................................................................1234

  3. Оп-оңай жылай саласыз..............................................................................1234

  4. Сіз басқалар сияқты бақытты болуды қалайсыз ба.................................1234

  5. Тез шешім қабылдай алмағандықтан жеңіліп қалған сәттеріңіз............1234

  6. Өздеріңізді жайдарлы адам ретінде сезінесіз бе......................................1234

  7. Сіз салмақты, суық қанды және жинақысыз............................................1234

  8. Алдындығы қиындықтар сізді қатты алаңдатады....................................1234

  9. Ұсақ-түйекке сіз қатты уайымдайсыз.......................................................1234

  10. Сіз толық бақытты бола аласыз.................................................................1234

  11. Барлығын жүрегіңізге өте жақын аласыз..................................................1234

  12. Сізге, өз-өзіңізге сенімділік жетіспейді....................................................1234

  13. Өзіңізді қауіпсіздікке сезінесіз..................................................................1234

  14. Қиын және сын жағдайларынан құтылуға тырысасыз............................1234

  15. Сіз сағыныш пен уайымда боласыз...........................................................1234

  16. Барлығына ризасыз.....................................................................................1234

  17. Кез-келген ұсақ-түйекке алаңдап, біз уайымдаймыз...............................1234

  18. Бір нәрседен түңілгеніңізде қатты уайымдап, ұзақ уақыт ұмыта алмайсыз.......................................................................................................1234

  19. Сіз салмақты адамсыз.................................................................................1234

  20. Өзіңіздің істеріңіз бен ұмтылыстарыңызды ойлағанда қатты қобалжисыз..................................................................................................1234

Нәтиженің өнделуі. Зерттелінуші өзін бағалап біткен соң, әдістеменің кілтіне сәйкестендіріліп, әрбір шкалаға байланысты индивидтің жинаған балы есептелінеді. Нәтижелері градация бойынша өңделеді:

20 - 30 ұпай – төмен

31 - 45 ұпай – орташа

46 - ұпай және жоғары – жоғары үрейлілік

Жағдайға байланысты және жеткіншектің жеке басына қатысты (жеке адам үрей мен реактивтілігі) көрсеткіштерін былайша көрсетеміз:

Жағдайға қатысты (ЖҚ) реактивті үрейлілігін анықтау кілті:

ЖҚ1= (3,4,6,7,9,12,13,14,17,18)-(1,2,5,8,10,11,15,16,19,20)+50

Жеке басына қатысты ЖҚ2 белсенді үрейлігін анықтау кілті:

ЖҚ2 = (2,3,4,5,8,11,12,14,15,17,18,20) – (1,6,7,10,13,16,19) +35

Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (ЖҮРШ) әдістемесінің анықтамасына орай 46-астам балл адамның үрей мен реактивтілік деңгейінің биік екенін, ал 31-ден 45-ке дан дейінгі балл орта нормаға тəн, одан аз 20-30 ұпай төменгі балл адамның адекватты емес паталогиялық бейтараптылығын, ал 20-ға дейінгі ұпай өте төмен деңгей, яғни оқушының ешқандай үрейі жоқ екенін көрсетеді. ҮД=(ЖҚ1+ЖҚ2)\2 осы формула арқылы өнделеді. Алынған нəтижелер негізінде мазасыздану деңгейіне қорытынды жасалып, сынаққа түскен оқушылардың қасиеті ретінде қаралады. Жеке адамның мазасыздануымен белгілі бір ситуацияға тəн əбігерліктін арақатынасындағы теория мəселелері талқыланады. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі мазасызданудың жұмыс кезінде оқуға тигізе алатын ықпалын азайту жолдары қарастырылады.

Төменгі деңгей – белсенді оқушылар, өздеріне сенімді, бастаған жұмыстарын соңына дейін орындайтындар, жауапкершіліктен қашпайды, сыныппен қарым-қатынасы өте жақсы, өзін басқара алу, өзің бағалай алатын оқушылар.

Орташа деңгей – бойында орташа деңгейде үрей көрсеткіштері бар, өздеріне толықтай сенбейді, істеген әрекеттерін күмәнмен жасайды, жауапкершіліктен қашады, мазасыздық орташа деңгейде байқалады, кейде достарына дөрекілік көрсетіп, өзінің жағымсыз қасиеттерімен қарым-қатынаста болады.

Жоғарғы деңгей – оқушы бойындағы үрейдің нақты түрде бар екенін, мазасыздық және қандайда бір қорқыныш сезімдерінің деңгейін көрсетеді, ашуланшақ, өзіңе басқа адамдардың көңіл аударғанын қалап тұрады, жауапкершіліктен қашады, өзің-өзі бағалауы өте төмен, өзіңе деген сенімі жоқ, өз айтқанымен жүргісі келіп, тәртіпке бағынғысы келмитін оқушылар.

4-кесте-Эксперимент тобына жүргізілген Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің әдістемесінің қорытындысы

№

Аты - жөні

ЖҚ1

ЖҚ2

қорытынды

10 сұрақтың жиыны

10 сұрақтың жиыны

1

А.А

44

29

36,5

2

А.Т

38

39

38,5

3

А.М

26

28

27

4

А.Б

33

41

37

5

А.А

43

41

42

6

Б.М

42

36

39

7

Б.Д

33

45

39

8

Б.Н

43

51

47

9

Е.Е

43

41

42

10

Е.Е

26

30

26

11

Ж.А

60

33

46,5

12

Ж.Е

43

51

47

13

И.А

41

59

50

14

Қ.А

38

39

38,5

15

Қ.Б

53

45

49

16

Қ.А

29

29

29

17

Қ.Н

34

34

34

18

С.Т

45

53

49

19

С.Ә

24

37

30,5

20

С.А

33

45

39

21

С.А

59

41

50

22

С.М

44

29

36,5

23

Т.К

38

39

38,5

Кестедегі көрсеткіштерге сүйене отырып жеткіншектердің жағдайға қатысты (ЖҚ1) реактивті үрейлігі мен жеке басына қатысты (ЖҚ2) белсенді үрейлігі байланыстығының сандық және сапалық негізін тексердік. Енді график түріндегі көрсеткішіне үңілсек:

2-сурет. Эксперименттік А тобының әдістеме нәтижелерінің орташа мәнінің диаграммалық көрінісі

төменгі деңгей:= 17%

орташа деңгей:= 52%

жоғары деңгей:= 31%

Анықтаушы экспериментке қатысқан 23 баладан 12 бала – 52% орташа, 4 бала – 17% төменгі көрсеткіштер көрсетті, ал жоғарғы көрсеткішті 7 оқушы, яғни 31% деңгейін көрсетті.

Үрей деңгейі жоғарғы, орташа жеткіншектер өзін-өзі бағалауы төмен, қандай да бір іс-әрекетіне қашанда қауіпті, жағдайларға қобалжу мен мазасыздану деңгейінде жауап береді. Көптеген психологтардың зерттеулері бойынша, соның ішінде А.Басстың, К.Лоренц, Д.Доллар, А.Бандура, А.М.Семенюктің, П.А.Ковалевтің пікірлері бойынша девиантты мінез-құлықты жеткіншектер бойында: үрейлік жағдай, жүйке қозғыштығы, мазасыздану, сенімсіздік, күдіктену, шешім қабылдай алмау сияқты психикалық жағдайлар болады. Осы әдістемені бақылау тобы 8 «Ә» сыныбына да өткіздік.

5-кесте-Бақылау тобына жүргізілген Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің әдістемесінің қорытындысы

№

Аты - жөні

ЖҚ1

ЖҚ2

қорытынды

10 сұрақтың жиыны

10 сұрақтың жиыны

1

Д.Н.

44

29

36,5

2

Е.А.

29

28

28,5

3

Ж.Ж.

43

51

47

4

Ж.А.

45

53

49

5

Ж.С.

43

41

42

6

И.А.

22

36

29

7

К.А.

33

45

39

8

Қ.З.

29

29

29

9

Қ.Б.

43

41

42

10

Қ.Л.

26

30

26

11

М.А.

23

23

23

12

М.С.

43

41

42

13

М.Д.

45

53

49

14

Н.А.

38

39

38,5

15

Н.Н.

33

45

39

16

О.Б.

43

51

47

17

О.Б.

34

34

34

18

Р.Б

26

28

27

19

Р.Н.

24

37

30,5

20

С.Г

33

45

39

21

Т.Ж.

43

51

47

22

Т.А.

44

29

36,5

23

Т.К.

38

39

38,5

3-сурет. Бақылау Б тобының әдістеме нәтижелерінің орташа мәнінің диаграммалық көрінісі

төменгі деңгей:= 31%

орташа деңгей:= 47%

жоғары деңгей:= 22%

Анықтаушы экспериментке қатысқан 23 баладан 11 бала – 47% орташа, 7 бала – 31% төменгі көрсеткіштер көрсетсе, ал жоғарғы көрсеткішті 5 оқушы – 22% көрсетті.

Жоғарыдағы әдістеменің нәтижелерінен эксперименттік А тобының 12 оқушы орташа үрей мен реактивтілік деңгейін көрсетті, яғни 100%-52-ы%, 4 оқушы төмен деңгейді, яғни 100%-17%-ын, ал 7 оқушы жоғарғы 100%-31% деңгейді көрсетті. Мұны диаграммадан байқауымызға болады. Ал бақыланушы Б тобының әдістеме нәтижелері эксперименттік А тобына қарағанда өзгеше, себебі бұл топта үрей мен реактивтілік деңгейі жоғары оқушы саны аз, яғни 100%-21%-ды көрсетті. Б тобында 100%-47%-ы орташа деңгейді көрсетсе, ал төмен деңгейді 100%-31%-ы көрсетті. Мұны да диаграммадан байқауымызға болады. Бұл көрсеткіштер, оқушыларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан біз, қалыптастырушы эксперимент

Оқушылардың үрей мен реактивтілік деңгейін алдын алу мақсатында, эксперименттік А тобына үрей мен реактивтілік деңгей жағдайларын шешу мақсатында, өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеуге арналған дамытушы- түзету эксперимент кешені жүргізілді

Сонымен қатар, оқушылардың психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында «ЮНИСЕФ» сауалнамасы жүргізілген болатын. Бұл сауалнама барлық мектептерде әр тоқсан сайын заман талабына сай өткізіледі.

Мақсаты: Оқушылардың психологиялық жай-күйін анықтау

Әдістеменің сипаттамасы. Сұрақтар жиынтығы 21 сұрақтан тұрады. Жауап беру парағында 4 нұсқада жауап көрсетілген. Ең жоғарғы деңгейді 13 балл-дан бастап көрсетеді. Яғни, төменгі деңгей: 0-3 балл аралығы, орташа деңгей: 3-12 балл аралығы, ал жоғарғы деңгей: 13 балл-дан астам болса.

Нұсқау: Әр жауапты оқып шығыңыз және өткен аптадағы Сіздің хал-жағдайыңызға көбірек сәйкес келетін нөмерлерді (0,1,2 немесе 3) шеңбермен қоршаңыз. Бұл жерде не дұрыс, не бұрыс жауаптар жоқ. Жауаптардың ешқайсысына тым көп уақыт жұмсамаңыз.

6-кесте - «Юнисеф» сауалнамасының сұрақтары

Өткен аптада...

Қатысы жоқ

кейде

Қандай бір уақытта

Қатысы бар

  1. Маған алаңдаушылықтан арылу қиын болды

0

1

2

3

  1. Мен тамағымның кеберсігенін сезіндім

0

1

2

3

  1. Мен мүлде ешбір жағымды сезімдерсезінбедім

0

1

2

3

  1. Мен тыныс алуымның қиындағанын сезіндім (мысалы, аса жылдам тыныс алу, физикалық күш түспеседе ентігу)

0

1

2

3

  1. Маған өзімді бірдеңе істетуге мәжбүрлеу қиын болды

0

1

2

3

  1. Мен орын алған жағдайларға тым қатты әсер етуге бейім болдым

0

1

2

3

  1. Мен дірілді сезіндім (мысалы, қолдарымның)

0

1

2

3

  1. Мен жүйкем тозғыш екенін (жүйке қуатымды кетіретінімді)сезіндім

0

1

2

3

  1. Өзім дүрліктірген және ақымақ ұстанатын жағдайлар мені мазалады.

0

1

2

3

10.Мен болашақтан күтер үмітім жоқ екенін сезіндім

0

1

2

3

11.Мен өршіп бара жатқан мазасыздықты сезіндім

0

1

2

3

12.Маған бойымды еркін ұстау қиын болды

0

1

2

3

13.Мен жігерімнің әлсіреуін, мұңды және жабырқаңқы көңіл–күйді сезіндім

0

1

2

3

14.Мен қолға алған ісіме кедергі жасағанның бәріне төзімсіздік пен қарадым

0

1

2

3

15.Мен байбалам салуға жақын екенімді сезіндім

0

1

2

3

16.Мен ешбір іске ынта қоятындай күйде болмадым

0

1

2

3

17.Мен өзімнің жеке тұлға ретінде ешбір құным жоқ екенін сезіндім

0

1

2

3

18.Мен аса өкпешіл болғанымды сезіндім

0

1

2

3

19.Менде немесе ешқандай күш түспеседе, жүрегімді сезінетінімді байқадым (мысалы, күшейіп келе жатқан жүрек қағысы немесе жүректің соғылмауын сезіну)

0

1

2

3

20.Мен негізсіз қорқынышты сезіндім

0

1

2

3

21.Мен өмірдің мағынасыз екенін сезіндім

0

1

2

3

0-3 ұпай аралығы – төмен деңгей- мазасыздық деңгейі байқалмайды, бойында ешқандай мәселе мазаламайды;

4-12 ұпай аралығы – орташа деңгей – мазасыздық деңгейі аз да болса байқалады, бойында оқушыны алаңдатқан мәселенің бар екенін білдіреді;

13 ұпайдан көп - жоғарғы деңгей – оқушының өзің алаңдатытын мәселесінің бар екенін, бойында мазасыздану, ренжу, біреуді кінәлау қасиетінін бар екенін көрсетеді.

7-кесте- Эксперимент 8 «А» тобына жүргізілген оқушылардың психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында жүргізілген «Юнисеф» сауалнамасысының қорытындысы

№

Тегі

Аты-жөні

Жинаған балы

1

Аймырза

Аманжол

5 ұпай

2

Алтынбаева

Тоғжан

0 ұпай

3

Альжанова

Меруерт

4 ұпай

4

Айнағұл

Байтөре

0 ұпай

5

Асқарова

Арайлым

6 ұпай

6

Баекешов

Мухтар

6 ұпай

7

Болат

Дамир

10 ұпай

8

Болатов

Нұрхан

14 ұпай

9

Ертілеу

Ержан

11 ұпай

10

Есекенова

Еркеназ

2 ұпай

11

Жақыпова

Альбина

13 ұпай

12

Жалғасов

Ернақ

15 ұпай

13

Ихтиярова

Ақбаян

13 ұпай

14

Қалдыбай

Ақжол

8 ұпай

15

Қожағұлұлы

Бекзат

12 ұпай

16

Қоштанбекова

Аружан

8 ұпай

17

Қуатжанов

Нұржігер

2 ұпай

18

Сурбаев

Темірлан

13 ұпай

19

Саматай

Әлішер

5 ұпай

20

Сабитқызы

Аружан

9 ұпай

21

Сапиев

Абылай

13 ұпай

22

Сапарова

Мадина

7 ұпай

23

Тұрлыбекова

Карина

5 ұпай

ЮНИСЕФ» сауалнамасының қорытындысы бойынша эксперименттік топ 8«А» сыныбында психологиялық жай-күйін анықтағанда, жоғарғы көрсеткен оқушылар болды. Яғни, бұл оқушылар әліде дамыту-түзету жұмыстарын қажет етеді дегенге көз жеткізіп отырмыз.

4-сурет–Эксперимент тобы оқушыларының мазасыздық деңгейінің көрсеткіші

Бұл әдістемені бақылау тобы 8 «Ә» сыныбында да жүргіздік. Бұл әдістемеде бақылау тобында мазасыздық деңгейі жоғарғы оқушылар да болды.

8-кесте-Бақылау тобында өткізілген «Юнисеф» сауалнамасының қорытындысы

№

Тегі

Аты

Жинаған ұпай

1

Даниялова

Аягөз

6 ұпай

2

Елубай

Асланбек

0 ұпай

3

Жақсылықова

Жансезім

7 ұпай

4

Жұбаниязова

Айдана

0 ұпай

5

Жумагазин

Сакен

12 ұпай

6

Имангазина

Ақжан

6 ұпай

7

Кенжеғалиева

Айдана

5 ұпай

8

Қабдуахитова

Зарина

10 ұпай

9

Қожаберген

Бекнұр

9 ұпай

10

Қуанышов

Лашынбек

2 ұпай

11

Макашева

Алима

10 ұпай

12

Маратов

Сухраб

8 ұпай

13

Мураталиева

Дильназ

13 ұпай

14

Мырзабекова

Дарина

8 ұпай

15

Наурызбаев

Алпамыс

13 ұпай

16

Нұрахан

Нұргүл

8 ұпай

17

Омар

Бекзат

12 ұпай

18

Орынбаева

Бибінұр

13 ұпай

19

Рахышұлы

Білімбек

2 ұпай

20

Раштаева

Назерке

13 ұпай

21

Сисенбаева

Гүлнұр

13 ұпай

22

Толеу

Жанжан

4 ұпай

23

Турембаева

Аружан

1 ұпай

5-сурет. Бақылау тобында өткізілген «Юнисеф» сауалнамасының пайыздық көрсеткіші

Анықтаушы экспериментте тағы бір әдістеме Г.Роршахтың [63] «Сия дағы» деп аталатын әдістемені жүргіздік. Бұл әдістемені 1921 жылы Герман Роршах ұсынған болатын.

Мақсаты: жеке тұлғаның жекелеген мінез қасиеттері және оның фантазиясы мен дарындылығының деңгейін анықтау.

Нұсқау: бұл әдістеме қағаз бетінде 18х24 см болатын орталық осьте симметриялы нақты формасы жоқ дақ бейнеленеді. Оқушылар қағаздағы бейнені көргенде нені көргендерін, яғни қандай затқа ұқсайтынын айтады.

Г.Роршах былай ойлаған, егер адам таныс емес (әлемде жоқ), аты жоқ нәрсені елестетсе, онда осының негізінде оған қандайда бір затты ойлап шығару керектігі айтылады, ал бұл затты ойлап шығару принциптері мына жағдайлармен байланысты:

  • Көрсетілген дақтың толық немесе бөлшектеп алынған ба;

  • Дақта қандай қасиеттер қолданылған (форма, түсі)

  • Ойлап шығарған нәрсе қалай аталады;

Нәтижені өңдеу: оқушылар барлық жауаптарға формальды сипаттама және мазмұны бойынша сипаттама береді.

Формальды сипаттама:

Ц бүтін – дақты бүтін қабылдаған жауап;

Д деталь – дақты басқа бөліктерімен емес бөлшектеп қабылдаған жауап;

Ф пішін – жауапта нақты пішін көрсетілген;

Фн – қабылданған заттың пішіні анық емес;

Фцв пішін-түс – жауапта форма түске қарағанда басымырақ;

Цвф түс-форма – жауапта түс формаға қарағанда басымырақ

Дв қорғаныс – көргені енжар емес, яғни динамикалық, яғни қозғалыста

Жауаптың мазмұнына қарай сипаттама:

Ж – кез келген жануар

Ч – адам, кез келген адамдар және олардың топшалары;

П – заттар

9-кесте- Г.Роршах әдістемесінің диагностикалық бағалануы

Сипаттама

Диагностикалық бағалау

Ц

Көп көлемде болса әлемді кең көлемде бағалайды. Ойлауы жақсы және абстракцияға бейім, философиялық жағынан да, шыығармашылық жағынан да қарастыруға болады.

Д

деталь басым болса (тұтастай емес) зейіннің тұрақсыздығын, ойлаудың төмендігін білдіреді. Егер детальдар басқа детальдардан тәуелсіз бөлке жасалса, онда бұл шығармашылық бағыт, детальдар өте ұсақ болса, бұл зерттелушінің үрейлену деңгейін көрсетеді. Егер таблицадағы дақтар емес, ақ фоны көрсетілсе – қорғаныс позициясын білдіреді

Ф

бұл жауапты зерттелуші көп берсе, онда ойдың сезімнен басымдылығын, ал төмен пайызы зерттелушінің импульсивтінін білдіреді.

Фдв

бұл жауаптың көп берілуі зерттелушінің ассоциативті процесінің кеңдігін, оның тәуелсіз екендігін білдіреді. (егер қозғалыс көп болса, эмоционалдығы төмен).

Цв

түстің басым болуы зерттелушінің эмоционалдылығын білдіреді. Импульсивтілік және сананың әлсіздігі

Ж

жауаптың басым болуы ойлаудың стандартталғанын көрсетеді, индивидуалдылықтың әлсіздігін білдіреді.

Ч

барлық адамдардың қарым-қатынасына қызығушылық

П

аутизмге бейім, төмен тіл табысқыштық, қарым-қатынасқа түсуге қиналу

Фан

фантазия, құрастырушылыққа бейімділік

6-сурет. Эксперимент және бақылау тобына жүргізілген Г.Роршахтың «Сия дағы» әдістемесінің қорытындысы

10-кесте-Анықтаушы эксперимент бойынша барлық әдістемелердің сандық және сапалық көрсеткіштері (%)

Деңгейлер

Эксперимент сыныбы

Бақылау сыныбы

Оқушылар саны

Пайыздық көрсеткіш

Оқушылар саны

Пайыздық көрсеткіш

Жоғары

5

22%

5

22%

Орташа

14

61%

11

48%

Төмен

4

17%

7

30%

7-сурет. Анықтаушы эксперимент нәтижелерінің диаграммалық көрсеткіші

Алынған нәтижелерді қорытындылай отырып, оқушылардың басым көпшілігінде мазасыздық деңгейінің әлі де орташа деңгейде екенін, яғни әліде үлкендер тарапынан көмек қажетсінетіні анықталып отыр. Қандай да бір істі орындау барысында, өздеріне деген сенімсіздігі, бойындағы үрей-қорқыныштары бар екені, өз-өздерін бағалау және өзіндік құндылықтарының төмен бағалауы байқалады. Сондықтан оқушының сенімділігін арттырып, бойындағы үрей-қорқынышты сейілту мақсатында сынып жетекшіге мынандай ұсыныс дасадық:

  • әр жеке оқушының қызығушылығына, тілегіне назар аудару;

  • оқушыларды сынып ұжымында бөлмей, бәрін бірлікте ұйымдастырып, әр түрлі сыныпішілік жарыстар өткізу;

  • әр оқушының толықтай әлеуметтік жағдайымен таныс болу;

  • әр балаға бірдей көқараста болып, тиімді іс-әрекет жасай алуы.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»,- демекші, жеткіншектердің тәртібіндегі ауытқушылықты түзетуден гөрі оны болдырмаудың жолдарын іздеген әлдеқайда тиімді. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу – бұл жеке тұлғаға әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейінің қорғауға, денсаулығын сақтауға, қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шараларды қажет етеді. Сондықтан жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтың алдын-алу шараларын талап етеді. Арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар нақты тапсырмаларды шешуге бағытталады. Сондықтан, қандай да бір істің нәтижелі болуы үшін, қалыптастырушы эксперименттің қажеттігін көрсетті.